• Біздің парақшалар:
  • Дат қызы

    Девушка из Дании

    The Danish Girl

Жыл:
2015
Ел:
АҚШ , Ұлыбритания , Бельгия
Слоган:
"Find the courage to be yourself"
Режиссер:
Том Хупер
Басты рөлдерде:
Бен Уишоу , Алисия Викандер , Эдди Редмэйн , Эмбер Хёрд , Пип Торренс , Туссе Сильберг , Адриан Шиллер , Эмиральд Феннел , Генри Петтигрю , Клаус Буе , Питер Крэг , Анджела Каррен
Сценарий:
Люсинда Коксон , Дэвид Эберсхофф
Продюсер:
Тим Беван , Том Хупер , Эрик Феллнер , Энн Харрисон
Жанр:
Драма , Мелодрама , Өмірбаян
Бюджет:
$25 000 000
Әлемдік табысы:
$22 160 480
Әлемдік премьера:
5 қыркүйек 2015
Қазақстандағы премьера:
28 қаңтар 2016
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
119 минут
Суреттеме:

Оқиға 1920 жылдары Копенгагенде өтеді. Иллюстратор әрі суретші Герда Вегенер күйеуі Эйнарға әйелдің киімін киіп көрсетуді өтінеді. Осыдан бастап оның модель ретінде қатысуымен жасалған суреттер танымал бола бастайды. Эйнарға да өзінің әйел кейпіндегі түрі ұнайды, тіпті Лили Эльбе деген атпен өмір сүре бастайды. Нәтижесінде Эльбе жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен әлемдегі тұңғыш адам атанады.

Рейтинг:

8,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.1(147811)
  • Кинопоиск: 6.909(44073)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Осы киноға ешқандай рецензия, пікір оқымай барғаным қандай жақсы болған деген ой келді. Себебі, адамдардың пікірі әйтеуір сана сезіміңнің бір бұрышына әсер етіп, киноны көрмей жатып сенің ойыңды өзгертуі мүмкін.

    Кино барлық қауымға арналмаған және бізде сексуалдық аутқуларға халықтың көз-қарасы басқаша екенін түсінуіміз керек. Дегенмен, киноны еш артық ойсыз, идеологиясыз жәй бір адамның тағдыры ретінде көріп шығуға кеңес беремін.

    Мені таңқалдырған Эдди Рейдманның актерлық шеберлігі болды. Ол осы рольге өте дұрыс таңдалған актер екеніне сендіре алды және Лилидың бар болмысын, оның ойын, оның мақсатын, қылығын, эгоистігін жеткізе алды. Оның қолдарының нәзіктігі, майысқандары қыздардың өзін жолда қалдырады. Маған мынандай ой келді "осы кинодан кейін Эддидың өзінде бір өзгешелік болмады ма екен?" деген.

    Екінші таңқалдырған адам ол Эйнардың әйелі Герда болды. Қазіргі заманғы жастар әйелдер жайлы басқаша ойлайды, бірақ әйел адамдар ешқашан өзгермеген. Мүмкін, олар тұрмысқа шыққанша барынша өзінің болмысына кері қылық көрсетер, тұрмысқа шыққаннан кейін олардың бар болмысы өзіміз үйде күнде көріп жүрген анамыздан аумай шыға келеді. Герда барынша күйеуін сүйді, адал болды. Тіпті күйеуінің ессіз әркетін қолдады, соңына дейін бірге болды. Нағыз әйелдің өзінің бақытынан басқаның бақытын жоғары қоятынын көрсете алды. Жаным ашыды, "сорлы әйел" дегім келді, бірақ ол оны түсінбес еді...

    Лили, о Лили... немесе Эйнар. Сені екі рөліңде де соншалықты эогист, өзімшіл екеніңді көруге болады. Түсінем, адамның ішкі жан дүниесінде басқа нәрсе болса басқасы қызықтырмауы мүмкінін бірақ, сен ең құрмағанда бір рет Гердаға "бар, бақытыңды тап" деп айтпадың ғой. Бір жағынан адамды "сүйемін" деп тұрып өзіңнің ішкі ойыңнан таңбауыңның, өз ойыңнан қайтпаудың қандай екенін көзімді жеткіздің.

    Кино өте мұңлы, себебі ол - адамның тағдыры. Кино әдемі түсірген, себебі ол жерде адамның көңіліне әсер ететін сәттер өте көп. Том Хупер адамдардың сезімінде ойнаудың шебері. Себебі сен күнделікті байқамайтын немесе қалыптастырып алған ойларыңның шеңберінен шығуға, бар әлем қарсы болған нәрсеге басқаша қарауға итермелейді.

    Киноның соңында ойлайсың, сонша күш салған жеңістің жемісін көре алмай өмірден өтіп кетуің мүмкін ғой... Былай қарасаң бәрі алдамшы...