• Біздің парақшалар:
  • Күрескер-бір: Жұлдызды соғыстар хикаясы

    Изгой-один: Звёздные войны. Истории

    Rogue One: A Star Wars Story

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Гарет Эдвардс
Басты рөлдерде:
Алан Тьюдик , Форест Уитакер , Бен Мендельсон , Диего Луна , Алистэр Петри , Мадс Миккельсен , Бен Дэниелс , Джимми Смитс , Стефен Стэнтон , Риз Ахмед , Фелисити Джонс , Донни Йен , Цзян Вэнь
Сценарий:
Крис Вайц , Тони Гилрой , Джон Нолл
Продюсер:
Кэтлин Кеннеди , Эллисон Шермур , Саймон Эмануэл
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$200 000 000
Әлемдік табысы:
$1 056 057 273
Қазақстандағы табысы:
₸373 356 000
Әлемдік премьера:
10 желтоқсан 2016
Қазақстандағы премьера:
15 желтоқсан 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
133 минут
Суреттеме:

Фильмдегі оқиға төртінші "Жұлдызды соғыстарға" дейін болады. Сюжетте Империяға қарсы күрескен бір топ көтерілісші туралы баяндалады. Оларға "Ажал жұлдызы" аталып кеткен қуатты әскери станцияның сызбаларын ұрлап кету тапсырылады. 

Рейтинг:

8,75

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.8(491350)
  • Кинопоиск: 7.173(99089)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • "Болашақ" фондының шақыруымен, қазақ тіліне аударылған 17- әлемдік киноның жабық көрсетіліміне бардым. Алматы қаласының әкімі Б.Байбек айтпақшы, "Біздің Тәуелсіздігімізді тойлау күніне тұспа-тұс келген, біздің тәуелсіздік жолындағы күресімізге сай фильм" расымен ұлы күреске арналған "Күрескер-бір: Жұлдызды соғыстар хикаясы" фильмін тамашаладым.

    Шыны керек, қазір қазақ тіліне аударылған киноларға еш қиналыссыз бара берем. Себебі, аударма жақсы, сапалы, ең бастысы фильмның эмоциясын бере алады. Бұрынғыдай емес, қазір қазақша дубляждың кемшіліктерін байқамайсың. Қазіргі басты мақсат енді қазақ тіліне аударылған фильмдердің көрсетілімінің санын арттыруды өзіміз талап етіп, туыстарымыз бен таныстарымызды қазақ тілді киноны көруге шақыру. Киноны қазақша көруге үйрету.

    Жұлдызды соғыстар киносагасының сегізінші фильмі көңілімнен шықты. Фильмде экшн, махаббат, мейірімділік, үміт бар.  Джейн Эрсоның әкесін кішкентай кезінде империя алып кетеді. Себебі, ұлы ғалым ұлы қару жасауға міндетті болады. 15 жыл жалғыз өмір сүрген Джейн көтерілісшілер қатарына әкесінің ісін жалғау үшін қосылады. Себебі, әкесі жасаған ұлы қаруды құрту үшін қызына өсиет қалдырып кетеді. Көтерілісшілердің қорқынышы мен үміті қасиетті қалалары Джеда қаласының қирауынан күйзеліске ұшырайды. Алайда, әкесінің адал атын ақтап қалу үшін Джейн біраз адамды өзіне көмектесуге көндіре алады...

    Киноның айтар басты тақырыбы, әр көтерілістің тек үміттен құралатынын жеткізу. Тәуелсіздіктің ешқашан оңай жолмен келмейтінін тағы бір жеткізгісі келгендей. Көрейік, тамашалайық!

  • Жетінші эпизодтан соң фанаттардың жүрегінде қалған жырықты жамайтын кино. Ақшаны қуған мыжыма кино ма деген қорқынышпен барып едім, ерекше әсер алып қайттым. Түсірілу деңгейі, актерлар, барлығы жоғары деңгейде. Эффектілер, ғарыштағы соғыстар да барлығы шебер, оларсыз қалай болсын, өйткені бұл "Жұлдызды соғыстар" ғой. Гарет Эдвардсты бұрын танымайтын едім, енді оны Жұлдызды соғыстар фильмін өз ізіне қайтарған адам ретінде танитын боламын.

    Кино сюжеті өте шебер құрылған, басқа эпизодтарда түсініксіз қалған жайларды ашып береді. Үшінші және төртінші эпизод арасындағы оқиғаларды көрсетіп, сол кездегі көтерілісшілердің жанкешті әрекеттері мен саяси жағдайларды, өлім жұлдызының құрылу тарихын көрсетеді. Осыған дейін барлық эпизодтарда көтерілісшілер пәк, тек жақсылық үшін күресетіндер болып көрінсе, бұл эпизодта олардың да жай саяси құрылым екендігін, оның да кемшілігі бар екендігін ашқан.

    Фильмнің кульминациялық ең мықты сәті, ол Дарт Вейдердің пайда болуы. Осы рецензияны тек осы сәт үшін жазып отырмын десем де болады. Ешбір эпизодта "күш" дәл осы сәттегідей тамаша көрсетіле алмаған. Сенімдімін, киноның осы сәтінде әрбір фанаттың кірпік қағуға шамасы келмей қалған болар. Киноның соңына дейін көтерілісшілер ерекше адам қызығатын жандар болып көрінеді, олар батырлар, күрескерлер. Бірақ, олар шынайы "күш" алдында, құмырсқа, түкке тұрғысыз. Спойлер жасағым келмей отыр, мұны тек көру керек.

    Қазақша дубляжға келетін болсақ, әлі де сапаны көтеру керек секілді. Дауыстар адам характеріне қарай таңдалуы және басты кейіпкерлер дауыстарының бір-бірінен айқын айырмашылығы болуы керек. Ондайды байқамадым. Әйтсе де бұрынғыға қарағанда жақсылау.