• Біздің парақшалар:
  • Ұлы да құдіретті Оз

    Оз: Великий и Ужасный

    Oz the Great and Powerful

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Find yourself in Oz."
Режиссер:
Сэм Рэйми
Басты рөлдерде:
Джеймс Франко , Эбигейл Спенсер , Мила Кунис , Рэйчел Вайс , Мишель Уильямс , Зак Брафф , Билл Коббс , Джои Кинг , Тони Кокс , Стивен Р. Харт
Сценарий:
Дэвид Линдси-Эбейр
Продюсер:
Джо Рот
Жанр:
Комедия , Фэнтези , Отбасылық , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$215 000 000
Әлемдік табысы:
$493 311 825
Қазақстандағы табысы:
〒160 058 131
Әлемдік премьера:
14 ақпан 2013
Қазақстандағы премьера:
7 наурыз 2013
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
127 минут
Суреттеме:

Цирк сиқыршысы Оскар Диггсті қатты дауыл шаң басқан Канзастан сиқырлы Оз еліне алып келеді. Алдап-арбаумен күн кешетін циркшы оңай олжаға кенелемін деп ойлайды, өйткені жаңа жерден ол ескі трюктарын қолданып, атақ-даңққа ие болудан үмітті еді.

 

Дегенмен Оскар жаңа әлемнен Теодора, Эванора және Глинда есімді үш дуагерді кездестіреді. Олар Оскардың мүмкіндіктеріне күмәнмен қарайды. Енді ол бар күш-қабілетін пайдаланып, қолынан келген сиқырдың бәрін пайдалануы керек.

 

Жақсылық пен Жамандықты таңдау жолында, Оскар ұлы да құдіретті сиқыршы болып қана қоймай, өзін де жақсы жағына өзгерте алуы тиіс.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.3(192899)
  • Кинопоиск: 6.26(81838)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (3)

  • Мен сияқты фэнтези жақсы көретіндер міндетті түрде көретін фильм. Мағына, мораль іздегіштерге арналған дүние емес әрине, көңіл көтеріп, сиқырлы әлемге саяхаттап қайтуға болады. Ақ пен қараның шайқасында, аяғында жақсылық жеңіп шығатын ертегі деп сипаттаса болар бұл фильмді.

    Оз әлеміне аяқ асты "құтқарушы сиқыршы" ретінде тап болған Оскар, бірінен бірі өткен сұлу апалы-cіңлілі мыстандармен кездеседі. Таңғажайып әлемге тап болғасын, бұрын көрмеген ғажайыптар мен бұрын кездестірмеген кейіпкерлермен танысып, сиқыршы Оскар да өзгереді.

    Оз әлемін, ғажайып әлемді керемет қып көрсете білген режиссер. Киімдердің дизайнымен айналысқан адамға да қатты риза болдым. Юморы да керім фильм, әйтеуір фильм бойынша бүкіл зал күліп отырдық. Жәй адамдар, сиқырлы персонаждары да керемет тартымды. Фильм бойынша ең ұнаған да сол сиқырлы персонаждың бірі ұшатын маймыл Финли болды. Сондай сүйкімді өзі және ісіне адал, тіпті сондай хозяйственный дер едім:))))

    P.S. 8/10 қойдым, себебі Теодораның тағдырына көңілім толмай қалды:)))

  • Томас Эдисон - ұлы сиқыршы.

    Сиқыр әлемі бірден баурап алды. Авторлар бала түгілі ересек сенетін ертегі әлемін жасауды мақсат тұтса - олар оған қол жеткізді деп сеніммен айтуға болады.

    Актрерлерден Мишель Уильямс пен Джеймс Франконың әртістік шеберлігін ерекше атау қажет. Әсіресе Озды сомдаушы Франко шынымен таңғалдыра алды. Түрлі эмоциялық сәттерді сөзсіз, іс-қимылымен-ақ көрерменге толық жеткізе алған секілді. Оның күрделі драмаларға да, қызық оқиғалы фэнтези хикаяларға да бірдей үйлесе алатынына куә болдық.

    Шыны керек, Мила Кунистің осындай фильмде көрінуі мен үшін жаңалық болды. Бәріміз оны жастарға арналған комедиялардан көріп үйреніп қалғанбыз. Ол туралы қалыптасқан стереотип те әсер еткен шығар, мыстан кейпіндегі ойыны да, кейіпкерлік образы да өз деңгейінде ашылмай қалғандай көрінді. Бірақ дәл осы Мила Кунистің арқасында сұлу дуагердің, түрлі ертегілерден көріп өскен - шошайған қалпағы бар, мұрны мен иегі сүйір, тырнақтары ұзын, сыпырғышпен ұшатын қап-қара киімді мыстанға айналу себебін және процесін көрдік.

    Фильм мен күткен деңгейден жақсырақ болып шықты. Қуантарлық, таңғаларлық жағдай.

    Монтаждау тобы мен арнайы эффект жасаушылар еңбегі айқын көрініс тапты. Оз деп аталатын сиқыр әлемі шынымен тамаша. Әр деталь өзінше орындалып, жалпы фонның үйлесімі мен әдемілігі үшін өң беріп тұр. Оз: алып та әдемі гүлдер әлемі, меруерт пен басқа да асыл тастар әлемі, сұлу табиғат пен таңғажайып жануарлар әлемі. Ең бастысы осы аталғандардың бәрінің өзіне тән, қайталанбас қанық та айқын түсі бар.

    Балаларға бұл туынды тамаша әсер беретіні анық. Ересектер де жақсы көңіл-күйден құр қала қоймас.

    Томас Эдисон неліктен ұлы сиқыршы? Оны фильмді көрген адам ғана түсінеді :)

  • Бір түсті сұр әлемнен жалықтыңыз ба? Онда сізге "Ұлы да құдіретті Оз" (ОЗ:великий и ужасный) фильмін көруге кеңес беремін. Иа, иа, иа не себепті деген сұрақ туындайды. Жауап беруге тырысайын.

    Елестетіңізші, сіз күнделікті сұрғылт түсті өмірде күн кешіп жатырсыз. Бірақ сіздің қиялыңыздағы әлем және сіз мүлдем басқа әлемге  және басқа орындарға лайықсыз. Бұл әлемде сіз өтірікшісіз иа қарапайым өтірікші емес иллюзианист өтірікші. Сіздің қойылымдарыңызға ешкім келмейді, келген күнде де сізге сенімсіздікпен қарайды. Тіпті ол аз дегендей көшпелі циркта өмір сүресіз. Жаман күй әсер етіп өтті иа...  Әр жерге барғанның бір пайдасы бар ол әдемі қыздар мен олардың сізге деген әдемі сезімдері. Әрине қыздар құлақтарымен сүйеді, жәй ғана шкатулка сыйлап оның сіздің өміріңізде үлкен орын алатын апаңызды ең керемет заты екенін айта білсеңіз болды. ...

    Оз атты иллюзанист өтірікші жігіт желі тоқтамайтын Канзас аралында осындай сұрықсыз әлемде өмір сүріп жүріп торнада ураганына тап болады. Сол бір торнадо желі оны бір керемет қызылды жасылды, ұшып қана қоймай сөйлейтін маймылдары, феяларының тісі бар керемет те қорқынышты аралға әкеліп тастап кетеді. Ескерте кетейін әлемнің әдемілігі көздің жауын алады, байқап отырыңыз аузыңыз ашылып қалмасын... |Әлгі әлемнің әдемілігі сондай ол жерде де тек әдемі қыздар күтіп алады сізді. Тух, әдемі қыздарды ғана айта беріппін ғой сіздерді керемет сарай алтыннан апталған тақ күтіп тұр. Әрине, әдемі қыздардың легі мұнымен таусылар емес...

    Ол әлемде сізді ең мықты сыйқыршы ретінде күтіп, сізге тақ берді. Салыстырыңызшы, қай әлем көбірек ұнар еді сізге? Мен Озды түсінем, менде мынандай керемет әлемнің ханы болуға барымды саламын. Себебі мен алтындарды сүйем... Соңы не болары маған да қызық, себебі мен де соңын көре алмай қалдым ))))

    Қалай сізді кино қызықтырды ма? Онда 7- наурыздан бастап қалаларыңызды кинотеатрларынан осы фильмді қарап шығуды рекомендеймін. Мүлдем сіз елестетіп те көрмеген әлем сізді бірден қызықтырады. Тіпті қиялыңызға ерік беріп өзге әлемді армандайсыз. Армандаңыздар және арманға қол жеткізіңіздер!