• Біздің парақшалар:
  • Варкрафт

    Warcraft

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Дункан Джонс
Басты рөлдерде:
Райан Роббинс , Бен Фостер , Каллэн Мулвей , Доминик Купер , Роберт Казински , Дэниэл Ву , Пола Пэттон , Клэнси Браун , Тоби Кеббелл , Каллум Кит Ренни , Трэвис Фиммел , Бен Шнетцер , Рут Негга , Дин Редман
Сценарий:
Дункан Джонс , Чарльз Ливитт , Крис Метцен
Продюсер:
Чарльз Ровен , Джон Дж. Джашни , Томас Тулл , Стюарт Фенеган , Алекс Гартнер
Жанр:
Фэнтези , Боевик , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$160 000 000
Әлемдік табысы:
$433 537 548
Әлемдік премьера:
25 мамыр 2016
Қазақстандағы премьера:
26 мамыр 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
130 минут
Суреттеме:

Сиқыр мен берік қабырғалар адамдарды ғасырлар бойы түрлі жамандықтан қорғап тұрды. Бірақ мыңдаған жылдар бұрын ұмыт болған ежелгі зұлым күш қайта оянады. Патшалықтың дәл жүрегінде қара портал ашылып, бұрын-соңды болмаған тіршілік иелері Азерот жерін жаулай бастайды. Бұл әлемнің тағдырын мәңгіге өзгерте алатын оқиға осылай басталған еді.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.8(229295)
  • Кинопоиск: 7.594(147130)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Уоркрафт (Варкрафт емес). Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Киностан әкімшілігі фильмнің қазақша атауын УОРкрафт қылып өзгертсе деген ұсыныс бар. ВАР - орыс тілінің өзіндік ерекшелігіне бейімдеп айтқан сықпыттары. Біздің тілде түпнұсқадағыдай етіп (соған барынша жақын) дыбыстауға еш кедергі жоқ деп ойлайм. Тем более, совет кезінде шығып, цементтеліп қалған термин емес. [Доктор Ватсон – Эмма Уотсон дегендегі айырмашылық жайлы естіген боларсыздар]

    Енді фильмнің өзіне келсек.

    Көпшілігіміз білетіндей, аталмыш фильм Blizzard Entertainment компаниясының шығарған Warcraft ойындар сериясының негізінде түсірілген болатын. Өз басым ойынды соншама көп ойнадым жəне керім ойнадым деп айта алмайды екем. Бірақ, достарым ойнаған болатын. Өзім ойнағаннан гөрі олардың əскер жинап, бір-бірімен соғысып жатқандарын сырттай бақылайтынмын көбіне. Жалпы, ойынның идеясы, құрылымы, дизайны маған ұнайтын. Бұл айтып отырғаным осыдан 12-13 жыл бұрынғы нұсқасы. Одан кейін сан рет жаңартылып, жетілсе де, ойынның негізгі оқиғасы, басты кейіпкерлері аса қатты өзгеріске ұшырамаған, қателеспесем.

    Фильмнің сюжеті, арнайы эффектілер, персонаждардың барынша шынайылығы (яғни, ойындағыдай келбет, дауыстары) - барлығы ұнады. Керемет үйлестірген. Тіпті, грифон да дəл ойындағыдай. Көктен түсірілген кадрларда ұрыс алаңдарын кезекпе-кезек көрсеткен кезде сол баяғы компьютерде ойнап отырып, мышкамен бір орыннан екінші орынға ауысып отырғандай əсерде болдым.

    Фильмді қарап болғаннан кейін де оқиға желісі əлі бітпеген, тіпті ортасына да келмеген сияқты боп көрінді маған. Кем дегенде трилогия күтем. Күткенде асыға күтетін жанкүйерлер тізімінде болам деп шештім.

    Эх, Дуротан, Дуротан (Н емес. :) ).

    Нағыз еркек, нағыз орк!

    Ойынды бұрын-соңды ойнап көрмегендер 10/10 деп бағаласа, осы ойынның нағыз майталмандары толық көңілдері толмай 7/10, 8/10 деген баға беріп жатыр дегенді естігем. Олардың пікірінше, сюжет желісі ойындағыдай емес, ауытқып кетіпті-міс. Кей маңызды кейіпкердер де тыс қалып қойған дей ме...

    Режиссері Данкан Джонстың осыған дейін түсірген шығармаларынан «Исходный код» (Source code) фильмін ғана біледі екем. Маған ондай қатты ұнамаса, атап өтуге тұрарлық туынды деп бағалаған болатынмын.

    Музыкасы: Әйгілі «Тақтар ойынының» саундтрегін жарыққа шығарған Рамин Джавади осы Уоркрафттың да музыкасын да жасағанын білген кезде таң қалмадым. Білікті маманның ісі екені бірден білінді.

    Айтпақшы, Америкада прокатқа біздегіден гөрі кеш шықты, яки бір апта бұрын. Еуропаның кей елдері мен Ресей (+Қазақстан), Филиппинде екен ертерек шыққаны. Көптеген батыс киносыншылары негатив баға беріп жатыр дейді. Мұхиттың арғы жағындағы қарапайым көрермен не айтатынын Солтүстік Америкалық прокатқа шыққаннан кейін білетін боламыз. Прокат әлі де жүруде. Орыстілді прокатта керісінше өте жоғары бағаға ие болыпты. Мен де сондай жоғары баға берушілердің қатарындамын.

    9/10