• Біздің парақшалар:
  • Angry Birds кинода

    Angry Birds в кино

    The Angry Birds Movie

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ , Финляндия
Режиссер:
Клэй Кэйтис , Фергал Рейли
Басты рөлдерде:
Джейсон Судейкис , Шон Пенн , Майя Рудольф , Билл Хейдер , Джош Гад , Дэнни МакБрайд , Питер Динклэйдж , Айк Баринхолц , Кигэн-Майкл Ки , Джиллиан Белл , Хэннибал Бёресс , Титус Берджесс , Кейт МакКиннон , Энтони Падилья , Иэн Хэкокс
Сценарий:
Джон Витти
Продюсер:
Катрин Уиндер , Джон Коэн , Майкл Хэд
Жанр:
Комедия , Отбасылық , Боевик , Мультфильм
Бюджет:
$73 000 000
Әлемдік табысы:
$349 779 543
Қазақстандағы табысы:
〒168 630 622
Әлемдік премьера:
11 мамыр 2016
Қазақстандағы премьера:
12 мамыр 2016
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
95 минут
Суреттеме:

Мультфильм құстар мен шошқалар арасындағы текетірес неден басталғанын көрсетеді. Бұндағы кейіпкерлер бәрімізге әйгілі Angry Birds ойыны арқылы белгілі. 

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.3(70224)
  • Кинопоиск: 6.249(32993)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Angry Birdsті ойнамаған қазір бала да үлкен де жоқ шығар иа? Смартфон енді қолымызға тиген кезде жапа-тарғамай осы ойыннан жарысушы ек. Сол ойынның өз оқиғасы және оның мультфильмі болады деп сол кезде ойладыңыз ба? Мысалы, мен ойлаған емеспін. Ал ойынды жасаушылардың ойы болған)))

    Сонымен, кинотеатрларда 12 - мамырдан бастап "Angry Birds енді кинода" атты жаңа мультфильмнің көрсетілімі басталды. Мультфильм өте қызықты, қанық түсті (яркий), әсерлі. Әсіресе өзіме ұқсаған қызыл түсті Редті айтсаңызшы. Мультфильмде ол қалың қасынан ұялса, қыздарда қалың қас қазір сәнде.

    Әр нәрсеге ашулана беретін Редтің өмірінде үлкен өзгерістер пайда болады. Ол мінезінің әсерінен елден алшақ өмір сүруге үйренеді. Солай жалғыз өмір сүре берер ме еді егер көк (жасыл) торайлар болмағанда... Мультфильм қоғамның адамдарды бір ұстаныммен өмір сүруге итермелейтінін анық көрсеткен. Уақыт дәлелдегендей қоғамнан басқаша ойлаған адам ғана жан-жақты мәселені көре алады.

    Angry Birds өте қарапайым, аңғал мультфильм. Оны көргің келе береді. Қандай жаста болмасын балалар оны біледі, сондықтан да оларға да қызық. Мультфильмді жасаушылар әр персонажға өзіне сай мінез, қылық, қимыл бере білген, бұл жағынан олар өз міндеттерін жақсы орындаған. Әр персонаждың өзіндік оқиғасын, ерекшелігін әдемі бейнелеген. Мультфильмді баламен бірге өзіңізде күліп отырып көресіз, себебі күлкілі сәттер мен әзілдер жақсы берілген.

    Менің берер бағам 7/10. Барыңыздар, көріңіздер, көңіл көтеріп қайтыңыздар!