• Біздің парақшалар:
  • Уэйкфилд

    Во всем виноват енот

    Wakefield

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ
Слоган:
"What would your life be like without you ?"
Режиссер:
Робин Суикорд
Басты рөлдерде:
Джейсон О’Мара , Беверли Д’Анджело , Брайан Крэнстон , Эллери Спрейберри , Трейси Уолтер , Дженнифер Гарнер , Йен Энтони Дэйл , Пиппа Беннетт-Уорнер , Исаак Лейва , Виктория Бруно
Сценарий:
Робин Суикорд
Продюсер:
Бонни Кертис , Венди Федерман , Джули Линн
Жанр:
Драма
Әлемдік премьера:
2 қыркүйек 2016
Қазақстандағы премьера:
6 шілде 2017
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
106 минут
Суреттеме:

Говард Уэйкфилд - табысты заңгер, адал жар, екі қыздың әкесі. Бірде ол өмірін күрт өзгертеді. Жағдай былай болып еді: үйінің маңында жанаттың артынан қуамын деп жүріп иесіз гараждың шатырына тап болады. Бұл жерден өз үйі, оның қонақ бөлмесі көрініп тұр еді. Үйде дастархан жайылған, бәрі отағасын күтіп отыр. Говардтың басына - мен кенет жоғалып кетсем не болар еді деген ой келеді. Отбасы мүшелері оны сағына ма? Оның табысы болмаса үй іші өмір сүре алар ма? Ол осы шатырда қалуды шешеді.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.3(13233)
  • Кинопоиск: 6.562(13701)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Кадр сыртындағы дауыс: "Мойындашы, ең болмаса бір рет қазіргі өміріңді түбегейлі өзгертіп, бәрін талақ қылғың келді ғой?" деген кезде шынымен дәл маған айтылғандай қабылдадым. Меніңше, бәріміз де сол туралы ойланып көрдік. Қазір сүріп жатқан өмірім - шынымен менікі болмаса ше, жай үйреншікті қалып болып кеткен соң көнбістікпен бой үйретіп алсақ ше?

    Брайан Крэнстон кейіпкері өміріңді бір саралап алуға, өзіңді альтернатив ортада елестетіп көруге бір себеп болды.

    Сюжет былай: ештеңеден күдігі жоқ отағасы әдеттегіше үйіне қайтып келе жатады. Кенет үйінің маңындағы қоқыста жанат жүреді. Артынан қуам деп жүріп гараждың шатырына тап болады. Шатырда үлкен терезе бар. Терезеге жай көз тастай салып еді: О, тоба! Үйінің асбөлмесі алақандағыдай көрінеді екен. Әйелі уайымдап бұған телефон шалып жатыр, екі қызы үстел басында отыр. Отағасына кенеттен мынадай ой келеді: қызық, үйге бармай қалсам не болар екен? Оның үстіне соңғы уақытта әйелімен ұрысып қала беретіні еске түсіп кетеді. Оны уайымдатып, одан аздап өшін де алмақшы. Сөйтіп, гаражда түнеп шығады. Енді ертесіне барайын десе - көңілдесінен келді ойлап қала ма деп әйелінен қуыстанады. Себептен себеп шығып ақырында осы гараж шатырында қалып қояды. Күн сайын үй-ішін бақылайды, өткен өмірін саралайды, онсыз оның отбасы қалай өмір сүретініне куә болады.

    Фильм кейіпкердің өткенін еске түсіріп, флешбектермен, қазір үйге кіріп барсам деп оқталған кездегі болуы мүмкін түрлі варианттармен араласқан. Қызық. Әлгі отағасының орнына өзіңді де қойып көреді екенсің еріксіз.

    Отбасы құндылықтары, жарыңа деген махаббат сыналатын әдемі оқиға.