• Біздің парақшалар:
  • Тасжүрек

    Нелюбовь

Жыл:
2017
Ел:
Ресей
Режиссер:
Андрей Звягинцев
Басты рөлдерде:
Марьяна Спивак , Марина Васильева , Алексей Розин , Евгения Дмитриева , Андрис Кейшс , Алексей Фатеев , Джан Бадмаев , Сергей Двойников , Артем Манукян , Наталья Винокурова
Сценарий:
Олег Негин
Продюсер:
Александр Роднянский , Сергей Мелькумов , Глеб Фетисов
Жанр:
Драма
Қазақстандағы табысы:
₸10 942 000
Әлемдік премьера:
18 мамыр 2017
Қазақстандағы премьера:
1 маусым 2017
Жас шектеуі:
Е18 - Он сегiз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер
Ұзақтығы:
127 минут
Суреттеме:

Фильм ажырасып жатқан мәскеулік отбасы туралы. Оқиғаның әр кейіпкеріне бұл жағдай өзінше ауыртпалық алып келеді. Ұрыс-керіспен жүрген ерлі-зайыптылардың жалғыз ұлы назардан мүлдем тыс қалады. Ешкімге керек емесін сезген Алёша үйден кетіп қалады...

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(24144)
  • Кинопоиск: 7.47(51104)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Фильм алғашқы минуттан соңғы титрға дейін махаббатсыздықтың қандай болатынын паш етіп, көрерменге дабыл сигналын қағумен болады. "Тасжүрек" деп қазақшалау фильмнің мәнін аша алмағандай болды. Фильм махаббаттың жоқтығы, махаббатсыздық туралы. Бұл тұрғыда тұпнұсқа атауы дәл қойылған.

    Синопсисінде жазылғандай, картина ажырасып жатқан жұп туралы. Әрқайсысының өз жеке өмірі бар, сондықтан ортақ ұл - екі жақтың да жаңа бақытына кедергі келтірмекші. Сол себепті баланы өсіру жауапкершілігін ері әйеліне, ал әйел еріне жүктегісі келеді. Шешімі жоқ даудың арасында ұл зардап шегеді. Ол екі жаққа да керек емесін сезеді. Сезеді де... із-түссіз жоғалып кетеді.

    Фильм атмосферасы жаумай үстіңнен төніп тұрғып алған қара бұлт секілді - ішкі әлеміңді түнертіп, жақсылыққа, жағымды оқиғаларға үміт артпай-ақ қоюды бірден ескерткендей болады көрерменге. Бұған музыкалық әрлеуді қосыңыз. Бүкіл денең жамандықтың боларын сезіп, арқаңды тітіркендіріп жібереді.

    Немқұрайлық, махаббатсыздық барлық жерде: бір-бірін жек көріп кеткен ерлі-зайыптылар, немқұрайлық танытқан тергеуші, долы ана/ене, басты кейіпкерлердің эгоистік кейіптегі жаңа ашыналары. Персонаждардың түрінен жылылық іздеп кетеді екенсің тіпті. Алайда персонаждарда бір ғана махаббат бар - смартфонға, өзіміз қолмен құрып жалған алған әлемге сүйсіну. Әрине бұл да фейк махаббат. Оны экран алдындағы кез келген адам анық түсінеді деп ойлаймын. Виртуал - әу бастан шын емес дегенді білдіреді емес пе?!

    Звягинцев актерлер іріктеуде, персонаждардың образын жасауда аса шебер. Әр деталь, әр қимыл образдардың ашыла түсуіне, көрерменмен жақын танысуына сеп болады. Финалда сен әр кейіпкердің мінезін өз жақыныңдай біліп шығасың.

    Әлбетте әлеуметтік драма ретінде картинаның барысы параллельдер мен аллегориялардан тұрады. Оған бөлек материал арнау керек шығар. Бүкіл көріністің түйіні ретінде Украинадағы қақтығыстың репортажын фон ретінде пайдалануы аздап күтпеген, бірақ өте әсерлі жайт болды. 

    Фильм техникалық тұрғыдан да өте жақсы жасалғанын айта кету керек. Операторлық жұмыс, түстің қолданылуы картинаға ерекшелік беріп, көрерменге эстетикалық ләззат сыйлайды.

    Звягинцевтің мен екінші фильмін көріп отырмын және екінші рет жан дүниені қопарып, көпшілігіміздің жанды жерімізге дәл тигізгенін көріп отырмын. 

  • Кино, нағыз қазіргі заманда болып жатқан әлеуметтік тақырыпты қозғайды. Бізге күнделікті байқамайтын нәрсені жақсы көтерген.

    Отбасылық қасиеттен дым қалмаған кез. Еркек өз отбасынан безіп, отбасының алдындағы міндетін ұмытқан. Әйел, ана екенін, жар екенін ұмытқан. Инстаграм сияқты әлеуметтік желінің құлы, сән әлеміне табынушы. Ол да күйеуіне ерегесіп сырттан бақыт іздеген бейшара. Жалғыз ұл, ешкім оның жағдайын, ешкім оның жай күйін түсінбейді. Тасжүрек ана мен әкенің ортасында қалған іздеуі жоқ бала. Ол ешкімге салмақ салмай өзімен өзі кеткісі келеді...

    Шынымен, махаббат болмаса өмір сұрғылт нәрсе. Нәпсі, қу ақша мен заман ағымына түсіп махаббаттары мен бір-біріне деген сенім мен сыйластықтан айырылған дүбара қоғам.

    Адамға ой саларлық кино, қарап шығуға кеңес берем. Бір уақыт "біз қайда барамыз?" деген сұраққа толғана білу керек.