• Біздің парақшалар:
  • Трансформерлер: Айдың арғы беті

    Трансформеры 3: Тёмная сторона Луны

    Transformers: Dark of the Moon

Жыл:
2011
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Майкл Бэй
Басты рөлдерде:
Шайа ЛаБаф , Джош Дюамель , Тайриз Гибсон , Джон Туртурро , Кевин Данн , Джули Уайт , Роузи Хантингтон-Уайтли , Патрик Демпси , Фрэнсис МакДорманд , Кен Жонг , Алан Тьюдик , Джон Малкович , Питер Каллен
Сценарий:
Эрен Крюгер
Продюсер:
Дон Мерфи
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$195 000 000
Әлемдік табысы:
$1 123 746 363
Әлемдік премьера:
25 маусым 2011
Қазақстандағы премьера:
28 маусым 2011
Ұзақтығы:
146 минут
Суреттеме:

Біздің кейіпкерлеріміз үшін сергелдең күндер басталды: Сэм Микаэлодан айырылады, үкімет Автоботтарды Жерден қуу туралы заңнамалық акт шығарады, ал Мегатрон Фолленнен жеңілгеннен кейін жасырып жүрген кезеңде, Кибертронның әміршісі десептикон Шокуэйв біздің ғаламшарға сапар шекпекші болады. Әрине, келу мақсатында бейбіт пиғыл жатқан жоқ. Трилогияның ақырғы бөлімінің оқиғалары тек Жерді ғана емес, көлеңкелі жағы анағұрлым қараңғы құпияларға толы Айды да қамтиды.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.2(367642)
  • Кинопоиск: 6.854(126729)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  •  

    Темір-терсек тарсылы: Жердің арғы беті

    Осы аптаның басты жаңалығы (әрине, киноөндіріске қызығушылық танытқандар үшін) “Трансформерлар: айдың арғы беті” болып тұр. Алғашқы бөлімі біздің бала кезіміздегі ойыншықтарды тірілту арқылы арманымызды орындап, өз деңгейінде фильм-революционер болса, Майкл Бэйдің бұл туындысы бірінші, екінші“Трансформерлардан” алған әсерді еселеу, үстемелеу болды.

    Шайа ЛаБефтың бас кейіпкері бұл жолы да фильмді сәтсіздікпен бастайды. Әрине, Сіздің Меган Фокстан көркі қалыспайтын Роузи Хантингтон-Уайтлимен бірге тұру сәтсіздік пе деп маған қарап бажыраюыңыз мүмкін. Дегенмен, өзің жұмыссыз жүрсең, сүйікті робот-көлігің (аты, айтпақшы, Бамблби) қауіпті қызметке кетсе, пәтерақыңды қызың төлесе, әке-шешең айтқан уақытынан бір апта бұрын келіп алып, сенің сиықсыз сұрқыңды көріп, бас шайқаса, көңіл-күйіңнің онша болмасы анық. Оның үстіне, бастығың Джон Малкович болса…

     

    Мұндай сәтте құтқаратын жалғыз ғана нәрсе бар, ол – бел шешіп әлемді, адамзатты құтқаруға кірісіп кету (бұл тек фильмның бас кейіпкеріне ғана қатысты, Сіз бен бізге трансформерларды тірілей көру бұйыра қоймас). Әрине, ол үшін жағымсыз, жағымсыз деймін-ау, жауыз кейіпкерлер – десептикондар, осыған дейінгі екі бөлімде таяқ жегенін ұмытып, “жығылған күреске тоймайдыға” салып, тағы шатақ шығаруы керек. Әрине, ол үшін қайтпас қайсар қалайыкомандир Оптимус Прайм бастаған автоботтар (арасында бағанағы Бамблби да бар) мен асай-мүсейін асынған элиталы әскердің батырлары қажет.

     

    Сонымен, тізім толық, қатысушылар келді, енді шайқасты бастаса да болады.

     

    “Трансформерлар: Айдың арғы беті” деп басталатын фильм “Темір-терсек тарсылы: Жердің арғы беті” болып бітеді (енді, біз үшін Америка Құрама Штаттары арғы бет емес пе?). Әлдебір жат планеталық (Кибертроннан келген) құрылғыны қолға түсірген десептикондардың пірі Мегатрон транспортация арқылы екі жүзден астам әскерін алдырып, Чикаго қаласын басып қалады. Оған, автоботтардың арасынан шыққан “Эйнштейн” (иии, Құдай, шын аты кім еді?) туғандарына сатқындық жасап, көмектеседі. Ойлары – кезінде отаны болған Кибертронды жерге көшіру, оны құрылғының көмегімен транспортация жасау (ара қашықтыққа қарамастан, кеңістіктің бір нүктесінен екіші нүктесіне орын ауыстыру). Өйтсе, бірақ, Жер құриды, адамдар қырылады. Алайда, өлмесе өме қапсын, ең бастысы, билік “бұзықтарда” болуы керек. Бәленің бәрі осыннан басталады.

     

    Фильм өте қызықты. Әсіресе, кішкентай кезінде аппақ ойыншықты ұстап алып “Мен белыймын, мен белыймын” деп ойнағандарға. Әсіресе, заманауи арнайы эффектілердің даму тенденциясын қадағалап, тамашалағанды ұнататындарға. Әсіресе, алғашқы екі бөлімін көріп отырып “ооох, елки” дегендерге.

    Мойындау керек, үшінші бөлімі әсерлілігі жағынан жақсы шыққан. Егер, “Трансформерлар” мен “Трансформерлар: жеңілгендердің кегінде” роботтардың шайқасы аздап мультипликациялық дүниені еске салса, бұл жолғысы бүге-шігесіне дейін тәппіштеп көрсетеді. Мәселен, жол бойында атысып келе жатып, Бамблбидің Сэмді (Шайа ЛаБеф) лақтырып жіберіп, роботқа айналып, кедергіден секіргенен кейін, қайтіп көлік бола қалуы. Мәселен, жылан секілді алып десептиконның шайқасы. Мәселен, “Матрицадан” кейін аса танымал болған “Bullet time” (камераның қалыпты қозғалысына қарамастан, экрандағы қозғалыстың баяулауы) эффектісінің көрсетілетін кезінде, роботтардың болатын шайқасы.

     

    Экшн көремін деген жанға мұнда бәрі бар. Әрине, шашыраған алқызыл қан жоқ, бірақ, лақылдай төгілетін машина майы мен тосол бар. Әрине, “массовка” жоқ, бірақ, алып роботтардың шайқасы анау-мынау тарихи фильмның “файнал батлын” ауызға ұрып кетеді. Әрине, Меган Фокс жоқ, бірақ, Роузи Хантингтон-Уайтли бар…

    Көруге кеңес беремін. Үлкен экраннан қараңыз. Әсеріңіз толықмәнді болады. Оның үстіне, Майкл Бэй (режиссер) мен Стивен Спилбергтің (продюссер) дуэті жаман дүние ұсынбайды.

    Бірақ, актерлардың мықты ойынын көремін деп күтпеңіз. Мұндай фильмге оның аса қажеті де жоқ.

    Сосын, тым пафосты, тым гуманды туынды болып көрінуі мүмкін, бірақ, бізге кейде осы қасиеттер жетпей жатады емес пе…