• Біздің парақшалар:
  • Галактика сақшылары. 2 бөлім

    Стражи Галактики. Часть 2

    Guardians of the Galaxy Vol. 2

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ
Слоган:
"This summer, the galaxy won't save itself"
Режиссер:
Джеймс Ганн
Басты рөлдерде:
Брэдли Купер , Зои Салдана , Крис Пратт , Сильвестр Сталлоне , Пом Клементьефф , Вин Дизель , Дэйв Батиста , Карен Гиллан , Майкл Рукер , Элизабет Дебики , Курт Рассел , Крис Салливан , Лора Хэддок , Шон Ганн
Сценарий:
Джеймс Ганн , Дэн Абнетт
Продюсер:
Виктория Алонсо , Кевин Файги , Луис Д’Эспозито
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$200 000 000
Әлемдік табысы:
$863 732 512
Қазақстандағы табысы:
₸304 882 000
Әлемдік премьера:
19 сәуір 2017
Қазақстандағы премьера:
4 мамыр 2017
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
136 минут
Суреттеме:

Питер Квилл (Жұлдызды лорд), сабырлы ойраншы Дракс, жасыл түсті қарақшы Гамора, сөйлей алатын жанат Ракета мен ағаш-адам Грут секілді ерекше кейіпкерлерден құралған жасақты жаңа оқиғалар мен ерліктер күтіп тұр.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 6

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(513568)
  • Кинопоиск: 7.515(155988)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Галактика сақшылары" Марвел кинохронологиясының бір бөлшегі екеніне қарамастан, Джеймс Ганның арқасында ол дербес әлем ретінде өрбіп жатыр. Бұл ерекше айшықталған стилімен, орынды қолданылатын саундлистімен және балаға да түсінікті көңілді атмосферасымен айқындалады.

    "Галактика сақшылары" Марвел шығарған фильмдердің фонында - шалғайдағы беймарал ауылға ойда-жоқта келіп қалған цирк секілді: түрлі-түсті, жарқ-жұрқ, у-шу, сауық-сайран мен ән-думан. Не болғанын аңғарып та үлгермейсің, ал цирк думандатып көз ұшында кетіп бара жатады. Олар қалдырып кеткен әдемі оқиғалардың әсерімен арттарынан қимастықпен ұзақ қарап тұрасың.

    Джеймс Ганның фетиші - 1980 жылдар: неон, музыка және сол кезеңнің өмір салты. Бұл махаббатын режиссер мүлдем жасырмайды, тіпті фильмнің басты фишкасы ретінде қолданады. Осы арқылы картинаға ерекше стиль береді, жастары мен көзқарасы сан түрлі көрермендерін бір арнаға тоғыстырады. Тіпті сол заманға деген қызығушылығыңды оятып жібереді екен.

    Стиль демекші, сексенінші жылдардың белгілері бұл жолы біріншісінен де басымырақ па дедім: ғарышты осыншама неон түстермен бояуға болатынын білмеппін. Тіпті неон түстерді көп қолдану жүректі айнытатындай көрінетін. Алайда, бұл фильмнен кейін ойым мүлдем өзгерді. Тіпті сол жылдардың әуендерінде көп кездесетін электрони дыбыстар да сәтімен қолданылған. Мысалы, атыс қаруларынан шыққан дыбыстар осындай электростайл сүйемелдеуге ие болыпты.

    "Галактика сақшылары" не дегенде, әлбетте, бірінші кезекте бірден ересек ұрпақ тыңдаған музыка келеді құлағымызға. Осы жолы да сол замандардың шлягерлері шырқалады. Елітіп тыңдайсың. Ескі-құсқы пластинкалар мен аудиокассеталарды қайтадан іздеп тапқың келіп кетеді.

    Бірінші фильмде біз кейіпкерлермен танысу кезеңінде болдық. Олардың мінез-құлқы мен ішкі толғаныстарын таныдық. Алғашқы бөлімдегі оқиғалар да бізді олармен жақынырақ танысу үшін құрылды.

    Ал бұл жолы біз кейіпкерлердің әрі қарайғы дамуын көреміз. Осы күнгі істері мен тірліктеріне не себеп болғанын және олардың осындай тағдырына не итермелегенін білеміз. Олар тұлға ретінде де осы жолы көп ашылды деуге болады. Әлбетте, бұл өз кезегінде Сақшылардың бұрынғыдан да жақындаса түсуіне, бір-біріне қамқор болып, бауырмалдық танытуына алып келеді. Қарайсың да, елжіреп сала бересің.

    Бірінші картинада зұлым саналған кейбір персонаждардың жаңа бетбұрысы да байқалды. Оларды да халық жақсы көріп кетті деп ойлаймын. Сильвестр Сталлоненің эпизоды оның келешекте Марвел әлемінің бір бөлшегіне айналатынына ишара білдіргендей болды.

    Бөпе Грут туралы мәңгі айта беруге болатын шығар. Ата-ана статусындағы кез келген көрермен Груттан өз баласын көре алды деп ойлаймын. Өзім әйтеуір тоғыз айлық ұлымның қылықтарын көргендей болдым. Бұл кейіпкер сонысымен де қызық, сонысымен де бәріне ұнайды. Фильмнің тартымдылығын 100 пайызбен өлшесек, 60-70 пайызын осы сүйкімді персонаждың қылықтары алып кететін шығар.

    "Галактика сақшылары 2" - "Болашақ" қауымдастығы қазақша дубляждаған 19-шы фильм. Сапасы жаман емес. Біріншісін көрген адам ретінде - осы жолғы дубляждың деңгейі бұрынғыдан еш кем түспейтінін сеніммен айта аламын.

    Екі ескертуім бар: Фильм 16+. Сондықтан залда кішкентай балалардың отырғанын кеше өзім аса құптай қоймадым. Фильм де өзінің жас рейтингін толықтай ақтайды: бейәдеп сөздер мен ересек әзілдер бар. Ата-аналарды осы фактіге назар аударуды сұраймын.

    Сосын, Марвелдің өнімдерін көріп жүрген адамдар жақсы біледі - фильм біткен соң, ақырғы титрлар кезінде қосымша мини-эпизодтар немесе көріністер болады. Бұл жолы оның саны бесеу. Сондықтан фильм біте сала сыртқа шығуға асықпаңыз, бес көріністі көріп болған соң тұруға кеңес беремін. Кешегі көрсетілімде бұл жағдайдан ешкімнің хабары болмаған секілді, залда өзім ғана қалыппын :)