• Біздің парақшалар:
  • Жақсы динозавр

    Хороший динозавр

    The Good Dinosaur

Жыл:
2015
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Tiny but tough"
Режиссер:
Питер Сон
Басты рөлдерде:
Фрэнсис МакДорманд , Джеффри Райт , Питер Сон , Стив Зан , Анна Пэкуин , Сэм Эллиотт , Maleah Nipay-Padilla , Ryan Teeple , Джек МакГроу , Маркус Скрибнер , Рэймонд Очоа , Джек Брайт
Сценарий:
Боб Питерсон , Питер Сон , Мэг ЛеФов , Эрик Бенсон , Эдриан Молина
Продюсер:
Джон Лассетер , Денис Рим
Жанр:
Комедия , Фэнтези , Отбасылық , Қызық оқиғалы , Мультфильм
Әлемдік премьера:
10 қараша 2015
Қазақстандағы премьера:
26 қараша 2015
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
100 минут
Суреттеме:

Бұл мультфильмнің сюжетінде динозаврлар қырылып қалған жоқ, керісінше әрі қарай дамып, саналы тіршілік иелеріне айналған. Ал адамдар дамудың төменгі сатысында қалып қояды. Анимациялық фильмде динозавр мен кішкентай бала арасындағы достық баяндалады.

Рейтинг:

8,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.7(92164)
  • Кинопоиск: 7.101(28398)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Диснейдің мультфильмдерін қарау балаға ғана емес үлкен кісілерге де әрқашан қызық. Мүмкін, диснейдің ең ұтымды тұсы осы шығар. 

    "Хороший динозавр" атты мультфильмнің көрсетіліміне жолым түсті. Екі інім менен бұрын қатты қуанды.  Себебі, олар мен ойлағаннан да динозаврлар жайлы көп біледі екен. 

    Мені қызықтырған мультфильмдегі бүлдіршін болды. Ол сондай ақылды және динозаврлар заманында өмір сүруге бейімделген. Ең қызығы, мультфильмде ол адамнан гөрі динозаврдың күшігіне қатты ұқсайды. Шыны керек, осы ойыма әбден күлдім :). Мүмкін, алғашқы адамдар сондай болған шығар (бұл інімнің маған айтқан ойы).

    Арло есімді кішкентай динозавр өмірге келеді, бірақ ол динозаврға сай емес өте қорқақ болады. Өмірдің өзі оны қорқынышынан айыру үшін өмірдің соқпағына салады. Мультфильм баланы бауырмалдыққа, өзіне сенуге, ата-ананы жақсы көріп қана қоймай оларды тыңдауды үйретеді. Достықтың не екенін көрсететін жақсы мысал.

    2-10 жас аралығындағы балаларға арналған тәрбиелік мәні бар жақсы мультфильм. Мультфильмде қуаныш, қайғы, сенім, мейірімділік бәрі бар. Балаңызбен, ініңізбен бірге мәз болып көретін ең жақсы туынды.