• Біздің парақшалар:
  • Мүмкін емес

    Невозможное

    Lo imposible

Жыл:
2012
Ел:
Испания
Слоган:
"Nothing is more powerful than the human spirit."
Режиссер:
Хуан Антонио Байона
Басты рөлдерде:
Наоми Уоттс , Юэн МакГрегор , Том Холланд , Марта Этура , Шенке Меринг , Джеральдин Чаплин , Плой Хиндачоте , Сэмюэл Джослин
Сценарий:
Серхио Х. Санчес
Продюсер:
Альваро Аугустин
Жанр:
Драма , Триллер
Бюджет:
€30 000 000
Әлемдік табысы:
$198 087 212
Әлемдік премьера:
9 қыркүйек 2012
Қазақстандағы премьера:
14 ақпан 2013
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
109 минут
Суреттеме:

2004 жылы болған цунами кезіндегі оқиғалар туралы кинотуынды.

Рейтинг:

10

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(181821)
  • Кинопоиск: 7.901(68498)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • «Мүмкін емес».

    Режиссері Хуан Антонио Байоның бұл фильмін бей-жай көре алмайсың. Осыған дейін кино саласында түсірілген апат жайлы көркем картиналардан басты айырмашылығы – цунами шынайы. Қырылған адамдар да актер емес. 

    Генри мен Мария үш баласымен жаңа жылды тойлауға Тайландқа келеді. Теңіз жағалауы. Қаланын у-шуынан жырақтағы бір сөзбен құт мекен. Естен кетпестей өтіп жатқан демалыстың шырқы бір-ақ күнде, дұрысы бір мезетте бұзылады. Айтып келмеген апат, көзді ашып жұмғанша лап беріп, жолындағының бәрін жайпайды. Цунамидің қатты болғаны соншалық тіпті оған төтеп бере алған ғимарат болмады. Мария үлкен ұлын тауып, қатты жарақаттар алғанына қарамай ет қызуымен қалған отбасы мүшелерін іздейді. Ал, басқа жағалаудан шыққан күйеуі екі баласын өзге адамдарға тапсырып, жарын іздеуге жолға шығады.

    Фильмдегі актерлердің қиналысын өз басыңнан өткергендей күй кешесің. Оқиғаның немен бітерін білмейтінін де бұл картинаны өзгелерден дараландырады. Бір жарым сағат уақытыңыз көруге кеткенмен, бәлкім осыған дейін түсінбеген өзіңіз үшің біраз нәрсені пайымдауыңыз да мүмкін. 2004 жылы болған цунами 200 мыңнан артық адамды жалмап еді. Сол кезден бір отбасының өмірімен сыр шертетін фильмнің, меніңше айтары да берері де баршылық.

    Актерлардың шеберлігіне шүбә келтіру тіптен мүмкін емес. Марияны сомдаған Наоми Уотстың Оскарға лайық екеніне кезектірек көзім жетті. Ал, отағасының рөлін ойнаған Юэн Магрегордің әсіресе, туысқандарына телефон шалып апат болғанын жеткізген сәтін сәтті, шынайы ойнағаны соншалық еріксіз көңіліңді босатады. Ал, әке шешесінің сөзіне фильм басталғанда құлақ аспайтын бала болып көрінген Том Холлэндтің фильм соңына дейін ой санасы қалай есейгенін көріп сүйсінесің. Өмір сүруге деген құштарлық апатқа тап болғанда, талай адамның онымен күресуіне күш берді. Тек сенім ғана, өлім аузында жатқан сәттің өзінде сүйреп алып шықты.

    Тағдыр талайымызға не жазылғаны бір Аллаға ғана аян. Сондықтан әр күнімізге шүкірішілік етейік...

  •  

    «Алда демалыс» деген жұмалық көтеріңкі көңіл-күймен кино көруге келгем. «Мүмкін емес» фильмін кештеу болса да, көру бұйырыпты. Поп-корн, сусынымды алып кіргенімді қайтейін, желінген жоқ. Оларды ұстап отырған күйі ебіл-дебілім шығып жыладым). 

    2004 жылы Тайландта болған цунамиде орын алған оқиға желісімен түсірілген фильм. Рождество мейрамын теңіз жағасында қарсы алмақ болған отбасы. Әкесі, анасы, үш ұлы. 

    Кино басталғанда бір-біріне қырсығатын, бір-бірін тыңдамайтын ағайынды үш ұлдың қылықтарынан өзімді көрдім. Жымидым. Жақсы көріп тұрсам да, өз дегенімді ғана алға тартып, айтқанымнан қайтпайтын қыңыр мінезімді бірден таныдым. 

    Анасы ұшақта кітап оқып отырғанда бір парағы ұшып түседі жерге. Әрине қалыпты жағдай деп, мән бермейміз. Бірақ, жағдай дәл цунами алдында тағы да қайталанады. Тылсам белгілердің бар екенін білмейміз не мойындамаймыз, тіпті мән бермейміз де. 

    Бір бәленің боларын сезгендей ана жүрегі дегбірсізденіп, түнімей ұйықтай алмайды. Бойында бір үрей тұрады. Сол сәтте қыдырып кетсем, келгенімше есік алдында күтіп отыратын уайымшыл анам көз алдыма келді. Барлық ана бірдей екен-ау... 

    Цунами барлық аймақты шарпып, анасы жанталасып ұлына қарай асыққан сәт, матрас үстінде анасының қолынан ұстай алмай дал болған баланың әркеті жаныңды шүберекке түйіп-ақ қояды. Өзім сол сәттерде тырнақтарымды тістелеп тастаппын). Осы сәттен бастап, көзіме тыным болмады, жыладым да отырдым. Әсіресе, қаны сорғалап тұрса да, даусы шыққан кішкентай баланы құтқаруға ұлын көндірген ананың, құтқарылған кішкентай баланың аянышты хәлін көріп, әй кеп жыласамшы).

    Қиындықты көргесін ғана есін жиған үлкен ұлында еркеліктің табы да қалмайды, анасынан айрылдым деп ойлаған сәтте сондай аянышты боп кетті(. 

    Бірақ, әкенің образы толық ашылмапты. Отбасының жартысынан айрылған әке екі кішкентай баласын бөтен әйелге айта салып, жібере салғаны, қатты қиналмағаны, үлкен ұлы мен әйелін өлді деп санағанның өзінде күйзелмегені бір түрлі болды. Туысына қоңырау шалып, еңкілдеп жылаған жерінде ғана әкесіне қосылып жыладым). Оны тұтқаның ар жағындағы туысы тиып тастады. «Апатқа ұшырадық, әйелім мен ұлымды таппай жатырмын» десе, «А, хабарын айтарсың» дей салғаны өтіріктеу боп кетті). Құдай-ау, реакция қайда? Шошу қайда? Байбалам салу қайда?) 

    Кино барысында оқиғаның өрбуі баяу. Бірақ, сол баяулық көңіліңді босатып, жылап алуыңа мүмкіндік беретін сияқты). Ойламаған жағдайлардың орын алуы көрермендерді одан сайын қызықтыра түседі. Әйтеуір соңында бәрі бір-бірін тауып, түгел қауышқанына қуанып кеттім). Актерлық шеберліктері де тамаша. Маған фильм ұнады. 

    Мүмкін мен тым сезімтал шығармын. Киноны көріп болғасын жырақтағы туыстарымды көргім кеп кетті. Қасымдағы екі сіңілімді қатты құшақтап алдым. «Алдымызда не күтіп тұрғанын Алла ғана біледі, жақсы сөзім мен мейірімімді аямайыншы» деп ойладым... 

    P.S. Бұл киноны демалыс күндері көруді реконмендеймін. Әйтпесе мен сияқты көп жылап, ертесі көзіңіз ісіп жүруі мүмкін).