• Біздің парақшалар:
  • Азат етілген Джанго

    Джанго освобожденный

    Django Unchained

Жыл:
2012
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Квентин Тарантино
Басты рөлдерде:
Леонардо ДиКаприо , Уолтон Гоггинс , Квентин Тарантино , Кристоф Вальц , Джейми Фокс , Керри Вашингтон , Сэмюэл Л. Джексон , Деннис Кристофер , Джеймс Римар , Майкл Паркс , Дон Джонсон , Франко Неро , Джона Хилл , Лаура Кайот
Сценарий:
Квентин Тарантино
Продюсер:
Реджинальд Хадлин , Пилар Савон , Стейси Шер
Жанр:
Комедия , Драма , Қызық оқиғалы , Вестерн
Бюджет:
$100 000 000
Әлемдік табысы:
$424 983 399
Қазақстандағы табысы:
〒81 603 571
Әлемдік премьера:
25 желтоқсан 2012
Қазақстандағы премьера:
17 қаңтар 2013
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
165 минут
Суреттеме:

"Дантист" деген лақап аты бар ақылы түрде қылмыскерлерді жоюмен айналысатын Кинг Шульц Жабайы батыста қауіпті банданың көзін құртпақ болады. Оған бұл іске сенімді көмекші қажет. Осы кезде қашып жүрген Джанго есімді құлды кездестіреді. Десек те, жаңа көмекшінің бұл іске қатысты өз есебі бар.

Рейтинг:

9,25

  • Дауыс бергендер: 8

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 8.4(1111244)
  • Кинопоиск: 8.178(317783)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Қайғылы кезең туралы қияли фильм 

    Баяғыда, осыдан бес-алты жыл бұрын Тарантино құлдық кезеңді кеңінен ашып көрсететін спагетти-вестерн кино түсірсем деген ойын айтып, онысын американдықтардың сол уақыт бойынша әлдене деуге ұялатындықтарымен байланыстырғанында бірқатар киносыншылар іш жиып қалған екен.

    Қайдам, меніңше, өзінің бала-армандарын экран бетінде жүзеге асырып жүрген "кішкентай" Квентин сол мақсатын 99 пайызға орындаған секілді.

    Голливуд кино фестивалінің "Үздік сценарий", АҚШ киносыншылары ұлттық кеңесінің "Екінші пландағы үздік актер" (Леонардо Ди Каприо), "Жылдың үздік он фильмінінің қатарына кіру", "Алтын глобустың" "Үздік сценарий", "Екінші пландағы үздік актер" (Кристоф Вальц) секілді бірқатар байқау номинациялары бойынша жеңіске жеткен, толып жатқан бағыт бойынша үміткер болған және "Оскардың" біреу емес, екеу емес, бесеуінен дәметіп отырған "Азат етілген Джанго" туралы жүрдім-бардым әлдене деу қиын.

    Тек Тарантино ғана фашизм, құлдық секілді ауыр тақырыптарды мысқылдай күліп, ішін сыртына айналдырып, көрерменге күлкі мен қайғы балансын сақтап ұсына алады.

    Фильмнің сюжеті ескіден де ескі аңыз-әңгіме сипатында: құлдықтағы Джанго есімді жігітті "Дантист" Кинг Шульц оригиналды тәсілмен сатып алып, өзіне серік етеді. Бас бостандығынан айрылған әйелін құтқармақ болған Джанго Шульцтың көмегімен қара нәсілді құл атаулыға қырын қарайтын байшыкеш Кэлвин Кэндидің иелігіне барады.

    "Азат етілген Джангоны" өз басым Тарантиноның аса сәтті туындысы деп қабылдай алмаймын. Бірақ, жалпы алып қарағанда жоғары бағаға лайық-ақ фильм. Оған ең бірінші кезекте актерлардың ойыны "кінәлі".

    Джейми Фокс (Джанго) пен Керри Вашингтонның (әйелі - Брумхильда фон Шафт, ахаха, өлтіреді) шеберлігі өзге жастарына жетпей мэтр атанған актерлардың жанында солғын тартып қалғандай көрінеді. Дантист болған Кристоф Вальц та, аяр мінез Кэндиді керемет сомдаған Ди Каприо да, қаныңды қарайтып, жыныңа тиіп бітетін үй шаруашылығын басқарушы негр Квентин рөлінің "парша-паршасын" шығарған Самюэл Л. Джексон да экрандағы актерлік ойыннан ләззат алуға жағдайыңды жасап, жаныңды тындырып береді.

    Бұған қосымша эпизодтық немесе екінші пландағы көзге сиректеу түсетін актерлардың колориттілігін қосыңыз.

    Актерлік ойыннан бөлек "Азат етілген Джанго" менің есімде екі дүниесімен есте қалды, ол - костюмерлер жұмысы және композиторлары. Он тоғызыншы ғасырдың оқиғасына "Нига, нига" деген рэп апарып қосып қою қаншалықты қисынға келмейтін секілді болса да, Тарантино туындысына әдемі жарасып-ақ тұр.

    "Биллді өлтірудегі" секілді "Азат етілген Джангода" да сіз оңды-солды лекілдей төгілген қанға "қарық боласыз". Оны тым жүрегіңізге жақын қабылдамауға кеңес беремін, бұл процесті шынайылықтан гөрі режиссердің өзіндік спецификасы бар әзілі деп түсінген дұрыс шығар.

    "Тарантино коктейлі" қабылдауға әрі оңай, әрі қиын: бір қарағанда жекелеген элементар қалжыңдар мен кадрлардың дым мән-мағынасы жоқ болып көрінгенімен, жалпы фильмнің құрылымы тұңғиық терең ойға жетелеп кетуі мүмкін.

    Бір нәрсе анық: "Азат етілген Джанго" осыған дейінгі режиссердің көп дүниесі секілді культтық туындыға айналары сөзсіз.

  • Эх, Джанго!

    «Азат етілген Джангоны» кеше торрентпен жүктеп алып, компьютерден көрдім. Мүмкін, бұл менің кемшілігім шығар: әрдайым көретін фильм таңдағанда, оның ұзақтығына зер саламын. 1 сағат 40 минуттан асатын фильмдерге «ішім жыли қоймайды». Әрине, сюжеті қызық болып, фильмнің ішіне кіріп кетіп, уақытты ұмытатын болсаң, онда әңгіме бөлек.

    Ең бірінші, фильмді кинотеатрдан көрмегеніме қуандым. Өйткені, 3 сағат ішінде тыпыршып, орнымнан тұрып кетуім бек мүмкін еді. Димаш Зиядин фильмнің 5 «Оскардан» дәмелі екенін жазыпты. Несі бар, алсын! Бірақ, бірнешеуін емес, бір-екеуін ғана)))

    Фильм тым ұзақ, созылыңқы. Мысалы, бір Джангоны таңдап алып кету үшін Кинг Шульц айналшықтап қанша жүреді. Туынды енді ғана басталып келе жатқандықтан, «Сосын не болады екен?» деген тағатсыздықпен келесі оқиғаларды күтесің. Қысқасы, «Джангоны» көрген соң «Охотники за головами» деген қандай аңшылар, соны түсінесің. Қара нәсілділердің азапты өміріне және «ақ адамдардың» үстемдігіне тағы бір рет көз жіберіп, (көрермен ретінде) құлдармен бірге қиналасың. «Мен осы уақытқа дейін ешкімді босатқан жоқпын. Ал, егер, оған еркіндік берсем, ісімді аяғына дейін жеткіземін» дейтін «Дантист» Кинг Шульцтің Джангоны әйеліне қосам деп жүріп, өзін өлімге қия салатын жақсылығына риза боласың.

    Кэлвин Кенди! Ооо, ди Каприо! Лео осы жолы өзінің кемелденіп келе жатқанын тағы да бір рет дәлелдеді. Біздің көз алдымызда «Титаник» не «Поймай меня, если сможешь» фильмдері арқылы балаң жігіт боп қалып қойған Лео өзінің «шау тартып келе жатқандығын» кейіпкерлері, олардың типажы, іс-әрекеті арқылы да шебер көрсетіп жүр. Былайша айтқанда, жыл өткен сайын әртістің жасымен бірге рөлдері де есейіп, егде тартып келеді.

    Алдыңғы рецензенттің «Джейми Фокс (Джанго) пен Керри Вашингтонның (әйелі - Брумхильда фон Шафт, ахаха, өлтіреді) шеберлігі өзге жастарына жетпей мэтр атанған актерлардың жанында солғын тартып қалғандай көрінеді» деген пікіріне онша келіспеймін. Біз әдетте американдық туындылардан басты рөлде «звездопад» күтеміз. Мысалы, Николас Кейдж бен Джон Траволта тандемі немесе Роберт де Ниро, Дрю Бэрримор, Кэйт Бекинсэйл үштігі деген сияқты. Әр фильмде осылай «жұлдыз жауа берсе», кинодағы аса танымал емес әртістер олардың көлеңкесінде қалды деп есептей бермейміз ғой. Керридің рөліне көңілім толды. Әсіресе, оның құдық ішінде қиналатын тұсы, тілім-тілім болған арқасын көрсеткен тұста жылағаны...

    «Джангода» қан көп төгілген, жиіркенішті. Әсіресе, соңғы минуттарда Джангоның барлық үй қызметкерлерін қырып салатын тұсы маған ұнамады. Әнебір құлды итке талататын тұсы, Джангоның әкелі-балалы екеуді алыстан бақылап, баласының көзінше әкесін атып тастайтыны, Кендидің Бромхильданың шүйдесіне балға қойып, қорқытатын тұсы – тұнып тұрған қатігездік(((

    Ал, ұнағаны: өнебойы фильм ритміне ілестіріп отыратын ойнақы әуендер. Туындының тек қоңырқай-қара фонда өтетіндігі ескі ғасырлар аурасын сездіруге тырысып баққандығын байқатады.

    «Джангода» маған ұнаған кейіпкерлер сөзі:

    «Черт побери! Мы ведь устраиваем налет. Я ничего не вижу, вы ничего не видите! Главное, чтобы лошади видели» (Бастарына қалай болса, солай тігілген қалта киіп алған тобырдың сөздері)

    «Кем бы вы меня не считали, я им не являюсть» (Кинг Шульц Кендиге)

    «Знаешь, как они будут тебя называть: Самый быстрый стрелок на юге» (Кинг Шульц Джангоны жігерлендіру үшін айтады)

    «Если обратиться к своей щедрости... А не знаю, с чего вдруг быть мне щедрым?» (Джанго дастархан басында құлдарды сатып алуға қатысты айтады)

    ...Аман болшы, Кв ентин Тарантино!)))