• Біздің парақшалар:
  • Көліктер 3

    Тачки 3

    Cars 3

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Брайан Фи
Басты рөлдерде:
Крис Купер , Керри Вашингтон , Марго Мартиндейл , Арми Хаммер , Тони Шэлуб , Оуэн Уилсон , Бонни Хант , Ларри Кейбл Гай , Чич Марин , Пол Дули , Майкл Уоллис , Нэйтан Филлион , Кіші Исайя Уитлок , Кристела Алонзо
Сценарий:
Боб Питерсон , Брайан Фи , Кил Мюррэй
Продюсер:
Джон Лассетер , Кевин Реэр , Андреа Уоррен
Жанр:
Комедия , Отбасылық , Қызық оқиғалы , Мультфильм , Спорт
Бюджет:
$200 000 000
Әлемдік премьера:
10 маусым 2017
Қазақстандағы премьера:
15 маусым 2017
Жас шектеуі:
G - Жасқа шектеу қойылмайды
Ұзақтығы:
109 минут
Суреттеме:

Көпшіліктің көзайымына айналған Найзағай Маккуиннің хикаясы жалғасын табады. Жарыс алаңында жаңадан жүйрік машиналар пайда болып, Найзағай бәсекелістікке қауқарсыз болып шығады. Бірақ ол берілмейді, Круз Рамирез есімді талантты механиктің көмегіне жүгінеді. Екеуі Маккуинді бұрынғы дәрежесіне қайта оралту үшін, жаңа белестерді бағындыру үшін іске кіріседі.

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 1
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 7.034(6671)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бүгіннен бастап кинотеатрларда "Көліктер" мультфильмінің үшінші бөлімі шығады. Өзімізге, кішкентай балаларға жақсы таныс Найзағай Маккуин арамызға қайта оралды. Болашақ Қоры бұл жолы да демеушілік жасап,  біздің сүйікті мультфильмімізді қазақ тіліне аударды. Орыс тілінде мың рет "недеп жатыр?" деген сұрақтардан құтылудың амалы баланы қазақ тіліндегі мультфильмге апару. Баланың өзіне түсінікті болғандықтан мультфильм оған өте қызықты болары анық. Кеше біз жабық көрсетілімнен шыққан кезде кішкентай балалардың "Зымыра, зымыра" деп әндетіп бара жатқанын байқадым.

    Трейлерден байқағанымыздай, Найзағай Маккуин жарыста бірінші рет жеңіліс тапты. Ол өзінің жеңіске деген сенімін жоғалтып, өзінің күшін қайта қалпына келтіру үшін жұмыс жасайды. Себебі, өмірдің заңы бойынша, қоғам мен адам жаңарады. Біздің орнымызға жастар келеді. Маккуинніңде ойында жаңа арман пайда болады.

    Сонымен, "Көліктер3 мультфильмінде қандай өзгерістер бар? "Көліктер" ең алғаш 2006 жылы шықты, байқанымыздай Маккуинді жақсы көргендер қазір үлкен болып кетті. 11 жыл аз уақыт емес екені мәлім. Әрі қазіргі көліктердіңде сырт бейнесі өзгеріп, электромобильдер заманы келе жатыр. Әрі қазіргі жарыстар бұрынғыдай емес, керемет стадиондарда өтеді, сондықтанда мультфильмнің ішінен сондай керемет стадиондарды, заманауи техниканы байқауға болады. Сол себепті, "көліктер" мульттоптамасын жасаушылар бізге жаңа кейіпкерді ұсынды. Ол жас, әрі заманауи, әдемі және ол қыз бейнесіндегі көлік. Оның есімі - Крус Рамирес. Енді гендерлік саясатты мультиктен іздемеген күннің өзінде, замандағы өзгеріс ескерусіз қалмаған. Әрі мультфильмнің соңында, Маккуиннің киімі, бренді өзгерді. Демек, көліктер әлемінде жаңа бренд пайда болды.

    "Көліктер 3" бізге үш нәрсені анық түсіндіреді: 1. Әр нәрсе өз уақытымын. Жас кезіңде сен үшін бар мүмкіндік алда, уақытыңды құр өткізбей уақытында қалағаныңды істеп қал. 2. Сенің орныңа әлі де мықты жастар келеді. Ол өмірдің заңы,ол үшін уайым жеудің қажеті жоқ. Қайта сол өмірге өзіңнің жаңа арманыңды жаса. Шындықты қабылдау керек және одан қорқудың қажеті жоқ. 3. Тыңбай еңбек ет! Барлық арманға қол жеткізу үшін еңбектен, ізден, өткеніңді ұмытпа. Үлкендердің ақылы ешқашан ешкімге артық етпейді. Осыны жадыңда ұста.

    P.S. Менің ойым үлкендердің пайымдауы болып кетсе керек, дегенмен, балалардың сүйікті мультфильмі өз орнында жақсы сақталған. Бұрынғыдай көңілді, позитивті әрі жақсылық жасауға итермелейді.