• Біздің парақшалар:
  • Капитан Америка: Азамат соғысы

    Первый мститель: Противостояние

    Captain America: Civil War

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ , Германия
Режиссер:
Энтони Руссо , Джо Руссо
Басты рөлдерде:
Кіші Роберт Дауни , Энтони Маки , Джон Слэттери , Даниэль Брюль , Джереми Реннер , Мартин Фриман , Мариса Томей , Том Холланд , Скарлетт Йоханссон , Пол Радд , Уильям Хёрт , Дон Чидл , Пол Беттани , Элизабет Олсен , Фрэнк Грилло , Крис Эванс , Себастьян Стэн , Эмили ВанКэмп , Чедвик Боузман
Сценарий:
Марк Миллар , Кристофер Маркус , Стивен МакФили
Продюсер:
Виктория Алонсо , Кевин Файги , Митчелл Белл
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$250 000 000
Әлемдік табысы:
$1 153 304 495
Қазақстандағы табысы:
〒313 191 744
Әлемдік премьера:
12 сәуір 2016
Қазақстандағы премьера:
5 мамыр 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
147 минут
Суреттеме:

Капитан Америка бастаған Кек алушылар халықаралық ауқымы бар қайғылы оқиғаға қатысады. Бұл оқиғадан соң үкімет ерекше қабілеті бар адамдарды бақылауға алып, "Суперқаһармандарды тіркеу туралы акт" қабылдамақ болады. Бұл дегеніміз - барлық қаһармандар өздерінің кім екендерін ашып, үкіметке қызмет етулері керек деген сөз.

 

Стив Роджерс бұл бастаманы қолдамайды. Оған басқа да қаһармандар ереді. Ал, Тони Старк бұл заңды дұрыс деп санайды және қолдау білдірген өзге де қаһармандарды бастап шығады. Бұл Кек алушылар жасағының екіге бөлінуіне алып келеді. 

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.8(609271)
  • Кинопоиск: 7.406(145448)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Шыны керек, көп киноларға қарағанда комикстар көп қызық. Себебі, адамның фантазиясының шарықтау шегінің жоқ екенін білдіреді. Оған Marvelдің кино түсіру өнерін қосыңыз, кино сапасы адамды қызықтырмай қойдырмайды.  

    Капитан Америка: Азаматтық соғыста мен күткен нәрсе Өрмекші адамның пайда болуы болды. Ол сондай жас, еркін әрі мыжыма. Әрқашан салмақты боп жүретін кек алушылар үшін ол адам төзгісіз көп сөйлегіш. Әрине, ең басты мазалаған сұраған неге Капитан Америка мен Старктың арасындағы жанжал. Оған себеп не? Ең қызығы, екі мықтының ішінде кім жеңіске жетеді? Қара пантераның пайда болуы? Ол кім? 

    Капитан Америка: Азаматтық соғыс бөлімі осы қаптаған сұрақтарға жауап берді. Азаматтық соғысқа себеп жаңа заңнамалардың пайда болуы, заң арқылы кек алушылардың іс әрекеттері бақылауға алынбақшы болады. Дәл осы жерде пікірлер екіге бөлініп, екі жақ пайда болды. Ал, тікелей Капитан мен Старктың арасындағы жанжал ол Старктың әке-шешесінің өлімін жасырудан басталады. Айтпақшы, кім жеңіске жеткенін өзіңіз көріп алыңыз. А то, қызықтың бәрі кетіп қалды деп мені ұрсарсыз))). Ал, қара пантера расымен қызықты. Прям, кек алушылар сияқты ол да әдемі, сымбатты, күшті. Әрі оны сомдаған актер Чедвик Боузман прям лапочка.

    Жалпы, кино өте қызықты, әрі спецэффектілері ерекше. Өзіме сондай қуаныш сыйлады, сізге де ұнарына сенімдімін. Берер бағам 9/10.