• Біздің парақшалар:

«Қазақфильм» 2018 жылы киносүйер қауымға не ұсынады

«Жалпы, 2017 жыл Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы үшін өте олжалы жыл болды. Көптеген көркем, деректі, анимациялық және қысқаметражды дебюттік фильмдер түсірілді. 2015 жылда өндіріске жіберілген көптеген толықметражды фильмдердің өндірісі 2017 жылдың соңында аяқталып, қазіргі уақытта қолымызда дайын тұр. Атап айтар болсақ, 18 толықметражды көркем фильм, 21 деректі толыметражды фильм, 6 қысқа метражды дебюттік фильм және 2 толық метражды анимациялық фильмді биыл біздің киностудия халыққа ұсынады. Алдымыздағы жылы осы туындылардың барлығы көрерменге жол тартады»

Киностудия өкілінің айтуынша, 2017 жылы «Қазақфильм»  түсірген үш фильм: режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ Хандығы: Алмас қылыш», Сәбит Құрманбековтың «Оралманы», Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» атты үш фильмі прокатқа шыққан

 

 

Сілтеме:https://www.inform.kz

 

Пікірлер