• Біздің парақшалар:
  • Мисс Перегриннің өзгеше балаларға арналған үйі

    Дом странных детей Мисс Перегрин

    Miss Peregrine's Home for Peculiar Children

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ , Ұлыбритания , Бельгия
Слоган:
"Stay peculiar"
Режиссер:
Тим Бертон
Басты рөлдерде:
Теренс Стэмп , Джуди Денч , Сэмюэл Л. Джексон , Крис О’Дауд , Эйса Баттерфилд , Руперт Эверетт , Ева Грин , Эллисон Дженни , Майло Паркер , Элла Пернелл , Финлэй МакМиллан
Сценарий:
Джейн Голдман , Рэнсом Риггз
Продюсер:
Питер Чернин , Каттерли Фроуенфельдер , Дженно Топпинг
Жанр:
Фэнтези , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$110 000 000
Әлемдік табысы:
$285 012 161
Әлемдік премьера:
25 қыркүйек 2016
Қазақстандағы премьера:
6 қазан 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
127 минут
Суреттеме:

Фильмде 16 жасар Джейкобтың басынан кешкендері баяндалады. Кішкентай кезінде атасы оған түрлі қасиеттерге ие балалар тұратын үй туралы әңгімелер айтатын. Өзгеше тұрғындардың арасында қолына от ұстай алатын қыз, жерге аяғы тимейтін қыз, көзге көрінбейтін бала, сөзсіз сөйлесе алатын егіздер болған. Атасы қайтыс болған соң Джейкоб осы үй орналасқан аралға аттанады.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.7(142760)
  • Кинопоиск: 6.802(106486)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Тим Бертонның анау айтқан бір фанаты болмасам да, «Мисс Перегриннің өзгеше балалар үйі» фильмі ұнамады дей алмаймын. Тәп-тәуір фэнтези шығыпты.

    Фильмнің басында Джейкоб деген америкалық қарапайым, аздап бұйығы баланың қызықсыз өмірі көрсетіледі. Оның жалғыз ғана досы бар – қарт атасы. Ол Джейкобқа түрлі қызықты әңгімелер айтып беретін, әсіресе түрлі қабілеттері бар ерекше балалар туралы ертегілерді құлағына құйып отырды.  Бірде оның атасына қастандық жасалады, бірақ ол өлер алдында Джейкобқа мән-жайдың шет жағасын түсіндіріп үлгереді. Бас қаһарман алыс жолға шығып, атасының шын мәнінде не шаруа бітіріп жүргенін білмек болады...

    Қысқа-нұсқа қайырып жіберсек,

    Фильмнің ұнаған тұстары:

    - Жақсы сценарий, тың идея. Бұрынғы фэнтези жанрындағы фильмдерге ұқсамайды. Басқаша ертегі. Ренсом Риггздің қорқыныштылау келген ескі суреттермен безендірілген «Өзгеше балалар үйі» тырнақалды романы бүкіләлемдік бестселлерге айналғанда, Голливуд қол қусырып қалмағаны белгілі. Әйткенмен, дәстүр бойынша кітабын оқығандар фильмді жақсылап тұрып сынап жатыр.

    - Ева Грин. Рөлінде қатып тұр. «Көз ойындарын» айтсаңызшы! Жалпы образы, костюмдері, гримі өте сәтті шыққан. Евадан басқа ауадан да жеңіл қыздың рөлін ойнайтын Элла Пернелл де фильмге жақсы үйлесіп-ақ тұр.

    - «Алиса айнаның арғы бетінде» сияқты (ол да Бертондікі) кейбір фэнтези-фильмдердегідей қым-қуыт қойылымдар жоқ. Барлығы «шынайы өмірдегідей», бірақ готикалық атмосферамен түсірілген. Әсіресе уақытты тоқтатып қою, қайталау, минут-секундына дейін дөп басу сияқты эпизодтар өте қызықты.

    Ұнамаған тұстары:

    - Әдемі басталып келе жатыр еді, соңғы жағы ұйпа-тұйпа болып кетті. Құлағыңды түріп отырмасаң, фильмдегі құбыжықтар туралы маңызды бэкграунд ақпараттан құр қалдым дей бер. Ева Грин әлгілер туралы екі-үш қайырып, тез-тез түсіндіріп тастайды да, дереу шым-шытырық сюжеттер басталып кетеді. Бұл кітаптағы оқиғалардың жалпы тарихын фильмге сыйдыру үшін жасалғаны көрініп тұр.

    - Айқас барысында кезек күтіп төбелесу әдебі. Бір зұлымның көзі құртылғанша, екіншісі бұғып отыратындай әсер қалдырады (фильмнің монтаждалуына сын).  Сосын зұлымдар кішкентай қаһармандарды баласынып менсінбеді ме екен, әйтеуір аздап жайбарақат. Ал Сэмюэл Л.Джексон сомадаған жағымсыз кейіпкер дарақылау көрінді.

    Фильм жас балалар үшін тым қорқынышты. Өзгеше балалардың қабілеттері жүрегіңді тітіркендіреді. Кішкентай балаларға көрсетпеңіз. Нүкте.