• Біздің парақшалар:
  • 16 қыз

    16 девушек

Жыл:
2016
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Қанағат Мұстафин
Басты рөлдерде:
Берік Айтжанов , Аша Матай , Болат Әбділманов , Жания Джуринская , Дәурен Айдарқұлов , Әнуар Нұрпейісов
Сценарий:
Қанағат Мұстафин , Жанат Қасабеков
Продюсер:
Айдархан Әділбаев
Жанр:
Комедия , Отбасылық
Бюджет:
$400 000
Қазақстандағы табысы:
〒70 000 000
Қазақстандағы премьера:
3 наурыз 2016
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
97 минут
Суреттеме:

Нұржан мен Сәлиманың арманы - немерелі болу. Бірақ Бауыржан сүйген қызына үйленгісі келеді. Оның үстіне, ата-анасы «бел құда» салтымен айттырып қойған қалыңдығы Айжанның ұнатқан жігіті бар. Егер Күләш тәтейге тон қажет болмағанда бұл әрекеттен түкшықпас еді. Ару қыздар байқауы, үндістермен айқас, жол бойындағы шытырман – осынау әдемі тон үшін кейіпкерлеріміз қандай қиындықты бастан кешпейді дейсің!

Рейтинг:

6,429

  • Дауыс бергендер: 7

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 0(51)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (3)

  • Қанағат Мұстафиннің кинодағы екінші толықметражын көре отырып, еріксіз түрде Ермек Тұрсыновтың "Кемпірімен" салыстыра бастайсың. Оған себеп те жетеді: ауылдың жайдар мінезді тұрғындары, Алматыға үлкен мақсатпен сапарлау, оңтүстік астананың әсем жерлерін аралау, ретромашина ("16 қызда" - "Волга", "Кемпірде" - "Москвич"). Жалпы фильмнің атмосферасы тұрғысынан алсақ та, екеуінің ортақ тұстары көп. Бірақ Қанағаттың еңбегін бәрібір жоғары қоямын. Неге? Түсіндірейін.

    Естеріңде болса, Ермек Тұрсынов "Кемпір" жобасы туралы айта бастағанда, Совет заманында қалыптасқан қазақ киноклассикасына құрмет ретінде сапалы комедия түсіргісі келетінін айтқан еді. "Кемпірді" қоюдағы мақсат - отбасы болып көруге тұрарлық, бүгін ғана емес, келешектің ұрпақтары үшін де көрілімді бола алатын мейірімді фильм жасау еді. Тіпті, халықтың сүйіктісі "Тақиялы періштеге" сілтейтін бір көрініс те әдейі кинокартинада қолданылды. Бірақ, қандай себептер әсер еткенін білмеймін, Тұрсынов қойған мақсатқа сәл жете алмай қалды. "Кемпірді" еске алатындарды да айналамнан көріп жүргенім жоқ қазір.

    Мұстафин де кинотарихымыздың алтын кезеңі деп атауға болатын 60-70 жылдарға құрметпен қарайтынын көрсетті. Бұл сюжет өрбісі мен кейіпкерлердің сөйлеу стилінен кәдімгідей байқалып тұрады. Оның үстіне саундтрек ретінде қолданылған "Досмұқасан" ансамблінің ретроәндерін қосыңыз. Оқиға қазіргі заманда өрбиді демесеңіз, атмосферасы әке-аталарымыз өмір сүрген тыныш, уайым-қайғысыз әлемге топ еткізеді.

    Сюжет құрылымының жинақылығы, барлығы ой елегінен өткізіліп құрылғаны көрініп тұр. Әрине, созылыңқы тұстары кездеседі, бірақ бұл жалпы құрылымға аса әсер етпейді. Сюжет барысында өрбитін әрбір оқиғаның басы мен логикалық шегі айқындалған. Қысқасы, сценарийдің атүсті жазылмағаны, бәрі кинематографтың заңдылықтарын ескере отырып жасалғаны көрінеді.

    Актердің талантын ашуға өзі сомдайтын рөлі емес, режиссер қоятын талап көп әсер ететінін уақыт өткен сайын анық түсініп келемін. Иә, Берік Айтжанов қазір телеэкранда да, кинода да көп. Сондықтан ба, кейде ол қатысқан жобаларды тез ұмытып қалатын жағдайға жеттік. Бірақ "16 қызда" бұрынғыдан өзгешелеу Берікті көрген сияқтымын. Жалпы актерлік құрамның сәтті таңдалғанын байқаймыз.

    "Тақиялы періштені" классика дейміз ғой. "16 қыздың" да соның қатарына кіруіне толықтай құқығы бар деп есептеймін.

  • "16 қыз" отбасымен бірге отырып көретін және әзілдері де соған жарасқан фильм дер едім. Режисердің көздеген мақсаты да сол сияқты. Үлкен жастағы аға әпкелеріміз бен жасөспірім жастарды түгел қамтып қызықтыра алады. Фильмін алғашқы аптада 40 миллион табуына да сол септігін тигізген шығар.

    Кірерден алдын киноның бар әзілі ауыл өміріне тіреліп қалған шығар деп кірдім. Бірақ әзілдер орынды және заманауи әдемі кино екеніне көзім жетіп шықты. Актерлерде де жасандылық жоқ, рөлдерін шын көңілден ойнаған, образға кіре білген. Бұрындары қазақ киносын көргенде жасандылық пен робот секілді сөйлеуден көзіміз бен құлағымыз қан жуса болатындықтан, фильмнің бұл тұстардан серпіліс жасағаны ерекше әсер берді. Тек Аша Матайдың күлкісі жасанды болып көрінді. Берік Айтжановқа сөз жоқ образды әдемі алып шыққан.

    Қысқаша айтқанда, біраз жылдар бойы телеканалдарда қайталап беріліп жүретін тамаша отбасылық фильм.

  • Кино сюжеті, түсірілімі күшті. Бірақ, екінші бөліміне Аша Матай түспей-ақ қойса екен деген үлкен тілегім бар. Кинода Ашаның күлкісі бәрін құртады.