• Біздің парақшалар:
  • Стартрек: Шексіздік

    Стартрек: Бесконечность

    Star Trek Beyond

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Fifty year. One legacy"
Режиссер:
Джастин Лин
Басты рөлдерде:
Крис Пайн , Зои Салдана , Карл Урбан , Джон Чо , Закари Куинто , Саймон Пегг , Антон Ельчин , Идрис Эльба , Лидия Уилсон , Джо Таслим , София Бутелла , Даг Джанг
Сценарий:
Саймон Пегг , Джин Родденберри , Даг Джанг
Продюсер:
Роберто Орси , Джей Джей Абрамс , Брайан Берк
Жанр:
Триллер , Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$185 000 000
Әлемдік табысы:
$343 471 816
Әлемдік премьера:
20 шілде 2016
Қазақстандағы премьера:
21 шілде 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
120 минут
Суреттеме:

Оқиға бесжылдық миссия басталғаннан кейін екі жылдан соң өрбиді.

 

"Энтерпрайз" кемесінің экипажы белгісіз келімсектер тарапынан шабуылға ұшырайды. Кеме жойылып, команда мүшелері белгісіз планетада қалады. Бұл жерде олар жаңа қарсыластарымен бетпе-бет келеді.

Рейтинг:

7,667

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.1(212808)
  • Кинопоиск: 6.862(65340)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Не хотел вас расстраивать, подумал, вдруг вы не вернетесь (с)

    "Стартрек: Шексіздік", «Жұлдызды жол»фильмдер желісінің 13- бөлімі. Ғарыш, кеше, астрономия, болашақтың техникасы тақырыбына қызығатын кез-келген адамның сүйікті фильмінің бірі.

    Трейлерін көріп киноның барлық дәмдісін көріп алғандай әсерде болғам. Бірақ, қателесіппін. Себебі кино өте қызықты, әр минутында сізді "енді не болады?" деген сұраққа көмілдіріп сіз күтпеген әсерде жалғасады. Бір сөзбен айтқанда - экшн. Imaxта көргеннің әсері де болар, сол кемеде жүргендей әсерде болдым.

    «Жұлдызды жол» киносының тұрақты көрермені болмасамда кино менің көңілімнен шықты. «Энтерпрайз» кемесінің іші адамды таңқалдырмай қоймайды, кеменің мүмкіндіктері, әдемілігі, жабдықталуы кез-келген техниканы ұнататын адамның көңілінен шығары сөзсіз.

    Кино актерлары да сәтті таңдалған, бәрі өз орнында, бәрі өз рольдерін жақсы алып шыққан. Сізді шынымен ғарышта екеніңізге сендіре алады. Әсіресе жас актриса София Бутелла бірден көзге түседі, өмірде қарапайым бір жуас сияқты көрінсе, кинода өте дерзкий (қазақша аудармасы қыздың сипатын ашпайды). Антон Ельчин, өзін жақсы көрсете алған, өкінішті өмірден ерте кеткені.

    Стартрек: Шексіздік - адамды ғарыш әлеміне одан ары қызықтыра біледі. Жаңа әлеммен танысып, олардағы жаңа тіршілік иелерін көргің келе береді. Мүмкін болашақта бізде ғарыш кемелерінде осылай өмір сүрсек менің Энтерпрайздың ішінде болғанымды қалар ем :). Бағам 9/10.