• Біздің парақшалар:
  • Қара месса

    Черная месса

    Black Mass

Жыл:
2015
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Скотт Купер
Басты рөлдерде:
Джонни Депп , Рори Кокрейн , Кори Столл , Бенедикт Камбербэтч , Джоэл Эдгертон , Джуно Темпл , Джесси Племонс , Кевин Бейкон , Питер Сарсгаард , Адам Скотт , Джулианна Николсон , Дакота Джонсон , Дэвид Харбор , У. Эрл Браун , Билл Кэмп
Сценарий:
Джез Баттеруорт
Продюсер:
Брайан Оливер , Джон Лешер , Скотт Купер , Патрик МакКормик
Жанр:
Драма , Қылмыстық , Өмірбаян
Бюджет:
$53 000 000
Әлемдік премьера:
4 қыркүйек 2015
Қазақстандағы премьера:
29 қазан 2015
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
122 минут
Суреттеме:

Бостоннан шыққан атақты гангстер Уайти Балджердің өміріне арналған фильм. Ол 16 жыл бойы қашып жүрді, 2011 жылы қолға түсті. Балджердің жасы қазір 80-нен асты, оған рэкет жасады, 19 адамның өліміне қатысы бар деп айып тағылды, десек те ол Федералдық тергеу бюросының жансызы ретінде де жұмыс істеді. 

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.9(159163)
  • Кинопоиск: 6.588(49178)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Джеймс "Уайти" Балджер гангстер тематикасын ұнататын кез-келген саналы адамға таныс болуы тиіс. Бостоннан шыққан ең атақты қылмыскер туралы фильм шығады дегелі бері біршама қызығушылық оянғаны рас, фильмнің релизін асыға күтпесек те, көру керек деп белгі қойылғандар тізімінде еді.

    Оның үстіне басты кейіпкерді Джонни Депп сомдайды деген соң ерекше бірдеңе күтесің ғой. Актердің осыған дейін тағы бір атақты бандит Джон Диллинджерді сомдағаны белгілі. Оның гангстер тематикасына қайтып оралуының қызық жайт қой.

    Екі сағатқа созылған фильмде динамика жетіспегендей болды. Бірсарынды өрбитін сюжет аздап жалықтырып жіберген сияқты. Бірінші санаттағы актерлердің қатысқанына қарамастан, олар сомдап шыққан екінші деңгейлі кейіпкерлердің тым көптігі басты нәрселерді аңғаруға, негізгі детальдарға көңіл бөлуге кедергі келтірді. Бұл сюжеттік желіні тарамдатып, түрлі кейіпкерлерге тоқталатындай сериал емес қой.

    "Қара месса" - Скотт Купердің үшінші толықметражы екен. Мен оны "Out of the Furnace" триллері арқылы білемін, және бұл фильмін әзірге "Қара мессадан" жоғары қоямын.

    Қатты гримделген Джонни Деппті де мақсатына жетті деп айта алмаймын. Түрін жасыру үшін әдейі маска киіп алғандай әсер берді. Басты кейіпкерге қатысты ешқандай сезім болмады, әдетте не сол үшін жаның ауырады, не оны жек көріп отырасың. Бұның біреуін де сезіне алмадым. Соңғы 15 минут қана фильмді ақтап алуға аздап себеп бола алатын секілді.