• Біздің парақшалар:
  • Ғажап әйел

    Чудо-женщина

    Wonder Woman

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Пэтти Дженкинс
Басты рөлдерде:
Дэвид Тьюлис , Крис Пайн , Юэн Бремнер , Дэнни Хьюстон , Галь Гадот , Робин Райт , Конни Нильсен , Лиза Ловен Конгсли , Елена Анайя , Люси Дэвис
Сценарий:
Зак Снайдер , Джейсон Фукс , Аллан Хейнберг
Продюсер:
Зак Снайдер , Чарльз Ровен , Дебора Снайдер
Жанр:
Фэнтези , Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$120 000 000
Әлемдік премьера:
25 мамыр 2017
Қазақстандағы премьера:
1 маусым 2017
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
141 минут
Суреттеме:

Ғажап Әйел атанғанға дейін ол - амазондықтар ханшайымы Диана еді. Оны жастайынан жауынгерлікке баулыды. Сырт әлемнен келген америкалық пилот амазондықтар тұратын аралға құлап, сол арқылы әлемде болып жатқан соғыс туралы естіп біледі. Диана өз үйін тастап, қауіппен күресуге аттанады.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 2
  • IMDb: 8(185159)
  • Кинопоиск: 6.779(58316)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • "Чудо-женщина" киносын именно кинотеатрдан көруге кеңес берер ем. Себебі, спецэффектілер кинотеатрдан көрген кезде жақсы байқалады. Галь Гадот пен амазонкалардың әдемілігі адамды бірден баурап алады. Амазонкалардың төбелесі мен олардың тұрып жатқанын аралын суретшілер жақсы бере алған. расымен, жер бетіндегі жұмаққа ұқсайды. Киноның желісі бір қалыпты, адамға түсінікті.

    Галь Гадот, әдемілікпен бірге әйелдің қылықтығын, қайсарлығын, батылдығын, аңқаулығын, эмоциясын жақсы бере алған. Адамды сендіре алады.

    "Крис Пайн түскен фильмдердің барлығында міндетті түрде мотоцикл болуы керек пе?" деген ой келді. Алдында Стартекте түскен кезде де өзінің мотоциклды жақсы айдайтынын көрсетіп еді, мында да өзінің шеберлігін бір паш еткен. Ол жақсы актер, сымбатты. Бірақ, мен "Чем, дальше в лес" фильміндегі "керемет ханзаданың" рөлінде ғана елестетіп тұрам. Сонан соң, оның мойыны қысқа сияқты әсер қалдырады маған. Жалпы, ойыны нашар емес, жақсы.

    Кинода динамика да, махаббат та, достықта бар. Барлық комикстерге тән әзілде жақсы қолданылған. Кино әдемі, әрі қызық. Кеткен ақша мен уақытқа өкінуге болмайды. Қайта көруге қарсы емеспін. Көріңіздер!

     

     

  • Не айтуға болады? Өз жанры мен канондарын сақтай отырып жасалған туынды. DC киноғаламының бір бөлшегі бола тұра, сюжет жағынан "Әділет лигасына", яғни "Лига справедливости" жобасына байланып қалғанына қарамастан, Диана ханшайымның өз әлемі кеңінен ашылған.

    Қазір DC киноғаламында Бэтменнің рөлі екінші планға ығысуы да осы Ғажап әйелдің кесірінен болып жатыр. Әділет Лигасында басты суперқаһарман осы Диана болады деп айтылуда. Хуле, соңғы уақытта халі мүшкіл Уорнер Бразерске 800 млн доллар табыс алып берді, соңғы жылдардың ішінде алғаш рет сыншылардың мақтауына ұшырады. Уорнер Бразердің осы жетістікті пайдаланып, Ғажап әйелдің бүкіл сөлін сорып, әбден дымы қалмағанша пайдалануға тырысатыны белгілі нәрсе.

    Дегенмен фильм кемшіліксіз де емес, үйлеспей қалған, фильмнің атмосферасына сәйкеспей кеткен тұстары бар. Галь Гадоттың да ойынына сын айтуға болады. Бірақ, франшизаның осыған дейінгі туындыларымен салыстырғанда көш ілгері. Сол үшін 7/10 беріп отырмын.