• Біздің парақшалар:
  • Дублер

Жыл:
2012
Ел:
Ресей
Режиссер:
Евгений Абызов
Басты рөлдерде:
Людмила Артемьева , Александр Ревва , Кристина Асмус , Дмитрий Хрусталев , Татьяна Орлова , Ксения Буравская , Александра Кимаева , Евгений Шиманович , Алексей Рязанцев , Юлия Гришина , Михаил Крылов , Варвара Малкова
Сценарий:
Сергей Мохначев , Павел Карнаухов
Продюсер:
Георгий Малков , Гевонд Андреасян , Владимир Поляков
Жанр:
Комедия
Бюджет:
60 000 000 руб.
Әлемдік премьера:
10 қаңтар 2013
Қазақстандағы премьера:
10 қаңтар 2013
Жас шектеуі:
Е16 - Он алты жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Суреттеме:

Хикаяның бас кейіпкері - танымал актер, шоу-бизнес жұлдызы Игорь Успенский. Оның өмірі түсірілімдерден, концерттерден, презентациялардан, корпоративтерден, сұхбаттар мен сауық-сайраннан тұрады. Ол күні-түні дамыл таппайды, ол үшін демалыс пен мереке күндері жоқ. Оның әйелі мен қызы отағасын тек түнде ғана көреді. Еңбегі де елеусіз қалмайды. Бірде Игордің кандидатурасын "Жыл адамы" сыйлығына ұсынады. Енді оған бұрынғыдан да көп уақыт пен тер төгу қажет. Өйткені ол өзінің бақталасы - Ресейдің бүкіл әйелдерін әдемі әндерімен өзіне қаратқан әнші Михаил Стасовты жеңуі тиіс...

 

Мәскеу түбіндегі қалада Игорь Успенскийге қатты ұқсайтын Сева есімді жігіт өмір сүреді. Ол сұлулық салонында массаж жасаушы болып жұмыс істейді, Сергей Валерьевич есімді итімен бірге тұрады. Ол өміріне риза және жұлдызбен ұқсастығын мойындағысы келмейді. Бірде салонның директоры Севаны өздерінің жарнама ролигіне түсуге көндіреді. Жарнамада Сева Игорь Успенскийдің кейпінде салон клиенттеріне массаж жасап тұруы тиіс. Бұл ролик интернетке тез тарап кетеді. Бұны Успенский де біледі. Өз уақытының үнемі жетпейтінін ескеріп, Успенский Севаға өзінің дублеры болуды ұсынады. Сева оның рөлінде корпоративтер мен кештерге қатысуы керек. Сева ұсынысты қабыл алғаннан кейін шоу-бизнестің бейтаныс әлеміне тап болады, енді оны қызық оқиғалар күтіп тұр...

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.9(688)
  • Кинопоиск: 5.157(35395)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)