• Біздің парақшалар:
  • Джейсон Борн

    Jason Bourne

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ , Қытай , Ұлыбритания
Режиссер:
Пол Гринграсс
Басты рөлдерде:
Мэтт Дэймон , Джулия Стайлз , Томми Ли Джонс , Алисия Викандер , Венсан Кассель , Скотт Шеперд , Риз Ахмед , Ато Эссонда , Билл Кэмп , Винценц Кифер
Сценарий:
Роберт Ладлэм , Пол Гринграсс , Кристофер Раус
Продюсер:
Мэтт Дэймон , Фрэнк Маршалл , Пол Гринграсс , Грегори Гудман
Жанр:
Триллер , Боевик
Бюджет:
$120 000 000
Әлемдік табысы:
$415 243 424
Әлемдік премьера:
3 шілде 2016
Қазақстандағы премьера:
8 қыркүйек 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
123 минут
Суреттеме:

Араға жылдар салып Джейсон Борн қайтып оралды. 

Рейтинг:

5,667

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.6(192494)
  • Кинопоиск: 6.137(39696)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Алдыңғы бөлім мен қазіргі бөлім арасындағы үлкен уақыт қашықтығы (9 жыл) фильмге қызығушылықты бәсеңдетіп тастаған секілді. Бұрынғыдай атмосфера, бұрынғыдай еліту жоқ. Мүмкін фильм атмосферасы өзгермеген шығар, бірақ көрермен ретінде мен Борнға қызығушылығымды жоғалтып алыппын. Көрсетілім барысында бірнеше рет пауза басып қойдым, мүлдем тоқтатып тастауға да ниет болды.

    Негізі франшизаны күштеп созу да жақсылыққа әкеле бермейді. "Борниада" деп айдар тағып алдық, "Бондиана" секілді жасампаз болсын деп. Бірақ жаңа "Джейсон Борнның" сюжеті саусақтан сорып алғандай әсер береді. Кейіпкер де моральдық, физикалық шаршаған образдан шыға алмайды.

    Есімде жоқ - Джейсон Борн бұрын да үндемес болды ма? Фильмнің жұлдыздар құрамын толықтыруы тиіс Венсан Кассель де үндемейді. Негізі басты рөлдегі актерлер екінші планда қалып қойғандай әсер берді.

    Мүмкін Джейсон Борнмен қоштасатын кез келген шығар? Осыны жазып отырып бір идея келді - франшизаның тағы бір қаһарманы - Аарон Кроссты мына Джейсон Борнмен бір фильмде кездестірсе қалай болар екен? Меніңше франшизаны осылай құтқарып, тіпті жаңғыртуға болатын секілді.