• Біздің парақшалар:
  • Гангстерлік жасақ

    Охотники на гангстеров

    Gangster Squad

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Слоган:
"No names. No badges. No mercy."
Режиссер:
Рубен Флейшер
Басты рөлдерде:
Энтони Маки , Джованни Рибизи , Брэндон Молале , Эмма Стоун , Джош Бролин , Райан Гослинг , Ник Нолти , Майкл Пенья , Роберт Патрик , Шон Пенн , Холт МакКэллани , Мирей Инос , Салливан Степлтон , Джон Полито , Ивэн Джонс
Сценарий:
Кевин МакКормик , Уилл Билл
Продюсер:
Дэн Лин , Майкл Тадросс
Жанр:
Драма , Триллер , Боевик , Қылмыстық
Бюджет:
$60 000 000
Әлемдік табысы:
$105 200 903
Қазақстандағы табысы:
〒23 744 510
Әлемдік премьера:
7 қаңтар 2013
Қазақстандағы премьера:
24 қаңтар 2013
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
113 минут
Суреттеме:

Лос-Анджелес, 1946 жыл. Бруклиннен шыққан Микки Коэн есірткі, қару-жарақ және жезөкшелер саудасымен айналысып, қаланы өз бақылауында ұстап отырған қандықол банда басшысы. Оны баскесерлер ғана емес, сатқын полицейлер мен саясаткерлер де қолдайды. Оның көшедегі кез-келген полицейге әмірі жүреді, бірақ оған қарсы тұра алатын да сақшылар бар екен. Лос-Анджелес полиция депатаментінде сержант Джон О’Мара мен Джерри Вутерс бастаған қызметкерлердің жасырын тобы Коэннің қылмыс әлемін жою үшін күш біріктіреді.

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.7(196623)
  • Кинопоиск: 7.011(69063)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Нағыз гангстерлік фильм

    Американың 1940-50 жылдары біздің қазіргі Қазақстанды еске түсіреді. Сатылмалы полиция, жемқор саясаткерлер, қарақшылар мен бандиттердің үстемдігі. Кінәліні табуға мұрша бермейтін шиеленіскен осындай қоғамдық-саяси жүйеден құтылуды Лос-Анджелестің әділетшіл полицейлері өз жолдарымен шешіпті. Қалай десек те, фильмдегі оқиға соны меңзейді: иә, киноның хикаясы өмірде болған оқиғаларға негізделген.

    Актерлері кілең кино әлемінде өз орындарын алып үлгерген құрамнан: Джош Бролин,  Райан Гослинг,  Ник Нолти, Эмма Стоун, Энтони Маки, Джованни Рибизи, Шон Пенн. Бұндай құрамдағы қойылымды сіз әлі көрген жоқсыз.

    Стилистика

    Қалпақ пен ұзын пальто киген ескі фильмдер естеріңізде шығар. Міне, бұл фильмнен осындай кадрларды тамашалайсыз. Тек кадрлар анағұрлым жаңартылған, анағұрлым айқын, анағұрлым шынайы. Сол әлемге етене еніп кеткеніңіз сонша, 40-50 жылдардың әдемі классикалық машиналарына дейін жаныңыз ашып отырады. Сондықтан туындының атмосферасына қатысты наразылық сізден туындай қоймайды.

    Арнайы эффектілер

    Эффектілерді заманауи экшндарға қолдану бір бөлек те, өткен ғасырдағы оқиғаны бейнелейін картиналарға қолдану мүлдем басқа нәрсе. Бұл жерде арнайы эффектілердің сәтті "жатқызылғаны" соншалық, кинотуындының сәнін одан сайын арттыра түседі.

    Кейіпкерлер

    Жоғарыда аталған актерлер тамаша үйлесім тапты. Джош Бролиннің кейіпкері бастаған әділдіктің сарбаздарына ерекше риза боласың. Ұрпақтан патриот тәрбиелегің келсе - осындай образдар арқылы қол жеткізу ең тиімді жолдардың бірі болар ед. Шон Пенн өзінің деңгейін әлі де ұстап тұр: оның орындауындағы қанішер гангстер образы болашақта талай кейіпкерлерге үлгі болуға тұрады.

    Қорыта айтқанда, әдемі ойындарымен тәнті ете алатын жұлдыз актерлердің басын қосқан сапалы да қатаң нағыз гангстерлік кино. Бұндай деңгейге жету үшін кинематографтарға біршама тер төгуге тура келетін шығар.

    Ой

    Мүмкін Қазақстандағы тамыры тереңге жайылған жемқорлықпен, сыбайласқан бассыздықтармен осылай күресу керек шығар? Нәтиже болатынына кепілдік беремін. Сенбесеңіз фильмді көріңіз!