• Біздің парақшалар:
  • Шлагбаум

Жыл:
2015
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Жасұлан Пошанов
Басты рөлдерде:
Еркебұлан Дайыров , Азат Жұмаділ , Дидар Қаден , Элина Шакеева , Алдабек Шалбаев
Сценарий:
Жасұлан Пошанов , Әділхан Ержанов
Продюсер:
Асқар Ұзабаев
Жанр:
Драма
Бюджет:
$15 000
Әлемдік премьера:
21 маусым 2015
Қазақстандағы премьера:
8 қазан 2015
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
62 минут
Суреттеме:

Рауан сәулетті тұрғын үйдің тұрағында жұмыс істейді. Айдар өзінің қымбат көлігімен күн сайын оның жанынан өтеді. Олар бір қалада тұрады, бір аулада ұшырасады, бірақ оларды алшақтатып тұрған құрдым бар. Олардың арасында бай мен кедейді бөлетін шлагбаум тұр. Бірде екі кейіпкердің әлемі түйіседі.

Рейтинг:

6,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 5.608(64)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Фильм түрлі әлеуметтік ортадан шыққан екі адамның ортақ қырына баса назар аударған секілді. Екеуі де белгілі бір мақсатқа жетуді ойлайды. 

    Бірінші жағдайда - күзетші-спортшы. Тұрмыстың тауқіметін тартып жүр, бірнеше жерде жұмыс істейді. Сондықтан да үнемі ұйқысы қанық емес. Інісімен бірге жақсы өмірге қол жеткізгісі келеді. Қазіргі жағдайын уақытша деп қабылдайды. Сонысымен қоймай, сүйікті боксын тастағысы келмейді, халықаралық жарысқа қатыссам мүмкін жағдайым түзеліп кетер деп ойлайды. Бірақ! Күн сайын қайта айналып келе беретін өміріне өзі де бой үйретіп алған секілді. Өмірінде ешқандай өзгеріс жоқ, сол қайталанып жүріп жатқан тіршілік. Әрине бұндай «кішкентай» адамға бірнәрсені тез арада өзгерте салу қиын. Десек те кейіпкердің енжарлығын әдетке айналдырып алғанын көреміз. 

    Екінші жағдайда – байдың баласы. Озық оқу орнында студент. Басқа тірлігі жоқ. Әкесі берген жақсы пәтерде тұрады, әкесі берген жақсы автомобиль мінеді. Десе де түбінде өз күшіммен жетістікке жетемін деп өзінше мінез көрсетіп қояды. «Әкесінің баласы» атануды ар санайды. Бірақ арғы жағында ондай ой жоқ. Себебі стимул жоқ, мотивация жоқ, оның қолында бәрі бар, бәрі дайын. Сол себепті сырттай тәуелсіз бала болуға тырысқанымен, ішкі түйсігі бұның бәрі бос сөз екенін түсінеді. 

    Екеуі өмірде тек шлагбаумның жанынан ғана кездеседі. Біреуі шлагбаум арқылы көлігімен әрлі-берлі өтеді, яғни шлагбаумның қызметін пайдаланады, екіншісі сол шлагбаумның арқасында нанын тауып отыр, яғни шлагбаумға қызмет етеді. Былай қарасаң, екеуін бұдан басқа ешнәрсе байланыстырмайтын секілді. Бірақ екі кейіпкерге ортақ бір қасиет бар – екеуі де өмірін өзгертуге себеп болатындай ештеңе істемейді. 

    Кинокартина сондай-ақ әлеуметтік ортасы мен өмір салтына қарамастан, адамдардың тағдыры бір-біріне байланысты екенін жеткізгісі келген секілді. Мысалы, бір негатив оқиға сәлден кейін сол секілді бірнеше оқиғалар тізбегіне алып келеді. Былайша айтқанда – тізбекті реакция, әлде көбелек эффектісі. 

    Бұл мәселенің түп-төркіні - өзгеге назар аударудан қалғандығымыздан. Өзгені танығымыз келмейді, дәл қазіргі сәтте қажет адамды ғана мойындаймыз. Әр адам өзінше бір әлем екен, жұпыны киінген немесе күзетші формасын киген, сырт көзге біркелкі көрінетін адамдардың әрқайсысы өзінше бір тұлға: біреуі шығыс философиясымен айналысады, біреуі тәп-тәуір боксшы, біреуі суретті жақсы салады. 

    Фильм біртұтас атмосферасымен, әдемі музыкалық әрлеуімен таңғалдырды. Әрине «Шлагбаум» бұқаралық кино сипатына ие бола алмас, бірақ суретшінің айтқысы келген ойын, берер тәмсілін кез-келген көрермен қабылдай алады деп сенемін.

  • Кино маған өте ауыр әсер етті. Білмейм, мүмкін өмірдің соншалықты қатал болатынын түсінгендіктен де шығар... Ақша билеген қоғам біздің елді ғана емес әлемді ұстап тұрғандықтан көп ақша табуға ұмтылудан басқа әрекет жоқ екенін мойындаймын...

    Кино белгілі бір кезеңді ғана суреттейді, ол жерде сізге кедей жігіттің де бай жігіттіңде жеке бір мінезін танып бітпейсіз, үлгермейсіз, 1 сағаттық фильм көз алдыңыздан тез сырғиды. Бірақ, осы уақыттың ішінде сіз өмірдің ақшаға байлауы екенін түсінесің...

    Өмірлерінде шлагбауымның қасында ғана кездесетін екі жігіттің болмайтын нәрсе үшін төбелесіп, артынан ауыр қылмысқа баратынын байқайсыз. Кинода да өмірдегідей бай жеңіске жетеді.

    Білмейм өзім киноға тоймай қалғандай әсерде болдым, кино түсініксіз аяқталды. Бай жігіттің мақсатына не болды? Ары қарай өзің қалағаныңша құрап ал дейтін кинолар ұнамайды....