• Біздің парақшалар:
  • Алмас қылыш

    Алмазный меч

    The Diamond Sword

Жыл:
2016
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Рүстем Әбдіраш
Басты рөлдерде:
Қарлығаш Мұхамеджанова , Досхан Жолжақсынов , Арман Асенов , Димаш Ақымов , Іңкәр Әбдіраш , Еркебұлан Дайыров , Аян Өтепберген , Иісбек Әбілмәжінов , Мадина Есманова , Ниязбек Шәйсұлтанов , Қайрат Кемалов , Мейірғат Амангелдин , Бекболат Тілеухан , Шұғыла Сапарғали
Сценарий:
Тимур Жақсылықов , Рүстем Әбдіраш , Смағұл Елубаев
Продюсер:
Арман Асенов , Іңкәр Әбдіраш
Жанр:
Драма , Боевик , Қызық оқиғалы , Тарихи
Қазақстандағы табысы:
₸81 606 000
Әлемдік премьера:
16 желтоқсан 2016
Қазақстандағы премьера:
5 қаңтар 2017
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
133 минут
Суреттеме:

ХV ғасырдың орта тұсы. Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыңғысханның немересі, Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.

 

1460 жыл. Орда Еженнің ұрпақтары – Керей мен Жәнібектің айналасына біріккен ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.

 

Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)