• Біздің парақшалар:
  • Мысыр құдайлары

    Боги Египта

    Gods of Egypt

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ , Австралия
Слоган:
"All of Heaven is at war"
Режиссер:
Алекс Пройас
Басты рөлдерде:
Джерард Батлер , Эмма Бут , Николай Костер-Вальдау , Джеффри Раш , Брентон Туэйтс , Руфус Сьюэлл , Брюс Спенс , Эбби Ли , Кортни Итон , Чедвик Боузман , Элоди Юнг
Сценарий:
Мэтт Сазама , Берк Шарплесс
Продюсер:
Бэзил Иваник , Алекс Пройас
Жанр:
Фэнтези , Боевик , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$140 000 000
Әлемдік табысы:
$150 680 864
Қазақстандағы табысы:
〒190 798 120
Әлемдік премьера:
24 ақпан 2016
Қазақстандағы премьера:
25 ақпан 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
127 минут
Суреттеме:

Түнек құдайы Сет өзінің бауыры Осиристі өлтіріп, тақты тартып алады. Осыдан бастап гүлденген, бейбіт Мысыр патшалығында алмағайып күндер орнайды. Бірақ құдыретті Сетке қарсы шығуға қарапайым пенде қарсы тұрады. Жас та айлакер осы жігітке қуатты құдай Гор көмек қолын созады.

Рейтинг:

6,667

  • Дауыс бергендер: 3
  • IMDb: 5.4(96829)
  • Кинопоиск: 6.037(52200)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Египет десе елең ете қалатынымыз рас. Тарихтан бөлек, сол елдің атауының өзінде бір құпиялық пен сиқыр жатқандай...

    Бүгіннен бастап кинотеатрлардан көрсетілетін "Боги Египта" киносы трейлерінен бастап адамды осы бір сиқырлы әлемге шақырғандай әсер қалдырды.

    Рас, Мысыр туралы бірнеше жүз кино бар. Бірақ, осы киноның түсірілу сапасы, кинодағы эффектілер миф деп келген әлемнің болғанына және тура сіздің сол кинода сол жерде тұрғандай әсер беруі басқаларынан ерекше екенін көрсетеді. Костюмдерінің әдемілігі, қаланың әдемілігі адамды қызықтырады. Әр деталь ойластырылған. Бүгінгі күні Пирамидаларға қараған кезде оларды жасаған кезде расымен осындай мықты қоғам болғанына сендіреді. 

    Фильмнің сюжеті Гор мен Сеттің билік үшін таласы туралы ежелгі египеттік миф әңгімелерінің желісімен түсірілген. Билікке таласқан Сет өз ағасы Осиристі өлтіріп оның ұлы Гордың екі көзін ойып алады, ал египет халқын құлға айналдырады. Осы кезде Горға қарапайым адамдар көмекке келеді.

    Киноның желісі өте қызықты, екі сағаттан ұзақ киноның қалай тез өтіп кеткенін байқамай қаласыз. Джерард Батлердың тарихи киноларға түсуден алдына жан салмайтын актер екеніне тағы бір көзіңіз жетеді, ал Николай Костер-Валдаудымүлдем басқа қырынан танисыз. "Игра престоловта" оны жек көрсеңіз, мына кинода оған деген бір оң көз қарасыңызды пайда болғанын аңғарасыз. Маған қатты ұнаған актерлер әрине жас Брентон Туэйтес пен Кортни Итон болды. Олар сондай әдемі, жас әрі талантты. Брентон Туэйтестың ойынына бір еркелік пен сотқарлық көрініп тұр. Оны бірден көрген кезде жақсы көріп қаласыз.

    Киноны «Тор», «Троя» сияқты фильмдермен бір қатарға қоюға болады. Бір емес бірнеше рет көре бергің келеді. Киноға берер бағам 9/10