• Біздің парақшалар:
  • Гамбит

    Gambit

Жыл:
2012
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Майкл Хоффман
Басты рөлдерде:
Алан Рикман , Кэмерон Диаз , Колин Ферт , Стэнли Туччи , Клорис Личмен , Том Кортни , Анна Скеллерн , Того Игава , Алекс МакКуин
Сценарий:
Итан Коэн , Джоэл Коэн
Продюсер:
Роб Пэрис , Адам Рипп
Жанр:
Комедия , Қылмыстық
Әлемдік табысы:
$10 200 000
Қазақстандағы табысы:
〒12 841 200
Әлемдік премьера:
7 қараша 2012
Қазақстандағы премьера:
7 наурыз 2013
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
89 минут
Суреттеме:

Лондондық өнер сүйгіш бай коллекционерге Моненің жалған картинасын сатып, алдамақ болады. Ол үшін Техастың бір қызымен келісіп алады. Қыздың өнерге еш қатысы жоқ, бірақ ол байды алдау үшін, Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында әкесі картинаны тауып алғаны туралы өтірік оқиға ойлап табады. 

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.7(22510)
  • Кинопоиск: 6.108(17238)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Нағыз Гамбит!

    Бастығын жақсы көретін адам кемде кем шығар. Әдетте қарапайым қызметкер үшін бастық - зұлым, қатігез, жүрексіз, ақылсыз болып келеді. Фильмдегі Колин Ферттің кейіпкері де бастығынан өшін ала алмай жүрген бейшара жұмыскерлердің бірі еді. Сөйтіп жүргенде есе қайтарудың бір амалын табады. Бірақ бар қаражаты мен ақылын жұмсаған жоспары бірден іске аса қоймайды. Сонда ол көрермен күтпеген қадамдарға барады.

    Фильм сюжеті жеңіл, авантюралық комедия. Британдық актерлердің америкалықтардан бір ерекшелігі - юморларында салмақ пен астар бар. Осы жолы осыған тағы бір көз жеткіздім. Күлкілі сәттер жетерлік, әсіресе К. Ферттің орындауындағы рөл - тамаша!

    Бастығыңның алдында ез болған абыройыңды қайта ақтап қана қоймай, оны масқара етіп, ол аз десеңіз - 11 миллион долларға ие болудың жолын білесіз бе? Білмесеңіз - жауабы кинода. Тамашалаңыз, өкінбейсіз. Әсіресе, финалы таңғалдыра алады.