• Біздің парақшалар:
  • Колония

    Колония Дигнидад

    Colonia

Жыл:
2015
Ел:
Франция , Германия , Люксембург
Режиссер:
Флориан Галленбергер
Басты рөлдерде:
Эмма Уотсон , Даниэль Брюль , Вики Крипс , Микаэл Нюквист , Риченда Кэри , Джинн Вернер , Джулиан Овенден , Август Цирнер , Мартин Вуттке
Сценарий:
Флориан Галленбергер , Торстен Вензель
Продюсер:
Кристиан Бекер , Николас Стейл , Беньямин Херман
Жанр:
Драма , Триллер , Мелодрама , Тарихи
Бюджет:
$14 000 000
Әлемдік премьера:
13 қыркүйек 2015
Қазақстандағы премьера:
14 сәуір 2016
Жас шектеуі:
Е18 - Он сегiз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер
Ұзақтығы:
110 минут
Суреттеме:

Неміс журналисі Даниэль Чилиде тұтқындалып, ауыр зорлық-зомбылық көріп, "Дигнидад" деген колонияға жіберіледі. Колония - қайырымдылық коммунаның атын жамылған, шын мәнінде Үшінші рейхтың қашқын нацистері тұратын мекен. Дэниельдің сүйгені Лена оны құтқару үшін бәріне дайын еді. Қыз монастыр қызметшісі болып колонияға аттанады...

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.1(33702)
  • Кинопоиск: 7.286(31904)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Колония

    Колония фильмі Чили тарихында өзінің қатал ережелерімен, зұлым басқарушысымен, соқыр сенімімен және сектанттық көзқарастарымен орын алған Дигнидад колониясы жайлы баяндайды.

    Адамдар тым ақылды, біздің ми кез-келген әрекетімізді ақтап, жасаған ісіміздің дұрыс екендігіне толығымен сендіреді. Ақыл біздің досымыз, сонымен қатар дұшпанымыз да. Өзінің жауапкершілікке тартылмайтынына әбден мастанған адамның санасы шіріп, ойына келгеннің бәрін істейді. 

    Сценарий авторлары бізге біршама уақыт аралығын екі сағатқа сыйғызып, оқиғаның негізгі желілерін қолдарынан келгенше барынша көрсетуге тырысты. Әрине, көркем фильм болғандықтан өзіндік ережелері, штамп, клишелері бірге жүреді. Бірақ, маңыздысы, оларды көрерменнің көзіне күйік қылдырмай, сюжет сарынымен орынды түрде көрсете білу.

    Әрбір байқаусызда жасалған әрекет, маңызды емес деп саналатын оқысыз дүниелер немесе бір сәтке алаңдаушылық алдағы өмірімізді түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қиындыққа түскен сәтте өзін қолға алып, батыл қадамдарға барған кезде ғана жеңіп шығу мүмкіндігі пайда болады. Махаббатқа деген сенім, жастардың бір-біріне құштарлығы оларды қатерлі әрі ауыр қадамдарға итермелейді. Сценарийдің бірінші бөлімінің өзін үшке бөлуге болады: а) кейіпкерлермен таныстырады, бірақ олардың бір бірін қалай кездестіргендері көрсетілмейді. Менің ойымша бұл дұрыс қадам, өйткені фильм романтикалық мелодрама емес, трагедиалық мелодрама. Негізгі назар олардың бақытына емес, сол бақытқа жету жолындағы қиыншылықтарға аударылған. Персонаждардың бір-біріне деген сезімдерін түсінікті, өмірлік ұстанымдарын анық көрсетеді; ә) конфликт; б) оқиғаның өрбитін негізгі локациясымен және антогонисттермен танысу. Сондықтан, бірнеше тақырыпты сыйдырмақ болған осы бөлім динамикасы шулы әрі жылдам болып көрінеді. Фильмнің екінші бөлігі баяу, сабырлы болғанымен эмоциялық тұрғыда саспенс арқылы бойдағы үрейді бірте-бірте оятып, финалда мұздай судай шашып жібереді. 

    Фильм режиссері Флориан Галленбергер жайлы бұрын соңды естімеппін, дегенмен де өз жұмысын жақсы атқарған деп санаймын. Әрине, аса ерекше амалдар қолданып, өзіндік бір стиль ойлап тауып немесе жаңа идеялар пайдаланып жатпаса да, киноның негізгі әдістерін дұрыс игере отырып көрерменге қызықты қылып жеткізе білді деп ойлаймын.

    Актерлер ойыны жақсы, тек басты кейіпкерлер арасында ешқандай химия жоқ. Эмма Уотсон бір образдың құрбаны болып қалған актрисалардың бірі. Кристен Стюарт секілді тым сымбатты келбеті, жасөспірімдік күнәсіздігі ауыр образдарды ойнауға кедергі болады. Даниель Брюльді мен Гонка және Первый мститель: Противостояние фильмдерінен байқаған болатынмын. Менің ойымша бағаланбай қалған актерлердің бірі. Өзіндік тартымдылығы бар өнер иесі. Бұл фильмде де рөлі өзіне сай келе қалғандай. Ал фильмнің басты персонажы ол әрине Микаель Нюквист. Керемет актер, не деген харизма! Актердің өмірде марқұм болып кеткені өте өкінішті. Барлық мимикасы, эмоциялары, тіпті көз қарасы жан түршіктіреді. 100% образға беріліп кетті. Оның кейіпкеріне расымен сенесің. Бас жауыздың өз ісіне деген сенімділігі, қолындағы билікке, басындағы идеяға берілгендігі таңғалдырады. 

    Фильмнің музыкасы, операторлық жұмысы, монтаж және т.б. техникалық әдістері сапалы, бірақ ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктері жоқ. Барлығы өз орнында және фильмнің ритмін бір толқында ұстауға тырысады. Костюмдерді атап өтуге болады, сол уақыттың прототиптеріне сай келтіріп жасаған. 

    Жалпы қорытындылай келетін болсақ, фильмді барлығына ұнай қояды деп айта алмаймын. Бұл фльмнен сіз философиялық пікірлер. астарлы терең ой немесе күтпеген твист көрмейсіз. Егер сізге өмірде шынай орын алған оқиғаларды міндетті түрде әдеттегі пафоспен берілетін эпикалық, масштабты туынды ретінде емес, жай ғана жеңіл триллер ретінде көру қызық болса, онда фильмді көруге ҰСЫНАМЫН!!!