• Біздің парақшалар:
  • Пидің өмірі

    Жизнь Пи

    Life of Pi

Жыл:
2012
Ел:
АҚШ , Қытай
Режиссер:
Энг Ли
Басты рөлдерде:
Сурадж Шарма , Ирфан Кхан , Табу , Рейф Сполл , Жерар Депардье , Адиль Хуссэйн
Сценарий:
Дэвид Мэги , Янн Мартел
Продюсер:
Энг Ли , Джил Неттер , Дэвид Уомарк
Жанр:
Драма , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$120 000 000
Әлемдік табысы:
$236 656 000
Әлемдік премьера:
28 қыркүйек 2012
Қазақстандағы премьера:
1 қаңтар 2013
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
127 минут
Суреттеме:

Фильмнің басты кейіпкері мұхиттың ортасында кішкентай қайық үстінде қаһарлы бенгаль жолбарысымен қалады.

Рейтинг:

8,455

  • Дауыс бергендер: 11

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.9(544972)
  • Кинопоиск: 7.822(190019)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (5)

  • Кез-келген оқиға ешқашан біржақты қабылданбайды. Бұған тағы бір рет көз жеткіздім. Әсіресе, сол оқиғаның куәгері тек бір адамнан аспаса - онда айтылған хикаяның қай жері жалған, қай жер шындық екенін ешкім ешқашан білмей өтетін болады.

    Пидің ғұмырының фильмде айтылатын бөлігі де екі жақты: қай нұсқаны қабылдау өз еркімізде.

    Сюжетте зоопарк ұстаған әкесінің арқасында жан-жануарлармен бірге өскен бала туралы баяндалады. Оның жанұясы зоопаркпен бірге Канадаға көшеді. Жолшыбай мінген кемелері аударылып, жасөспірім Пи құтқару қайығының арқасында жалғыз аман қалады. Бірақ қайықта өзінен бөлек жолбарыс бар болып шығады.

    Сюжеттегі басты айтылуы тиіс идеялық мазмұны да осы шығар: хайуанмен ортақ тіл таба отырып тар қайықта өмір сүру, жағаға аман жету. Бірақ фильмнен мен тағы бір месседж байқағандай болдым. Ол өмірде бәрі де кинодағыдай әдемі болмайды. Оны картинаның финалы анық жеткізді. Адам мен жыртқыш хайуан ешқашан дос болмайды, мейлі оларды тағдыр еріктен тыс бір бөлмеге қамап қойса да.

    Әрине, бұндай түйінді мен де қаламаймын. Мен адам мен жануар арасындағы ерекше достықты жыр еткім келіп еді, бірақ "Пидің өмірі" басқаша ой түюге итермеледі.

    Фильм оқиғасы тартымды, десек те тым созылыңқы ма деп қалдым. Білесіздер ме, судан басқа дымы жоқ жалпақ мұхиттың да әдемі табиғаты болады екен. Бұндай тамашаға 3D-ның көмегінсіз-ақ куә болдым. Стерео нұсқада тіптен ерекше әсер алатыныңызға сенімдімін.

    Әдемі кадрлар мен операторлық жұмыс үшін 10 баллдың 8-ін ойланбастан беруге болатын еді, бірақ кульминациясы үшін, дәлірек айтсақ кульминацияның жоқтығынан бұл ойдан бас тарттым. Менің фильмнен күткенім зор еді. Десек те, өмір шындығы солай, сол үшін де бас имеске тағы болмайды.

  • Фильмді көріп отырып қасымдағы құрбыма "мына байқұс бала 3 дінде жүріп аман қалды, ал бізде бір ғана дін, оның өзін бүкіл парызын орындап жүргеніміз жоқ" дедім.

    Фильмде басы тым жақсы үнді фильмі болып басталып, ортасына келгенде Маугли, тағы біраздан соң Тарзан, барыс екеуі аралға келгенде Робинзон дедім ощым. Бірақ маған ұнаған жері барыстың балаға қарамай кеткені. Қанша жерден арып-ашып, түрінен түр қалмаса да, барыс өзінің мықтылығын көрсетіп кетіп қалды.

    Жалпы 10/9 деген баға фильмге.

  • Мен үшін фильм банальный болып шықты. Адамның өмір үшін күресі, жан тәттілігі. Жануарлардың адам сияқты сезімі, өмірі бар деп білемін. Осы тұрғыда адам сезімдері мен жануар сезімдерінің ашылуы ма, байланысы ма соны көрсете білген. Жануардың да рақымшылығы болады. Рақымшыл болмаса, ол адамды неге жеп қоймады? Бірақ соңында қарамай кеткенімен бәрін басқаша түсіндіруге тырысыпты. Бәлкім, жануар шаршаған болар, тіпті рақымшылық айтуға да жағдайы болмаған шығар, бұдан философиялық астар іздегім де келмейді.

    Бар білерім, адамның жаны тәтті. Және мүмкіндік болса, оны қорғауға барын салады. Сенім және осы тұрғыда әрекет ету арқылы ол аман қалды, дегеніне жетті. Өмірде де солай.

  • Менің ойымша, бізде бір нәрсенің (адам, кино, қойылым т.б.) атынан бұрын аңызы жүреді. Осы нәрсе маған (бәлкім, көп адамға?) онша жақпайды. Нені меңзеп отырмын? "Пидің өмірі" фильмін елден кештеу көріп қалдым. Мен фильмді көрем дегенше бірталай жұрт улап-шулап, көпшілігі мақтап, "Уау! Уау!" десті. Тым мақталған не тым жаман делінген дүниеге адекватты қараудың өзі қиынға түседі ғой. Көштен қалмайын деп, бардым, көрдім. "В шоке" болған жоқпын, бірақ, ұнамады, уақытым босқа кетті деп тағы айта алмаймын. Әйтеуір, елден қалмау үшін көретін бір сәттік дырду өнім емес, астарына үңілген адамға әртүрлі ой салады екен. Маған Ричард Паркердің ойыны ұнады. Сондай-ақ, Жерар Депардьенің экранға бір сәтке жарқ этіп шығып, қайта жоқ болған "типа мардымсыз" рөліне риза болдым. Добрый шал! Осындайда тағы ойлайсың: адамдар атын жасап алғаннан кейін оның қандай рөлін болмасын, көрермен ынтызарлықпен күтеді, эпизодтық рөл болса да, "Ооо!" деп қарсы алады деп. Құрмет!

    Жаныңда сүйенер ешкімің қалмағанда жансыз затпен де сөйлесе бересің (Бұған талай әдеби шығармалар мен көркем фильмдердегі детальдар мысал бола алады). Паркер Пидің мұхит үстінде өліп қалмауына басты себепкер болды, өмірін сақтап қалды. Өзіңді біреудің қорғаны, қамқоршысы сезіну де - өмір сүруіңді тоқтатпайтын тамаша себеп. Мысалы, көп ата-аналар өмірден түңіліп кеткенде өз еркімен өмірден кеткісі келсе де, балаларын қимайды немесе керісінше дегендей...

    Ал, жолбарыстың бұрылмай кеткендігіне мен Пи құсап қайғырғаным жоқ. Қарамай кеткені дұрыс болды. Соңғы мәрте қоштасып тұрғаныңды сезініп тұрып, қимасыңа (адам, аң) қараудың өзі - қасірет. Менің ойымша, Паркер осыдан қашты (хайуандардың оған санасы жетеді деп сенемін). Менімен бірге фильмді тамашалаған бір адам айтқандай ("Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды"), Паркер "айуандығын істеп" кеткен жоқ. Соңғы сәтте басыңды тік көтеріп, өр қалпыңды сақтап қоштасудың өзі - ерлік. Пидің де, Паркердің де ет-жүрегі езіліп қиналғанының көрерменге не керегі бар?! (деп ойлаймын)

    Өзім эмоцияның адамы болғандықтан, қайық үстінде әлгі қорқаудың маймылды, зебраны жеп қойған тұсында шыңғырып жібердім. Демек, кино маған белгілі бір деңгейде әсер етті. Бордай езіліп жылайтын картинаны байқаған жоқпын. Ракурстардың көпшілігі сәтті таңдалған. Мұхит үстіндегі арпалыс, ұшатын балықтардың сюжеттері сапалы түсірілгенімен, бәрібір шынайы емес екені байқалып-ақ тұрды. Ал, мұхитта жүзетін дельфиндер, дәәәу акула, мұхиттың жоғарыдан түсірілген көрінісі керемет! Сондай-ақ, фильм басталған тұста өте бір әдемі музыкамен әрлеген фильмнің звукачтарына рыспек!

  • «Пидің өмірін» енді көрдік. Адамның табиғатпен, адаммен, жалғыздықпен, Құдаймен қарым-қатынасы жайлы, ғажайып бір мейіріммен түсірілген фильм екен. Пи – Маугли, Пи – Чак Нолан («Изгой»), Пи – Сальвадор («Шал мен теңіз»), Пи – Кириск («Теңіз жағалай жүгірген төбет»). Параллельдер көп. Бірақ тілсіз мұхитпен бір, жыртқыш жолбарыспен екі, өзіңмен үш алысу – адам рухы үшін одан қиын сынақ табу қиындау. Мұнда бірнеше түйін бар.

    1. Адам жалғыздықты көтере алмайды. «Изгойда» Том Хэнкстің кейіпкері шексіз мұхитта қалып, бейсбол добымен сөйлесетін. Пидің жанында жолбарыс бар: оған қиындау және жеңілдеу. «Жолбарыс, мен сенің арқаңда тірі қалдым».

    2. Өмірдегі ең күшті нәрсе – сенім. Күмән – сенімді қайрайды, үміт маздата түседі екен. «Құдай әділетсіз, ол мені қинағаннан басқа несі өтіп кетіпті» деген күпірліктің де соңы Жаратқанның алдында тізе бүгуімен аяқталады. «Өмір бергеніңе ризамын».

    3. Тірі жаратылысқа қиянат қылмаған баланың ашуын аяушылық, қорғаныс түйсігін мейірім жеңді. Пи, өзі әлсіз бола тұра өзінен бірнеше есе күшті жолбарыс үшін жауапты екенін түсінді. Осындай ер мінезді Пидің бір ғана кінәраты – барлық адамдар сияқты көңілшек екен. Адам жақсы көреді, бауыр басады, бірақ қайтарым болмағанда азап шегеді. «Мен аман қалғаным үшін емес, Ричард Паркердің қоштаспай кеткені үшін жыладым».

    4. Фильмнің соңында жапондар қоймай қояды ғой. «Бізге адам сенетіндей, қарапайымдау оқиға айтып беріңізші» деп. Сонда ол: «Матрос Кокты сойып жеді, менің Анамды өлтірді, сосын мен шыдамай, оның өзін өлтірдім» дейді. Жапондар үн-түнсіз кетіп қалады. Яғни адам рухының күштілігінен гөрі әлсіздігіне, ізгілігінен гөрі жауыздығына сену оңай. Кім біледі, мүмкін Пидің соңғы әңгімесі рас шығар. Бірақ "Жолбарыс бар хикаяда Құдай бар". Енді ойлаймын. Біздің кино осы деңгейге қашан жетеді... Пәлсапасы болса- картинасы жоқ, картинасы болса-ойы арзан. Қашан оңаламыз?..