• Біздің парақшалар:
  • Шұғыла

    Сияние

    The Shining

Жыл:
1980
Ел:
АҚШ , Ұлыбритания
Слоган:
"The Horror is driving him crazy"
Режиссер:
Стэнли Кубрик
Басты рөлдерде:
Джек Николсон , Шелли Дюваль , Дэнни Ллойд , Скэтмэн Крозерс , Бэрри Нельсон , Филип Стоун , Джо Тёркел , Энн Джексон , Тони Бертон
Сценарий:
Стэнли Кубрик , Дайан Джонсон , Стивен Кинг
Продюсер:
Стэнли Кубрик , Роберт Фрайер , Ян Харлан
Жанр:
Драма , Триллер , Детектив , Үрейлі
Бюджет:
$19 000 000
Әлемдік премьера:
23 мамыр 1980
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
142 минут
Суреттеме:

Бұрын мұғалім болған, қазір жазушылыққа бет бұрған Джек елді мекендерден жырақта орналасқан бір қонақүйге күзетші болып жұмысқа орналасады. 

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 8.4(792725)
  • Кинопоиск: 7.805(124523)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Фильмнің 1980 жылдары түсірілгенін ескерсек,«тіптен жаман емес» деген баға беремін. Стэнли Кубриктің «The Shining» (Шұғыла) триллері көруге тұрарлық, айтуға тұрарлық дүние екеніне көз жеткіздім. Ең үрейлі фильмдердің түрлі чарттарында бұл өзі алдыңғы қатардан көрініп жүр.

    Жалпы сюжеті былай: Бұрын мұғалім болған, қазір жазушылыққа бет бұрған Джек елді мекендерден жырақта орналасқан бір қонақүйге күзетші болып жұмысқа орналасады. Бұл өзі инфроқұрылымының жоқтығына байланысты 6 ай қыста жұмыс істемейтін қонақүй еді. Джекке жүктелген міндет — осы кезеңде қонақүйге бас-көз болуы керек. Әрі өзіне де жақсы — тыныштықта шығармашылық жұмысына уақыт жетерлік. Ұлы мен әйелін қонақүйге қыстауға алып келгеннен кейін, жазушы Джек мазасыз, ашушаң бола бастайды. Бәрі де осыдан басталады.

    Шынымен де, болуы мүмкін жағдай секілді көрінеді маған. Ойлап қараңыз: айналада бір үйден басқа ештеңе жоқ, қалаға апарар жол 6 ай бойына қалың қармен бітеліп қалады. Алып сарай, ішінде тек 3 адам. Бір түрлі сезімдер туғызатыны сөзсіз. Психологиялық тұрғыдан ауыр болар еді.

    Бұған дейінгі рейтінгіне аса мән бергеннен ба, аса бір үрей мен қорқынышқа толы қанды көріністер күтіп едім. Мен ойлағандай сәттер көп болмады. Дегенмен, үрейлі триллер атағына лайықты деп есептеймін.

    Мистика элементтері де ұшырасады фильмде. Әсіресе, басты кейіпкердің баласына қатысты көріністері бір тылсым қойылымдарға толы. Мысалы, бұған дейін осы қонақүйде болған қанды қырғынның үзінділері көзіне елестейді. Бір бөлменің есігінің ашылуы, түрлі дауыстар т.с.с. Бұл да фильмге үрейдің берер үлесін арттыра түседі.

    30 жылдан асқан фильм қазіргі кейбір «хиттардан» да асып түсетініне кепілдік беремін. Бірақ, айтқандай әлемдік үздіктер қатарына жатқызуға асықпас едім.