• Біздің парақшалар:
  • Күлбике

    Золушка

    Cinderella

Жыл:
2015
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Midnight is just the beginning"
Режиссер:
Кеннет Брана
Басты рөлдерде:
Хелена Бонем Картер , Кейт Бланшетт , Холлидей Грейнджер , Стеллан Скарсгард , Нонсо Анози , Лили Джеймс , Хейли Этвелл , Лори Кэлверт , Дерек Джекоби , Ричард Мэдден , Софи МакШера , Алекс МакКуин , Роб Брайдон
Сценарий:
Крис Вайц
Продюсер:
Дэвид Баррон , Саймон Кинберг , Эллисон Шермур
Жанр:
Драма , Фэнтези , Мелодрама , Отбасылық , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$95 000 000
Әлемдік табысы:
$542 351 353
Қазақстандағы табысы:
〒130 252 944
Әлемдік премьера:
13 ақпан 2015
Қазақстандағы премьера:
6 наурыз 2015
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
112 минут
Суреттеме:

Әйелінен айырылған әке екінші рет үйленеді. Жаңа әйелмен еріп келген оның екі қызы көп кешікпей үйге иелік ете бастайды. Анадан жетім қалған Элла үй иесінен жалшыға айналып шыға келеді. Күні түні үйдің күл-қоқысын тазалаймын деп, өзінің өгей туыстарынан Күлбике деген атқа ие болады. Бірақ бойжаткен мойымайды, алда жарқын күндерден үміт күтеді...

Рейтинг:

6,6

  • Дауыс бергендер: 5

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.9(148336)
  • Кинопоиск: 7.081(54527)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Апта сайын ондаған фильм шығаратын Голливудтың фонында ерекше дүние жасау оңай емес екені айтпаса да түсінікті. Жаңа блокбастерлер, ремейктер, сиквелдер мен приквелдер, экранизациялар мен ребуттар. Ішінен ұнағанын таңдай бер. Ұнамағанын бір категорияға бөліп, "шаблоннан шыға алмаған" дей саламыз, "жанр дағдарысы" деп сөгеміз. Біреулері шықпай жатып ұмыт болады, біреулері екі апта бокс-офистен түспегеніне мәз. Голливуд айтатын дүниелердің бәрін айтып, қозғалмаған тақырыптары қалмағандай көрінеді кейде. Бірақ, ешқашан өлмейтін дүниелер бар екен.

    Бәсекелестік деңгейі адам баласы әлі ойлап таппаған шамаға жеткен Голливудта есте қаларлықтай туындыны жарыққа әкелу қиынның қиыны шығар деп топшылаймын. Әсіресе, бұрыннан келе жатқан шығарманың кезекті экранизациясы болса. Онсыз да белгілі дүниені қайтадан жасау ең ұтымсыз әрекет секілді көрінеді. Өйткені көрерменді соны сюжеттік желімен таңғалдыра алмайсың. Бірақ бұндай негатив болжамдарды жоққа шығаратын шығармалар бар екен.

    "Золушка". Қаншама рет сахнада қойылды, қанша рет экранға шығарылды, қанша рет оқулықтарға басылды? Бірақ өмірде мейірімділіктің бар екеніне сендіретін ертегі өз мәнін әлі жоғалтпапты. Көрерменді ғажайыпқа сенуге, ешқашан үмітіңді үзбеуге, жақсылық тек игі істер арқылы келетінін үйрететін мысал үлкенді де, кішіні де тәнті етпей қоймайды. Мысалы қарапайым, идеясы балаға да түсінікті, сонысымен де тартымды шығар.

    Өз басым, "Золушканың" осыған дейінгі нұсқаларын көрмеппін. Әлде есімде жоқ. Кеннет Брана түсірген жаңасы бұрынғылардан қатты ауытқып кетпеген шығар деп ойлаймын. Шығарманың классикалығы да осы шығар, әйтеуір қанша нұсқасы шықса да өз құндылығы жойылмайды.

    Диснейдің өзі ғажайыптар әлемі емес пе? Осыған дейінгі жобаларының барлығы өз көрерменін тауып жатады. Осы картина арқылы да аудиториясы кемімейтініне сенімдімін. Сәтті таңдалған актерлік құрам, әдемі жазылған музыка, керемет визуал эффектілер көрермендердің жаңа буынына лайықтап жасалғандай.

    Бұл ертегі әлемнің барлық елдерінде танымал. Қазақша дубляждың арқасында енді Қазақстан көрермендерінің де сүйікті фильміне айналады деп сенемін. Жас талғамайтын, ерекше әсер беретін ерекше картина іздесеңіз кинотеатрға асығыңыз. Бұл - "Күлбике".

  • Түпнұсқа ертегіден де, баяғыда түсірілген мультфильмнен де осы фильмнің ерекшелігі - кейіпкерлеріне эмоция дарытқан, сезім қосқан. Золушканың ішкі ызасын, ішіндегі сезімдер арпалысын жеткізуге талпынған. Тағдырына мойынсұнып жүре беретін ертегі кейіпкерін жек көре алатын, өзінің қорлықта жүргенін білетін, соған наразы, соған қарсылық білдіре алатын адамға айналдырған.

    Өгей шешенің қызға көрсеткен қорлығы тек үйді иеленіп, өзінен құтылудың амалы ғана емес, оның жастығын, сұлулығын қызғану екені қосылған. Сосын, интрига, сарай құпиялары сияқты шиеленістер қосуға тырысқан, бірақ ол линияны аяғына дейін жеткізе алмаған.

    Фея крестнаяның атынан оқылатын ЗКТ комментарийлер ұнамады. Қажеті жоқ еді.