• Біздің парақшалар:
  • Соққыға шыда, балақай

    Держи удар, детка

Жыл:
2016
Ел:
Ресей
Режиссер:
Ара Оганесян
Басты рөлдерде:
Константин Крюков , Михаил Пореченков , Олег Верещагин , Игорь Верник , Виктор Хориняк , Даниил Вахрушев , Юлия Такшина , Настасья Самбурская , Виталий Гогунский , Ольга Бузова , Андрей Крыжний , Екатерина Владимирова , Теймураз Тания , Анна Цуканова
Сценарий:
Леонид Марголин , Ара Оганесян , Артём Соловьев
Продюсер:
Ара Оганесян , Арам Оганесян
Жанр:
Комедия , Мелодрама
Қазақстандағы премьера:
6 қазан 2016
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Суреттеме:

Света мен Таня - егіздер. Оларды сырттай ажырату қиын. Алайда мінездері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Света - бұл нәзіктік пен өзімшілдік. Ол телевидение саласында жұмыс істегісі келеді. Ал Таня бокспен айналысады, Ресей құрамасына кіруге дайындалып жүр.

 

Таня бірде жарақат алып қалады. Сыңарын оның орнына медкомиссиядан өтуге, жаттығуға баруға көндіреді. Света оған қарсы талап қояды: Таня оның орнына телеарнада практикадан өтеді. Света бауырын жетістікке жеткізу үшін мінез-құлқын өзгертуі керек. Таня - Света бола алу үшін ақылға жүгінуді үйренуі керек.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.9(83)
  • Кинопоиск: 5.276(5101)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Көп әкелердің ұл балаларды қалайтынын білеміз ғой. Кеше көрсетілімге шыққан "Соққыға шыда, балақай!" атты фильміндегі әке де ұл баланы армандағанын байқауға болады. 2 қыз өмірге келеді. Бірі сұлулық әлемінің ханшайымы болғысы келсе, екіншісі бокстан чемпион болғысы келеді. Бірақ, екеуі де өз қойған мақсаттарына жете алатын мықты қыздар. Кино сондай жеңіл, әрі өмірден алығандықтан да қызықты, күлкілі.

    Света мен Таня екеуі бір-біріне ұқсайтындарын көп жерде пайдаланады. Бокстан алған жарақаты үшін Таняға біраз уақыт дайындыққа бармауы керек, ал бармаса жаттықтырушы оны жарысқа қатыстырмайды, ол егізін өз орнына жіберіп, оның орнына өзі телеарнаға жұмысқа барады. Бар қызық осы жерден басталады. Сәннен басқаны білмейтін Света спортқа бейімделе бастайды...

    Кино өте қызықты әрі күлкілі. Көңіл күйің кәдімгідей көтерліп қалады. Настасья Самбурскаяның макияжсыз түрін көріп біраз күліп алдым, әрқашан әдемі боп жүретін Настасья үшін бұл кино кәдімгідей сынақ болғанға ұқсайды. Екатерина Владимирова киноға жаңа түсіп бастаса да өз рөлін жақсы алып шыға алған сияқты. Көше қызы мен сәнге берілген екі образды сомдау қиындық тудырары анық, ал ол бұл қиындықты жеңе алған сияқты. Көріңіздер, көңіл көтеріп қайтыңыздар! 7/10.