• Біздің парақшалар:
  • Аластатылғандар

    Отверженные

    Les Misérables

Жыл:
2012
Ел:
Ұлыбритания
Режиссер:
Том Хупер
Басты рөлдерде:
Хелена Бонем Картер , Хью Джекман , Рассел Кроу , Энн Хэтэуэй , Аманда Сайфред , Эдди Редмэйн , Саша Барон Коэн , Аарон Твейт , Саманта Баркс , Изабелль Аллен
Сценарий:
Ален Бублиль , Уильям Николсон , Герберт Крецмер
Продюсер:
Тим Беван , Эрик Феллнер , Камерон Макинтош
Жанр:
Драма , Мелодрама , Мюзикл
Бюджет:
$61 000 000
Әлемдік табысы:
$440 565 690
Әлемдік премьера:
5 желтоқсан 2012
Қазақстандағы премьера:
7 ақпан 2013
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
158 минут
Суреттеме:

Оқиға ХІХ ғасырдың басында өтеді. Түрмеге қамалуы тиіс Жан Вальжан, қатал соттан қашып, ұзақ жылдар бойы жасырынып жүруге мәжбүр. Париж полициясының инспекторы Жавер оны тұтқандауды өмірінің басты ісі деп есептейді. Жан Вальжан үшін маңызды адамдардың бірі - Фантина есімді әйел қайтыс болғаннан кейін, Жанға әйелдің қызы Козетта ғана өміріндегі ең жақын адам болып қалады. Қыздың бақыты үшін Жан бәріне де дайын.

Рейтинг:

6,6

  • Дауыс бергендер: 5

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(291407)
  • Кинопоиск: 7.901(72662)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Мюзикл деген бір жанр. Соңғы рет «Мамма мия» мен «Стилягиді» көрген едім. Енді әйгілі француз жазушысы Виктор Гюгоның «Отверженные» романының желісімен түсірілген (мюзикл, драма) фильмді көріп қайттық.

    Фильмді түсірген 2011 жылы «Король говорит» фильмімен Оскарды алған атақты Том Хупер. «Отверженные» 30 жылдан бері үзілмей айтылып келе жатқан «хит» мюзикл. Оның театрландырылған нұсқасын әлемнің 42 елінен 60 млн. көрермен тамашалапты. Сондықтан, Том Хуперге солғын туынды жасап шығаруға жол жоқ. Фильмде режиссердің де, актерлердің де еңбегі көрініп тұр. Барлық әндерді алдын-ала емес, түсіру алаңында тірідей жазыпты. Бұл бұрын-соңды болмаған дүние. Барлық актерлер өз дауысымен айтып шыққан. Егер ағылшын тілін білетін болсаңыз, күрделі ештеңе жоқ. Шала сауатымызбен кейбір тұстарын мен де түсініп қайттым. Жалпы-ақ өлең адамға түсінікті ғой. Қарапайым, ұйқассыз жазылса да «Когда я стану богатым, встретимся в аду» дейтін адамға ой салатын тұстары да бар. Ал, актерлердің шеберлігіне келетін болсақ, Хью Джекман (Жан Вальжан – Жан Байжан десеңіз де болады) 36 сағат су ішпей, қамаудағы жадау жанның кейпіне түсу үшін барын сапты. Энн Хэтэуэй (Фантина) азып-тозған, жезөкшеліктен жәбір көрген кейіпкердің мінезін ашу үшін 11 келі салмақ тастапты. Рассел Кроу (Жавер) ән айтып машықтану үшін бір жыл музыкалық театрды торуылдаған. Фильмге Саша Барон Коэн (кәдімгі Борат) мен Хелена Бонэм Картер («Бойцовский клубтағы» актриса) түскен. Қысқасы, фильм мықты актерлердің шоғыры ғана емес, үлкен еңбектің жемісі.