• Біздің парақшалар:
  • Маймылдар ғаламшары үшін соғыс

    Планета обезьян: Война

    War for the Planet of the Apes

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Мэтт Ривз
Басты рөлдерде:
Энди Серкис , Джуди Грир , Вуди Харрельсон , Тоби Кеббелл , Стив Зан , Карин Коновал , Сара Каннинг , Алессандро Джулиани , Алекс Паунович , Майкл Адамуэйт , Амайя Миллер , Терри Нотари , Тай Олссон
Сценарий:
Марк Бомбэк , Мэтт Ривз
Продюсер:
Питер Чернин , Дилан Кларк , Рик Джаффа , Аманда Сильвер
Жанр:
Драма , Триллер , Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Әлемдік премьера:
11 шілде 2017
Қазақстандағы премьера:
13 шілде 2017
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
140 минут
Суреттеме:

Генетикалық модификацияға ұшыраған маймылдар армиясын жаңа сынақ күтіп тұр: олар қатігез полковник бастаған адамдар әскеріне қарсы тұрады. Қатары сирегенін көрген маймылдар көсемі Цезарь бұл текетіреске түпкілікті нүкте қоймақ. Ақтық соғыс нәтижесі Жердің қожайыны кім екенін анықтайды - не маймылдар, не адамдар.

Рейтинг:

8,667

  • Дауыс бергендер: 3
  • IMDb: 8(45981)
  • Кинопоиск: 6.976(17994)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Маймылдар планетасының" үшіншісі екі сағат жиырма минутқа маймылдар әлеміне сүңгітіп, адам екендігіңе әбден ұялдыратын фильм екен. Драма да, ашу да, сұлулық та, маймылдар тобының актерлік ойыны да, адамзат тарихына сілтеулер де, моральдар күресін де сөзсіз құр мимикамен бейнелеу де жоғары деңгейде. Вуди Харельсонды жауыз етіп елестете алмағаным болмаса, шатыры иық тұрмақ белуардан қаңғып кеткен принципшіл антиподтың мотивтері адам көндірерліктей анық, алдыңғы бөліміндегі Кобаның харизмасына тати қоймағанымен, оның орнына екінші рөлдегі маймылдардың болмысын эпизодтарда ашып көрсетуі Кобаны жоқтатпады.

    Кем тұстары: кей жылаңқы тұстары сериалдарша созыңқырап жіберген, бірақ бұл соғыс жайлы фильм ғой, туыс-жақындардың өлуі мен соған қатысты қайғырулар - заңдылық. Фильм алдыңғы екеуіндегі моральды қатаң ұстанады - 

    1) Бұтақбастар барлық жерде бар.

    2) Бұтақбастардың бұтақбастығын әділетсіздік оятады. Онымен қоймай, бұған тағы екі уәж қосады: 

    3) Егер тап сондай зорлықты басыңнан кешірсең, ол бұтақбас - сен болуың мүмкін. ... және ақырғы түйіні: 

    4) Болмауың да мүмкін, егер сен маймылдардың алғашқы пайғамбары болсаң, қасыңда Моррис деген жан аяр кеңесшің болса, ал өз есімің Цезарь болса. 

    Осылайша, фильмнің эстетикасы да, айтар пәтуасы да қышыған жерден дәл келіп, трилогияны лайықты мақамда түйген сияқты. Бірақ, күтпеген жерден пайда болатын жаңа кейіпкерлер "жалғасы болса екен" деген үмітке де орын қалдырып тұр. 

    PS. "Кәкәй маймылға" сүйсінбеу мүмкін емес. 

    #warfortheplanetoftheapes #warfortheplanet