• Біздің парақшалар:
  • Адмирал: Ямамото Исороку

    Атака на Пёрл-Харбор

    Rengô kantai shirei chôkan: Yamamoto Isoroku

Жыл:
2011
Ел:
Жапония
Режиссер:
Идзуру Нарусима
Басты рөлдерде:
Кодзи Якусё , Хироши Абе , Мицугоро Бандо , Акира Эмото , Ёсихико Хакамада , Миэко Харада , Масато Ибу , Сюндзи Игараси , Теруюки Кагава
Жанр:
Драма , Әскери , Өмірбаян
Қазақстандағы табысы:
〒5 238 020
Әлемдік премьера:
23 желтоқсан 2011
Қазақстандағы премьера:
14 наурыз 2013
Жас шектеуі:
-
Ұзақтығы:
140 минут
Суреттеме:

1930 жылдар соңында Жапонияда экономикалық дағдарыс, жаппай жұмыссыздық пен кедейлік, саяси тұрақсыздық орнайды. Мемлекет соғысуға мәжбүр болады. Император флотын басқаратын адмирал Ямамото АҚШ-қа соғыс ашуды қолдамағандардың бірі болды. Бұған дейін Маньчжурияға да, Қытайға да басып кіру идеясына қарсы еді. Оның ұстанымы ұлтшылдардың ашуын туғызады. Олар Ямамотоны жек көрді, оған сес көрсетумен болды. Дегенмен адмирал флотта аса танымал еді, императордың қошеметіне ие болды. Оның ұстанымдары мен уәждеріне қарамастан, Америкаға шабуыл жасау туралы шешім бәрібір қабылданады. Сонда ол Перл-Харборды шабуылдау жоспарын жасап шықты. Осының арқасында Америка флоты үлкен шығынға ұшырады.

Рейтинг:

6,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.8(874)
  • Кинопоиск: 6.603(973)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Жаман фильм жақсы сюжетті қор етеді

    Тарихи фильмдер, әсіресе Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысты туындылар жеке өзімді қатты қызықтырады. Майкл Бэйдің "Перл-Харборын" әлденеше рет көрген адам ретінде мені Жапонияның көзқарасымен түсірілген "Адмирал: Ямамото Исороку" ынтық қылып қойды. Құлашын кеңсе сермеген шайқастарды көрмесем де, тағдыры күрделі, өзінің жеке  көзқарасына қайшы шешімдерді қабылдауға мәжбүр болған күншығыс елінің тұлғасы салмақты, кейіпкердің мінезін ашып көрсете алатын нағыз байопикке негіз бола алады деп ойлағанмын.

    Алайда, фильмді көріп отырғанда да, көріп болған соң да әлдебір сезімнен арыла алмадым: "Адмирал: Ямамото Исороку" туындысын "Жапонфильм" АҚ Мәдениет министрлігінің тапсырмасымен тендерден ұтып алып түсірген сияқты болды да тұрды.

    Тым асқақ сөздер, Ямамото бейнесін кіршіксіз, пәк бейне ретінде беру, жас ұшқыштардың әсірепатриоттығында жасандылықтың көзге анық ұрып тұруы фильмге деген сүйсіну емес, сезіктену туғызды.

    Жалпы алғанда жақсы-ақ секілді, бірақ фильм авторлары сюжетті тым сылап-сипап, жадағай етіп жіберген. Екі жарым сағатқа жетеғабыл уақытта мен Ямамотоның соғысқа қарсы бола тұра Перл-Харборды шабуылдау туралы операцияны қолға алғанда басынан өткерген сезімдерін, оған қарсы ұлтшылдардың жүргізген тірліктерін, адмирал мен қарапайым солдат арасындағы қарым-қатынастың кәсіби деңгейде берілгенін көре алмадым. Оның есесіне құрақ көрпе сияқты бас-аяғы жоқ сахналар жетерлік болды.

    Ямамотоны сомдаған Кодзи Якусеге еш айып таға алмаспын, себебі актер өзіне берілген миссияны алып шыққан деуге болады. Алайда осындай адамды сомда деп нұсқау берген режиссер және Ко көрермен ретінде көңілімді қалдырды.

    Техникалық тұрғыдан түрпідей тигені монтаждаушының еңбегі: жеке өзім, мәселен, жиналыста отырғандарды жалпы планмен көрсететін кадр қосылған соң барып 1-2 секундтан кейін осыны күтіп тұрғандай кейіпкерлердің сөзге көшуін қабылдай алмадым.

    Жапония адмиралын ардақ тұтады екен. Бәлкім мұндай фильм күншығыс елінің көрермендеріне қажет-ақ шығар. Алайда, "- Менен кейін флотты сен басқарасың. - Жоқ, Адмирал! Флотты басқаруға тек сіз ғана лайықсыз" деген сарындағы диалогтарды игеру мен секілді қазақстандық көрерменге ауыр тиді.

    Сөз жоқ, фильмнің жеткізер мессиджі балалар мен жас жеткіншектер аудиториясына әбден лайық. Бірақ, кейбір қатаң көріністер мұндай рейтинг беруге келмейді. Ал, ересектер үшін туындының іш пыстыруы әбден мүмкін.

    "Адмирал: Ямамото Исороку" іске алғысыз емес. Бірақ, экраннан жапон тарихындағы ең атақты тұлғалардың бірі туралы төрт аяғын тең басқан, нағыз фильм көре аласыз деп айта алмаймын.

  • Бізге кино басталар алдында былай ескертті: "махаббат пен қызылды-жасыл әлемді көрем деп күтпеңіздер, себебі бұл тарихи кино". Рас, тарихи кино және жапон стилі мен адами қасиеттерінің айқын көрсеткіші.

    Киноның басты мазмұны екінші дүние жүзілік соғысы кезінде Жапонияның үштік одаққа қалай кіргені мен одан шеккен азабы туралы. Біз тарихты оқыған кезде Жапонияның тек үштік одаққа кіргененін және мұнайлы аудандарды жаулап алу мақсатында соғыс ашып Америкадан жеңілгенін ғана білеміз. Осы кинода, әр елдің тарихи бір кезеңге қалай келгенін, асқақтап дамимыз деп быт- шыттары шығып жеңілгендігінің куәсі боламыз. Былайша айтқанда адам өмірінің маңыздылығынан экономикалық дағдарыстың маңыздылығын көре аламыз.

    Үштік одаққа кіру мен бірге соғысқа қатысудың жапонияға жақсылық әкелмейтінін білген жапон теңіз басқармасы мен оның басында тұрған адмирал Ямамото барынша қарсыласады. Жапон империясы мен халқы тығырыққа тірелген экономиканың шығар жолы тек басқа елдерге ашар соғыстан шығуды меңзейді. Соғыс кезінде қаза болатын әскерлер мен өздерінің шамасын есептей алмайды.

    Негізгі кино Перл-Харборға шабуылдан гөрі адмирал Ямамотоның соғыс кезіндегі өзіндік көрегенідігі мен оның шебер басшылығы жайында. Бірақ халық біраз соғысты басынан өткерген самурай ұрпағына емес өз елдерінің экономикасын ғана ойлаған империяға сенеді. Ямамото тірі болғанға шейін 10% әскер қаза болса, қалған 90%- ы ол кісінің жоқ кезінде қаза болады. Басты рөлді сомдаған Кодзи Якусе маған "Мемуары Гейшы" киносы арқылы өте таныс. Осыншама ерлік жасаған Ямамото Исорокудың тұлғасын керемет сомдай білген.

    Киноны көру кеңес беремін, киноны көріп отырып соғысқа қалай дайындалып, БАҚ өкілдерінің халықтан шындықты қалай жасырып қате бағытқа итермелеудің, самурайлық сабырлықтың куәсі боласыз. Егер сіз осы уақытқа шейін "Мемуары Гейши" мен "Соңғы Самурай" фильмдерін ұнатқан болсаңыз, онда сізге бұл фильм ұнайды. Тарихқа ұңіліп, қателік жасап құрудың аз ақ алдында қалған Жапонияның жеңілісіне куә боласыз...