• Біздің парақшалар:
  • Қаржы монстры

    Финансовый монстр

    Money Monster

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Not every conspiracy is a theory"
Режиссер:
Джоди Фостер
Басты рөлдерде:
Кристофер Денэм , Джордж Клуни , Катрина Балф , Джанкарло Эспозито , Доминик Уэст , Джулия Робертс , Джек О’Коннелл , Эмили Мид
Сценарий:
Джеми Линден , Алан Ди Фиоре , Джим Кауф
Продюсер:
Джордж Клуни , Грант Хеслов , Лара Аламеддин , Дэн Дубицки
Жанр:
Драма , Триллер , Қылмыстық
Бюджет:
$27 000 000
Әлемдік табысы:
$93 282 604
Қазақстандағы табысы:
〒24 838 524
Әлемдік премьера:
12 мамыр 2016
Қазақстандағы премьера:
2 маусым 2016
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
98 минут
Суреттеме:

Танымал тележүргізуші Ли Гейтс өзінің қаржыға қатысты кеңестерінің арқасында Уолл-Стриттің кемеңгеріне айналған. Шоу көрермендерінің бірі бір сәтсіз ақылына жүгініп, бар байлығынан айырылады. Енді ол кек алмақшы. 

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.5(88613)
  • Кинопоиск: 6.57(24368)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Фильм қоғамда резонанс тудырмауы мүмкін, бірақ өзіндік айтар ойы бар жақсы фильм. Бұл жерде халыққа берілген ақпарат пен БАҚ өкілдерінің іс -әрекетін жақсы сипаттайды.

    Өзін финанс тақырыбында ас санайтын журналист қарапайым халыққа ақшаларын қайда салу керектігін, мүмкіндікті қалай пайдалануы керектігінен күнделікті ақпарат беріп отырады. Ол өзін халықтың адал көмекшісі санайды, себебі ол халыққа ақшасын дұрыс пайдалануды үйретіп жатырмен деп ойлайды. Негізінде, істің басқаша екенін тек қарапайым жігіт студияны тікелей эфирде басып алған кезде ғана түсінеді. Журналистте, ол бағдарламаны жасаушы топта біреудің сойылын соғып келгендерін, жалған ақпарат таратқандарын сол күні түсінеді. Оларда осы мүмкіндікті пайдаланып шындықтың түбіне жеткісі келеді... Жетеді, бірақ одан қоғамдағы жағдай өзгере ме, белгісіз...

    Биржа, акция, ақша салу тек осы істе мықты мамандарға ғана тиімді екенін түсінуге жақсы себеп. Киноны көріп отырып бір кездері біздегі IPO есіме түсіп кетті. Соңында қарап отсаң қарапайым халық ешқандай пайда көрмеді. Дәл осындай тақыраптағы киноны қарапайым халық көбірек көрсе деген тілек. Себебі біз саяси, экономикалық, заңнамалық тұрғыдан алғанда сауатымыз өте аз.  Киноны көруге кеңес берер ем, қандай да бір іске ақша салмас бұрын ойлануға итермелейді.

    Джордж Клуни мен Джулия Робертстен жақсы тандем шыққан сияқты.