• Біздің парақшалар:
  • Ninety one

    91

Жыл:
2017
Ел:
Қазақстан
Слоган:
"Бұл тек қана басы!"
Режиссер:
Асқар Ұзабаев
Басты рөлдерде:
Ерболат Беделхан , A.Z. , ALEM , ACE , ZaQ , BALA
Продюсер:
Ерболат Беделхан , Асқар Ұзабаев , Әсел Сәдуақасова
Жанр:
Өмірбаян , Музыкалық
Бюджет:
$100 000
Қазақстандағы табысы:
₸42 311 500
Қазақстандағы премьера:
24 тамыз 2017
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
94 минут
Суреттеме:

Фильм атақты қазақстандық топ - "NINETY ONE"-ның пайда болу тарихына үңіледі. Топ мүшелеріне қысым көрсетіледі, қызғанушылар және топқа қарсы шығушылар тарапынан қоқан-лоққы жасалады. Олар мойымауға, шығармашылық жолындағы күрес үшін ақырына дейін шыдауға бел байлайды.

Рейтинг:

6,4

  • Дауыс бергендер: 5
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 0(62)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Күткенді, ойлағанды бере алмады. Ninety One фильмінен жігіттердің шынайы ойынын ғана көруге болады. Ерболат Беделханның кинодағы дебюті екенін ескерсек, бәріне көз жұма қарауға болар еді. Бірақ... бірақ, Асқар Ұзабаев фильмдегі қателіктерді, сюжеттер мен оқиға желілерін қалай байқамай қалды. Тіпті кешірімсіз.

    Фильмде топтағы жігіттердің барынша шынайы ойнағандары, өз-өздерін сомдауларын жақсы түсінгендерін көруге болады. Жалпы, кино ретінде барлық қиындықтарды, жамандықтарды жеңіп, түн артынан күн шығатынын білуге, мотивация алуға болады. Соған УРА деймін.

    Ал мен не күттім:

    - Топтағы жігіттер қалай танысып, табысты;

    - Ninety one жігіттерін Ерболат қалай тапты? Немесе жігіттер Ерболатты қалай тапты?

    - Топ қалай құрылды?

    - Топтағы барлық жігіттердің ата-аналарының реакциясы қалай болды?

    - Жақындарының, ұстаздарының, достарының көзқарасы қалай болды?

    - Күрестегі жолдың негізгі бағыттары.

    Осыларды көргім келген. Көре алмадым. Топтың Ерболатқа тапсырма өткізіп жүргенін бастап, бірден құрылып кетіп, иглздар, хейтерлер темасы бірден басталып кетті. Сәл бірдеңе жетіспей қалды осы тұста.

    Монтаж. Оһ, видео инженердің қолын кесу керек, жо-жоқ, шабу керек! Монтаж өте нашар. Тойский. 24 тамыздағы премьераға үлгеру үшін асығыс жасағаны көрініп тұр.

    Ал жігіттердің жалпы күресі ұнады. Қуандым.

    Ninety One жігіттерінің рөлдеріне - 5

    Продюсер Ерболат Беделханға - 2 (алғашқы қадамы екенін ескеріп)

    Режиссер Асқар Ұзабаевқа - 1 (оның бұл еңбегін нәщәр деп бағалар ем)

    Жалпы 8/10 деген баға қойдым.

    Сонда да бұл фильмге жұмсалған $100 мың ақталарына сенем. Сұранысқа ие фильм болатын шығар)))

  • Өздерінің айтуы бойынша, сюжеттің 90 пайызы рас. Тіпті елу пайызы рас болғанның өзінде қазақстандық топтың және продюсерінің басынан кешкен қиындықтары үшін, соған төзгені үшін орныңнан тұрып қол соғуға болады. Өйткені Қазақстанда ешбір топ, ешбір әнші олардың көргенін көрген жоқ. Олар ұрынған қарсылыққа ұрынған жоқ, олардың ситуациясына түсіп көрген жоқ.

    Асқар Ұзабаев режиссерлік еткен көркем фильм солардың басынан кешкен оқиғаларын бәрін болмаса да, шет-жағасын жеткізгендей болады. Танымал тұлғалардың өміріне арналған голливудтық кинотуындыларды көріп жүрміз ғой. Мен де сондай стилде кино күтіп едім. Бірақ "91" ондай емес. Аздап атүсті, үстімен шолып өткендей болады. Мысалы осы музыкалық топ туралы білмейтіндер оқиғаға қанықпай қалуы әбден мүмкін.

    Екінші жағынан персонаждардың ашылуы да бәсеңдеу болды ма деймін. Рэперлер AZ мен ZAQ-қа көбірек көңіл бөлінгендей болды, қалғандары тасада қалған сияқты. Сосын ауыз су өндіретін бір отандық брендтің жарнамасы көп, әрине, коммерциялық кинода продакт-плейсментті ешкім алып тастаған жоқ, сонда да орынды-орынсыз көрсете бермесе де болар еді.

    Ал жалпы алғанда, қойылуы ұнады. Шарықтау шегін дәл басында көрсетіп алып, сосын сол шекке қалай жеткенін асықпай баяндау сәтті режиссерлік шешім деп ойлаймын. Алғашқа синглдың пайда болу тарихы да жақсы берілген. Топ мүшелерінің күйзелістері, ерекше бірдеңе жасауға талпыныстары түсінікті жеткізілген.

    Фильм де сол топ сияқты бірегей жоба деп білемін. Өйткені музыкалық топ туралы елімізде кино түсіріліп көрген емес. 91 тобының фанаты болмасаң да, жаңа кино өнімі ретінде қарауға әбден лайық. Жай байопик кино болып қоймай, қоғамымыздағы қараңғылық, кертартпалық белгілері көрсетіледі, солардың проблемасы көтеріледі.

    Өз жанрының алғашқы қарлығашы екенін ескеріп 7/10 деген бағаға лайық деп ойлаймын.