• Біздің парақшалар:
  • Кунг-фу Панда 2

    Kung Fu Panda 2

Жыл:
2011
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Дженнифер Ю
Басты рөлдерде:
Анджелина Джоли , Гари Олдман , Джек Блэк , Дастин Хоффман , Джеки Чан , Сет Роген , Люси Лью , Дэвид Кросс , Джеймс Хонг , Мишель Йео
Сценарий:
Джонатан Айбел , Гленн Бергер
Продюсер:
Джонатан Айбел , Гленн Бергер , Мелисса Кобб
Жанр:
Комедия , Отбасылық , Боевик , Қызық оқиғалы , Мультфильм
Бюджет:
$150 000 000
Әлемдік табысы:
$665 668 449
Қазақстандағы табысы:
$1 500 000
Әлемдік премьера:
22 мамыр 2011
Қазақстандағы премьера:
25 мамыр 2011
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
91 минут
Суреттеме:

Кунг-фудың әлемдегі ең ұлы фанаттарының бірі - По есімді панда, ежелгі сәуегейлердің айтуынша, кунг-фу өнерін игере отырып өзінің саяхатын әрі қарай жалғастырады.

Рейтинг:

8,889

  • Дауыс бергендер: 9

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.2(233880)
  • Кинопоиск: 7.402(93131)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Ішкі тыныштығын іздеген Панда

    Бұған дейін ерекше есте қалған алғашқы бөлімінен кейін екіншісін асыға күтуші қауым аз болмады. Енді міне, ол күн де келіп жетті. Кинотеатрларда - икемсіз, аңқау, ақылсыз, алайда күлкілі Панда туралы мультфильмнің жалғасы. Бұл жолы ішкі тыныштығына тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да аса ден қойған Панданың қызықты әрекеттеріне куә болдық. Айта кету керек, зал қыран-топан күлкіге жиі-жиі батумен болды.

     

    "Кунг-фу Панда 2"-де басты кейіпкеріміздің өткен шағына куә боламыз. Лапшашы қаздың шын әкесі

    емес екенін білеміз (кадр сыртындағы ду күлкі). Кунг-фу өнерін аман алып қалу жолындағы қызықты жаңа оқиғаларын тамашай аламыз.

     

    Сюжетке тоқталу бұл жолы рецензияшы тарапынан қарастырылмаған. Өйткені әлі бұл туындыны көріп үлгермеген көрермендер үшін спойлер болып кетуі мүмкін. Осы бөліміндегі басты сюжеттік тақырып - Панданың өзін танудағы, өзінің ата-анасын білмек болудағы әрекеттері мен соған ықпал ететін оқиғалар желісі.

     

    Жаңа бөлімінде "Айдаһар жауынгері" атағын алған Панданың көпшілікке сыйлы болғанын көреміз. Оның төбелес өнеріне арналған "ерекше" жаттығуына (суреттегідей) "Үздік бестік" те үйренген секілді.

     

     

    Жалпы фильм қалай екен деген сұрақ бәрінде туындайды. Әрине, бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Авторлардың екі бөлім арасындағы бірнеше жыл үзілісті текке жібермегеніне көз жеткіздік. Графикалық безендірілуі бұрынғыдан да жақсара түскен (Әлде бұрын кейбір деталдарына мән бермедік пе?!). Шифу ұстаз Угвей тасбақаның орнына түпкілікті орналасқан сияқты. Ол да кәрі тасбақа секілді кунг-фу пәлсапасына бой алдырып, құлаған бір тамшы суды қағып алып, сол күйінде бір түп өсімдікті суарғанына куә боламыз (кадр сыртындағы ду күлкі). Бұл "ішкі тыныштық" деп аталады.

     

    Панда да ішкі тыныштықты игеруі керек. Алда тұрған биіктерді бағындырып, өшкелі тұрған кунг-фу өнерін аман алып қалуға сол арқылы ғана жетуге болады.

     

    Әлемге белгілі актерлер тобы дыбыстаған мультфильмнен мін табу қиын. Қимыл-әрекеттердің үйлесімділігі мен диалогтардың тартымдылығы көрерменін одан әрі баурай түседі. Кинотеатрдан шыққаннан соң бір ғана тілек болды: "Жалғасы болса екен!"

     

    Ернар Бекенов