• Біздің парақшалар:
  • Сұрдың елу реңі

    Пятьдесят оттенков серого

    Fifty Shades of Grey

Жыл:
2015
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Mr. Grey Will See You Now"
Режиссер:
Сэм Тейлор-Джонсон
Басты рөлдерде:
Элоиза Мамфорд , Дженнифер Эль , Марша Гей Харден , Дакота Джонсон , Макс Мартини , Каллум Кит Ренни , Люк Граймс , Джейми Дорнан , Виктор Расук , Рита Ора
Сценарий:
Келли Марсель , Э.Л. Джеймс
Продюсер:
Майкл Де Лука , Дэна Брунетти , Э.Л. Джеймс
Жанр:
Драма , Мелодрама
Бюджет:
$40 000 000
Әлемдік табысы:
$570 489 358
Қазақстандағы табысы:
〒452 484 000
Әлемдік премьера:
9 ақпан 2015
Қазақстандағы премьера:
12 ақпан 2015
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
124 минут
Суреттеме:

Анастейша Стил - Кейт есімді құрбысымен бірге тұратын қарапайым студент. Кейт бірде ауырып қалады да, одан бір миллиардерден сұхбат алып беруін өтінеді. Жас кәсіпкер Кристиан Грей мен Анастейша арасындағы әңгіме аса сәтті өрби қоймайды. Осымен екеуінің арасындағы оқиға аяқталар ма еді, егер олар дүкенде кездесіп қалмағанда...

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.1(263211)
  • Кинопоиск: 4.405(123660)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Кітабынан гөрі киносы романтикаға толы болған сияқты... Кітапта БДСМ туралы көп жазылып, жыныстық қатынасқа көп мән берілгенін білеміз, ал кино көпшілікке арналғандықтан көп сценаларды жасырған, әрине кітап бойынша түсіретін болса порно боп шығатыны анық еді. Мүмкін кітаптағыдай әрекетті күткен оқырманның киноға көңілі толмай шығып жатқанының себебі осында сияқты. Режиссер мен киноны түсіруші компанияның кітаптың танымалдығына бола кино түсіруді қолға алғаны білініп тұр...

    Стдуент қыз үлкен компанияның жап-жас басшысынан сұхбат алуға келеді, сол арқылы ол денесі, киімі, ұстанымы, өмір сүруі мінсіз Кристиан Греймен танысады. Сымбатты мінсіз жігіт махаббатқа келген кезде шорқақ, себебі оған махаббат емес махаббатпен айналысу процессі өте маңызды. Әлсіз, қарапайым қыздарды ол өзінің "құлына" айналдырғысы келеді...

    Киноға келсек, оқиға тез дамып, киноның нағыз тақырыбын тез көрсетуге тырысқандай тез-тез іске асады. Киноны көріп отырып бір жаққа асығып отырғандай әсер аласың. Кітапты оқыған кезде мінсіз, әдемі адамдарды елестесің ал кинода ондай мінсіздік байқалмайды. Анастейша Стилді сомдаған Дакота Джонсон өз ролін жақсы алып шықты, ашық көрністерде денесінің мінсіздігі анық байқалады. Ал Кристиан Грейді сомдаған Джейми Дорнан кітаптағыдан өзгеше. Ол өте мейірімді жүзі күлімдеп бейне бір мысқылдап тұрған сияқты әсер қалдырады. Кітап бойынша ол өте суық адам болуы керек еді...

    Кино әдемі, түсірілімі сапалы. Мағынасы мен сюжетке баға берудің өзі бір түрлі себебі сен киноның не жайлы екенін білесің ғой. Мораль, тәрбие бірдеме іздеп бару дегенің енді нағыз мазохистік іс-әрекет.

    Әдемі қала, биік үйлер, тік ұшақ, ұшақпен серуендеу, қымбат көлік, қымбат гаджеттер, сымбатты-романтик жігіт кез-келген қыз Анастейшаның орнында болғысы келетіндей арманға жетелейді...

    Меніңше киноға 21+ деген шектеу қою керек пе еді? Біздегі кинотеатрлардың әр бір 20 минут сайын сеанс қою табысты көп түсіріп қалудың жолы екенін білсекте, олар қатыгездік арқылы ләззат алуды насихаттап жатқандарын түсіне ме?...