• Біздің парақшалар:
  • Рэкетир 2

    Рэкетир 2: Прошлое не отступит

Жыл:
2015
Ел:
Қазақстан
Слоган:
"Прошлое не отступит"
Режиссер:
Ақан Сатаев
Басты рөлдерде:
Жан Байжанбаев , Төлеубек Аралбай , Фархат Әбдірайымов , Азамат Сатыбалды , Дәстен Шәкіров , Гайдар Гильманов , Санұржан Сүлейменов , Әсел Сағатова , Максим Акбаров , Саят Исембаев , Аян Өтепберген , Аружан Жазылбекова , Жанар Дұғалова
Сценарий:
Тимур Жақсылықов
Продюсер:
Ақан Сатаев , Анна Чакиртова
Жанр:
Драма , Боевик , Қылмыстық
Бюджет:
$700 000
Қазақстандағы табысы:
〒212 172 880
Әлемдік премьера:
23 мамыр 2015
Қазақстандағы премьера:
28 мамыр 2015
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
91 минут
Суреттеме:

Ол кек алу үшін оралды. Енді ол қателікке жол бермейтіні сөзсіз және оның кегі бұрынғыдан да қатыгез болады.

Рейтинг:

7,4

  • Дауыс бергендер: 5

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.2(124)
  • Кинопоиск: 6.601(2986)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Сөзімді халыққа арнаумен бастағым келеді:

    - Жалғасын сұраған өздерің. Енді анау жаман, мынау жаман дей бермей, қалай болып шықты - сол күйінде ың-шыңсыз қабылдап, үнсіз жұтыңдар.

    Ал не күтіп едіңдер? Онсыз да логикалық тұрғыдан аяқталған фильмнің жалғасын талап етудің соңы қандай нәтижеге алып келетінін енді біліп жүретін боласыңдар. Бірінші фильм берген әсерді екіншісі қайталай алмайтыны онсыз да белгілі еді, енді суперкино күтудің өзі артық сияқты.

    Менің бұл сөзімнен екінші бөлім тым нашар дегенді білдірмейді. Әрине, аз да болса өрлеу бар, заманға сай өзгеріс бар. Бірақ бәрін құртқан "сериал әртістері" болды. Бұларды мен солай атаймын: Аружан Жазылбекова, Дәстен Шәкіров, Аян Өтепберген. Жарайды, Өтепбергеннің дебюті кинодан басталды, ал қалған екеуі күні-кеше республикалық арналардың тапсырысымен аутсорсерлер түсірген мини-сериалдардың актерлері ғой. Оның үстіне орысша акценттері "ұрып" тұр, аздап тіл жаттықтырулары керек пе еді.

    Сәйкесінше, Қазақстан сериалдарына тән мағынасыз диалогтар, ешбір нәтижеге алып келмейтін, немесе нәтижесі маңызсыз қимыл-әрекеттер бүкіл хронометраждың жартысын алды. Тіпті, көп бөлімнен тұратын детектив көргендей әсерде болдым.

    Ал бұл өз кезегінде сюжеттің баяндалу стилін мүлдем басқа арнаға бұруға себеп болған тәрізді. Естеріңде болса, түпнұсқа көп жағдайда бірінші жақтан әңгімеленетін, ал оқиғалар геометриялық қарқынмен жоғары өрлейтін. Яғни, өрбудің нақты схемасы құрылған еді. Бұл жолы бәрі тым баяу, сериалдық жолмен жүреді.

    Шамамен, фильмнің орта тұсынан аса бастағанда ғана нақты әрекеттер мен шешуші сәттер орын ала бастайды.

    Жан Байжанбаев пен Саят Исембаевтың әртістігіне тұрып қол шапалақтауға болады. Ақан Сатаевқа культқа айналған кейіпкерлерді қайта "тірілткені" үшін мың алғыс.

    Сонымен, сиквел жасауға тұрарлық па? Иә, тұрарлық.

    Сиквел өз мақсатына жетті ме? Меніңше, жоқ.

    Бірақ менің бұл сөздерім үлкен кассаға кедергі болмасы анық, жұртшылық бәрібір көреді, бәрібір барады. Ендеше көрісу құтымен болсын. Ал мен екінші рет көрмеймін.