• Біздің парақшалар:
  • Патшаға арналған голограмма

    Голограмма для короля

    A Hologram for the King

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ , Франция , Германия , Ұлыбритания
Режиссер:
Том Тыквер
Басты рөлдерде:
Том Хэнкс , Бен Уишоу , Alexander Black , Сарита Чоудри , Сидсе Бабетт Кнудсен , Трэйси Фэирэуэй , Джейн Перри , Том Скеррит , Михаэль Бараль , Льюис Райнер
Сценарий:
Том Тыквер , Дэйв Эггерс
Продюсер:
Штефан Арндт , Гари Гоэцман , Аркадий Голубович , Уве Шотт
Жанр:
Комедия , Драма
Әлемдік премьера:
20 сәуір 2016
Қазақстандағы премьера:
12 мамыр 2016
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
98 минут
Суреттеме:

Алан Клей - отағасы, әке, бизнесмен. Бірде оның бизнесі жүрмей қояды, отбасынан күй кетеді, қыздарын оқытуға ақша таба алмайды. Банкрот болмаудың қамымен ол Сауд Арабиясына келеді. Патшамен кездесу өткізгеннен кейін, Алан араб әлемінің голограмма секілді шындықты әрлеп көрсететін жасырын құпияларын ашады.

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.1(36276)
  • Кинопоиск: 6.375(20144)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бірсарынды, мамыражай, жанға жайлы түс көрген кезіңіз болған шығар? Тіпті оянған кезде өкінген боларсыз.  Ал егер бұл фильм болса ше? Том Тыквердің жаңа туындысы сізді дәл осындай атмосферасымен, әдемі кескіндерімен, бірқалыпты оқиғалар желісімен баурап алады. Рас, бұл жолы оның «Парфюмер» және «Бұлтты атлас» фильмдеріндегідей масштаб жоқ, тіпті динамика жетіспейді деуге болады. Көбісінің іші пысуы да мүмкін, бірақ бәрібір киноны соңына дейін көріп шығуға кеңес беремін.

    Фильмнің басында қым-қуыт тірліктен әбден қажып, жүйкесі жұқарған Алан Клейді (Том Хэнкс) көреміз. Біраз жасқа келгенде бизнесте сәтсіздікке ұшырап, тауы шағылған Хэнкс «суға кеткен тал қармайдының» керін келтіріп Сауд Арабиясынан бір-ақ шығады. Ол шаруасын жылдам бітіріп, таңсық елден тез арада тайып тұруды ғана көкседі. Оның елге келген кейінгі таксиспен алғашқы диалогынан-ақ екі мәдени «қақтығысты» көруге болады.  Шала танысып үлгерген жігіттің оған жеке өмірін жайып салғаны, жайбарақаттығы, ескі танысындай өзімсінуі оны аздап үркітеді. Әркім өзінше томаға-тұйық өмір сүретін батыс салтының адамына мұның бәрі жат еді. Бірақ жоспары іске аспай, сапары ұзаққа созылған Алан біртіндеп айналасына үйренісе бастайды, әлгі таксиспен достасып та алады. Себебі адамдар қаншалықты әртүрлі болса, соншалықты бірдей. Дүниенің қай бұрышынан болмасын, әр адам түбінде жан жылуын, баянды табысты, бақытты отбасын аңсап тұрады. Алан енді бұрынғыдай қу тіршіліктің қамын қумай, дүниеге деген көзқарасын өзгерте бастайды...

    Фильмдегі либералды шығыс әйелінің образы мен үшін жұмбақтау болды. Жалпы мұндай құбылыс қазіргі Сауд Арабиясында мүмкін бе деген сұрақ келді маған. Бірақ батыстанып кетсе де, іштен тынып жүргендері қаншама деп ойлаймын. Батыл араб әйелінің рөлін үнді текті британдық актриса  ойнап шыққаны заңды еді (жалпы фильмдегі нағыз араб актерлер саусақпен санарлықтай сияқты).

    Басты кейіпкердің жеке басындағы метаморфозалар, араб әйелінің тәуелсіз өмірі фильмнің сценарийі негізге алған кітапқа деген қызығушылығымды оятты. Оған кезінде Том Хэнкстің өзі жоғары баға берген деседі. Міндетті түрде оқып шығамын деп шештім.

    «Патшаға арналған голограмма» фильмі көрерменнің ыстық ықыласына ие болды деу өтірік болар, прокаттан да көп пайда түсірмеген.  Баяғы блокбастерлердің көлеңкесінде қалып қойған шығар, өкінішті...

     

    Қояр бағам:  8/10