• Біздің парақшалар:
  • 5-ші толқын

    5-я волна

    The 5th Wave

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ
Слоган:
"We Fight Back"
Режиссер:
Дж. Блэйксон
Басты рөлдерде:
Хлоя Грейс Морец , Лив Шрайбер , Рон Ливингстон , Мария Белло , Майка Монро , Ник Дж. Робинсон , Мэгги Сифф , Алекс Роу , МакКэйли Миллер , Тони Револори , Талита Бейтман
Сценарий:
Акива Голдсман , Джефф Пинкнер , Сюзанна Грант
Продюсер:
Тоби Магуайр , Тим Хэдингтон , Грэм Кинг , Линн Харрис
Жанр:
Триллер , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$38 000 000
Әлемдік табысы:
$109 902 567
Қазақстандағы табысы:
〒52 006 874
Әлемдік премьера:
14 қаңтар 2016
Қазақстандағы премьера:
21 қаңтар 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
112 минут
Суреттеме:

Бірінші толқын адамдарды жарықтан айырды. Топан болып келген екінші толқыннан жолы болғандар ғана аман қалды. Үшінші толқын індет болып тарады. Төртінші толқын адамзат заңдарының бәрін жойып, өз заңын орнатты: аман қалғың келсе ешкімге сенбе. Алда бесінші толқын келе жатыр...

Рейтинг:

5,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.2(92567)
  • Кинопоиск: 5.11(40972)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Фильм тым жақсы басталып еді. Алғашқы жартысы өзге әлемнен келген бөтендердің Жерді кезең-кезеңмен жаулап алу процесін баяндайды. Бастапқы қарқынына қарай отырып, соңына дейін шиеленістен үзбейді, экшнға толы әдемі кадрлар болады деп күтесің, жойылу алдында тұрған адамзаттың шешуші шайқасын елестете бастайсың. Бірақ қимылдаудың орнына бір-бірімен қарым-қатынастарын талқыға салған жасөспірімдерді көріп, диалогтардың жалпы атмосферамен қалай қинасаң да үйлеспейтін өрбісіне қарап мырс-мырс күлумен болдық.

    Фильмге негіз болған шығарманы оқыған емеспін. Бірақ бестселлер де соншалықты дарынсыз жазылды дегенге аса сенбеймін, әйтпесе бестселлер атана ма ма?

    Хлоя Грейс Морец болмаса, қалғандарының ойыны көңіл көншітпеді. Лив Шрайбер атымен ғана ерекшеленіп тұр, оған назар аударуға қажетті экрандық уақыт та бөлінбеген. Көрермендердің көңілін жібітеміз деп артық тырысып жібергендей әсер береді, әйтеуір сентиментке ұқсас сәттер көп, бірақ өзі жоқ. Яғни актерлер өз бастарындағы қайғылы оқиғаларға сендіре алмады, ал көрерменді қуантуы тиіс сәттер кері реакцияға ұшырап жатты.

    Тіпті осы сәтсіз іске асырылған моменттер әдейі көңіл көтеру үшін жасалған ба, әлде шынымен нашар жұмыстың нәтижесі ме деп екі ойға қалдырады.

    Сюжеттің өрбуі мен оқиғалардың баяндалуын ескерсек, бұл экранизация кинодан гөрі, сай-фай сериал үшін керемет жарасар еді. Оның үстіне бұл жанрдың телевидениеде қазір дәуірі жүріп тұр.

  • Қаңтар бойы күткен фильмдерімнің бірі еді, себебі жарнама айқайлап шақырды. Бардым, расы керек жарнама как то әсер етеді маған. Сомен, фильм мен күткендей болмады, балаларды алдап түсіргендей әсер қалдырды. Түсіру жұмысы жақсы, сценарий піспей қалған нан сияқты. Кино өте қысқа, мүмкін жалғасы шығып қалар деген ой маза бермеді.#ХлояМорец үшін барып ем, сол ғана болды қызығы. Былай киноның идеясы жақсы, бірақ романтиканы қосып аздап каша жасап жіберген.