• Біздің парақшалар:
  • Ең жақсы күн

    Самый лучший день

Жыл:
2015
Ел:
Ресей
Слоган:
"Душа поёт!"
Режиссер:
Жора Крыжовников
Басты рөлдерде:
Төлепберген Байсақалов , Дмитрий Нагиев , Юлия Александрова , Ян Цапник , Валентина Мазунина , Михаил Боярский , Елена Яковлева , Владислав Ветров , Сергей Лавыгин , Инна Чурикова , Ольга Серябкина , Андрей Малахов
Сценарий:
Жора Крыжовников , Алексей Казаков
Продюсер:
Тимур Бекмамбетов , Жора Крыжовников , Алексей Казаков , Сергей Корнихин , Мария Затуловская
Жанр:
Комедия , Музыкалық
Әлемдік премьера:
25 желтоқсан 2015
Қазақстандағы премьера:
24 желтоқсан 2015
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Суреттеме:

Жол полицейі Петя уақыты келсе де әлі үйленбеген, анасымен бірге тұрады. Ұнатқан қызы да бар - бензин құю бекетінде істейтін Оля. Петя қызына сөз салып, үйлену ұсынысын жеткізбекші болады. Бірақ оның қызметтік машинасына поп-жұлдыз Алина Шёпот соғылып, жағдайды өзгертіп жібереді.

Рейтинг:

2

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.5(1191)
  • Кинопоиск: 4.646(48744)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Шыны керек, кейінгі кезде көп комедиялар көңілімнен шықпайды. Солардың бірі Ресейлік фильм "Самый лучший день" болды. Шыны керек, Тимур Бекмамбетов түсіргендіктен "Елки" сияқты жаңа жылдық көңіл-күйді беретін ерекше әсер күтіп ем, үмітім ақталмады. 

    Жұмысы, қалыңдығы бар гай қызметкері аяқ асты "жұлдыз" қызбен кездесіп қалады. Екеуінің кездесуі көңіл көтеруден басталып, үйленеміз деп барлық әлемге жар салумен аяқталады. Бірақ, жұлдыздың мақсаты 2 күндік көңіл көтеру екенін қарапайым ауылдық жігіт түсінбей бар бақытынан айырыла жаздайды...

    Ұнамағаны:

    1. Кейінгі кезде Ресейлік фильмдерден байқағаным ішімдікдерті көп насихаттайтын боп барады. Комедиялары тек ішімдіктің айналасында құрылады. Жалпы Ресейліктерді көп ішетінін білсем де, оны көрсету біртүрлі сияқты.

    2. Дмитрий Нагиев. Білем, ол керемет актер. Бірақ, оны барлық фильмнен көре беруден шаршадым. Болсын, болмасын барлық фильмдерде оны түсіре беру артық.

    3. Киноның атына қарағанда жақсы күн ішу, ойыңа келгенін істеу ма? Біртүрлі идеология. Онсыз да демалуды арақ ішіп, пиво ішіп жату деп ойлайтын адамдарға жақсы қолдау сияқты.

    4. Басты рольдегі қыздың өміріндегі жағдай менің басыма келсе, мен ондай адамды ешқашан кешірмес ем. "Мүмкін сол үшін де әлі жүрген шығармын" деген ойды түсіндіргені ұнамады)). 

    Ұнағаны:

    1. "Жылтыраған нәрсе үшін қолыңдағы бақырыңды тастама" дейді ғой қазақта сол нәрсені түсіндіруге тырысқандары ұнады.

    Берер бағам 2/10. Мүмкін басқаларға ұнар, маған ұнамады.