• Біздің парақшалар:
  • Көзайым (сериал 2017 - 2019)

Жыл:
2017
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Мақсат Оспанов , Жасұлан Пошанов , Ақжол Әбілов
Басты рөлдерде:
Райхан Айтқожанова , Ерік Жолжақсынов , Жалғас Толғанбай , Асхат Үрпеков , Мұрат Ахманов , Нұрлан Әлімжанов , Азат Сейтметов , Айгүл Иманбаева , Жомарт Зейнәбіл , Сәбит Әбдіхалықов , Рауан Мұратәлиев , Олжас Әлжанов , Салтанат Қалиева , Маржан Қалыбек , Батыр Байназаров , Нұрболат Абдуллин , Ақниет Беласарова , Жазира Еркін
Сценарий:
Данияр Күмісбаев , Сафуан Шаймерденов , Салтанат Қалиева , Қанат Рамазан
Продюсер:
Салтанат Қалиева , Айгүл Ақсамбиева , Мұрат Жұмабаев
Жанр:
Мелодрама
Қазақстандағы премьера:
23 наурыз 2017
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
42 минут
Суреттеме:

1 маусым: Дәулетті отбасында өскен Еркебұлан достарымен бәстесіп, даяшы Көзайымның жүрегін жауламақ болады. Уақыт өте келе ол қызды шынайы ұнатып қалғанын байқайды. Ал Көзайым іштей Сұлтан деген жігітті ұнатып жүреді. Көп ұзамай Сұлтан Еркебұланның ағасы екенін біледі. Бұл аз болғандай, көп жыл бұрын Көзайымның анасы мен Еркебұланның әкесінің арасында ыстық сезім болғаны анықталады.

 

2 маусым: Ата-анасымен қатты ренжісіп қалған Еркебұлан өз бетінше күн көремін деп жүріп, ауыр жағдайға тап болады. Басынан қатты соққы алған ол есінен айырылып, шалғайдағы бір фермада қара жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ, біртіндеп өткен өмірі есіне түсе бастайды. Сол кезде жас жігіт құлдықтан құтылудың амалын қарастырады. Көзайым алдына мақсат қойып, биік жетістіктерге ұмтылады. Ол өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, Қазақстанның қарқынды дамуына үлесін қосу үшін көп білім қажет екенін жақсы түсінеді. Екі отбасында болып жатқан оқиғалармен қатар, жас қыз балалар үйі мен әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қолдау көрсететін қоғамдық қозғалыстар жұмысына белсенді араласады. Сұлтан отбасылық бизнесті сақтап қала алмайды. Бірақ біраз уақыт өте келе, жаңа күш жинаған жас кәсіпкер құрылыс саласында үлкен қадам жасап, Қазақстанның басқа дамыған елдермен серіктестік қарым-қатынасын нығайтуға атсалысады. Димаш пен Әлия еліміздегі медицинаның әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінен еш кем түспейтінін өз бастарынан өткен оқиғалары арқылы дәлелдеп өтеді. Екеуінің арманы орындалып, нәресте сүйеді. Алайда, осы бақытқа жетер жолдың өзі қым-қуыт қиындыққа толы болмақ. 

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)