• Біздің парақшалар:
  • Әмбебап өлік адам

    Человек – швейцарский нож

    Swiss Army Man

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ
Слоган:
"We all need some body to lean on"
Режиссер:
Дэн Кван , Дэниэл Шайнерт
Басты рөлдерде:
Дэниэл Рэдклифф , Мэри Элизабет Уинстэд , Пол Дано , Тимоти Йолих , Ричард Гросс , Марика Кастил , Аарон Маршалл
Сценарий:
Дэн Кван , Дэниэл Шайнерт
Продюсер:
Миранда Бэйли , Лоуренс Ингли , Лорен Манн
Жанр:
Комедия , Драма , Фэнтези , Мелодрама , Қызық оқиғалы
Әлемдік премьера:
22 қаңтар 2016
Қазақстандағы премьера:
30 маусым 2016
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
95 минут
Суреттеме:

Елсіз аралға тап болған Хэнк бәрінен үміт үзгендей еді. Алайда жағада жатқан Мэннидің өлі денесін тапқаннан кейін барлығы өзгеріп сала береді.

 

Мэннидің денесі оған қиын жағдайларда аман қалуға көмектеседі, өмірдің қуанышын сезінуіне сеп болады. Екеуі үйге апаратын жолды табу үшін үлкен саяхатқа аттанады.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7(95874)
  • Кинопоиск: 6.72(59660)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Өлген адам сөйлемейді" (с) "Менің атым Қожа"

    Апта сайын топырлап шығып жатқан, тек қана кассалық мақсатты көздейтін киножобалардың арасында осындай жақұттар елеусіз қалатыны өкінішті.

    Фильм блокбастерге үйренген қауым үшін абсурд пен қияли дүние болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ақыл тоқтатқан, санасы ояу көрермен қабылдай алмайтындай күрделі де емес. Артхаусты тек таңдаулылар көруі тиіс деп кім айтты?

    Сюжетте суы да, өсімдігі де жоқ құрғақ аралға тап болған Хэнк туралы баяндалады. Жалғызсырап, әрі аман қалатынына сенбеген ол өмірмен қош айтыспақ болады. Бірақ оның бұл әрекеттен бас тартуына жағаға ығып келген әлдекімнің мүрдесі себеп болады. Өлік демесеңіз, жалғызбасты Хэнк үшін пайдасы ұшан-теңіз болып шығады. Пышағы, қақпақ ашары, қайшысы мен басқа да құралдары біріктірілген швейцар бәкіні білетін шығарсыз? Сондай әмбебап құрал дерсің, құдды. Өлген адам сөйлемейді? Сіз онда Мэнниді әлі кездестірген жоқсыз.

    Бірақ айтпағым ол туралы емес. Бұл киноның жай сыртқы фабуласы ғой. Өлік Мэнни көп нәрсеге көрерменнің көзін ашып, көзқарасын өзгертуге тырысады.

    Жалғыздық туралы. Жалғызсырамайтын адам жоқ тәрізді. Қанша жерден беделді, қанша мыңдаған туыс-достарымыз болса да, іштей бәрібір жалғыздықты сезетін кездер болады. Өзіңе жақын адамды, түсінетін бауырды іздеу осындайдан басталатын тәрізді. Ал іздеген қашан да табады, мейлі ол өлік болып шықса да.

    Өз сәтіңді жіберіп алмау туралы. Хэнк апатқа ұшырағанға дейін жуас, батыл емес адам еді. Күн сайын автобустан бір қызды көретін. Оған ғашық болады. Бірақ оған жақындауға, сезімін айтуға қорқады. Тіпті онымен тілдесуді мақсат етпейді. Жай сыртынан бақылап, армандаудың өзін қанағат тұтады. Мэннидің арқасында ол осы кемшіліктерін біледі. Біз көп мүмкіндіктерімізді батылсыздығымыздың кесірінен жіберіп аламыз.

    Стереотиптер туралы. Біз көп нәрсені сол күйінде қабылдаймыз. Неге олай, неге басқаша емес деп ойлана бермейміз. Бұған қоршаған ортаның пікірі де әсер етіп жатады. Мысалы, жұрт көзінше артымыздан жел шығармаймз ғой. Ұят. Бірақ, неге? Газдың ешкімге зияны жоқ қой? Тек солай қалыптасып кеткен - өзгелердің алдында жел шығаруға болмайды. Бар болғаны осы ғана. Иә, мүмкін сәтсіз мысал шығар, бірақ көп нәрселерді біз өзгелердің көзқарасына бола жасаймыз/жасамаймыз.

    Басқа да бойға сіңіруге тұрарлық ойлар жетерлік фильмде. Дэниел Рэдклиффті де өлік образында көру бір қызық. Өмірге деген көзқарасыңды жаңартуға себеп бола алатын сирек дүниелердің бірі екен.