• Біздің парақшалар:
  • Коктейль

    Cocktail

Жыл:
2012
Ел:
Ұлыбритания , Үндістан
Слоган:
"Sometimes good friends maybe too good to share..."
Басты рөлдерде:
Саиф Али Кхан , Дипика Падуконе , Рандип Худа , Диана Пенти , Боман Ирани , Димпл Кападиа
Сценарий:
Имтиаз Али
Продюсер:
Саиф Али Кхан , Динеш Виджан
Жанр:
Комедия , Драма , Мелодрама
Бюджет:
$7 980 000
Әлемдік премьера:
13 шілде 2012
Қазақстандағы премьера:
21 наурыз 2013
Жас шектеуі:
Е16 - Он алты жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
146 минут
Суреттеме:

Фильм сюжеті өзара достасып кеткен екі қыз бен бір жігіт төңірегінде өрбиді. Мінез-құлықтары мен өмір ұстанымдары әр түрлі болса да, тағдырдың жазуымен олардың арасында өзара махаббат орнайды. Кейіпкерлер өмірдің осындай қалыптан тыс сынынан сүрінбей өтіп, шынайы достық пен махаббаттың ара-жігін ажыратулары тиіс.

Рейтинг:

6,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.3(12548)
  • Кинопоиск: 7.292(1378)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Атына заты сай" деп осындайда айтса керек. Фильмнің өзі мазмұны жағынан мелодрама, комедия, драма коктейлінен тұрады.

    Әдетте фильмдердің жанрлар қоспасынан тұруы қалыпты жағдай ғой. Бірақ хронологиялық ретпен жанрлардың алмасуы сирек құбылыс. Өзім қателеспесем - бұндайды алғаш көріп тұрмын.

    Фильм үнділік кино канондарынан алыстай қоймапты: әдемі музыка, би, ән сала жөнелу, эмоция мен көңіл-күйді әуенмен жеткізу - бұрынғы 80-90 жылдардағыдай қатты белең алмаса да, жұрнақтары кездеседі. Батыстық үлгі мен заманауи көзқарастағы көрермендер де "Коктейльден" дәм тата алады. Өткені негізгі сюжеттік желі қазіргі Лондонда және осы шаһардың басты ерекшеліктерінің бірі болып кеткен - сәнді түнгі клубтарда өтеді.

    Картинаның алғашқы 30 минутын көре отырып, жастарға арналған жеңіл комедия деп асығыс қорытынды жасаппын. Драма, мелодрама элементтері, тіпті керек десеңіз - аздап трагедия да фильмнің екінші жартысында орын алады.

    Дегенмен картинаның тым созылыңғылығы мен дубляждағы техникалық кетіктер (дубляж Қазақстан актерлерінің көмегімен жасалды) оны жоғары бағалауға аздап кедергі болады. Бірақ түсіру тобының суретші/операторлары мен саунд/музыкамен әрлеу мамандарының ерекше еңбегін жоғары атап өту қажет.

    Салт-дәстүріне берік үнді халқының батыс әлеміне қатысты көзқарастардан туындайтын қарама-қайшылықтар қазақ жастары үшін де маңызды деп есептеймін. Сондықтан кейбір сәттерінде үлкендерімізден естіп жүрген ойларды, айналамыздан көріп жүрген құбылыстарды анық байқадым. Жастар, әсіресе жұптар қол ұстасып барып көруге тұрарлық дүние.