• Біздің парақшалар:
  • Әлдекім

    Оно

    It

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ
Слоган:
"You'll float too"
Режиссер:
Андрес Мускетти
Басты рөлдерде:
Николас Хэмилтон , Оуэн Тиг , Билл Скарсгард , Джейден Либерер , Джереми Рэй Тейлор , Софиа Лиллис , Финн Вулфард , Чоузен Джейкобс , Джек Дилан Грейзер , Джексон Роберт Скотт
Сценарий:
Гари Доберман , Кэри Фукунага , Чейз Палмер
Продюсер:
Дэн Лин , Рой Ли , Сет Грэм-Смит
Жанр:
Драма , Үрейлі
Бюджет:
$35 000 000
Әлемдік табысы:
$698 060 882
Қазақстандағы табысы:
₸171 221 000
Әлемдік премьера:
29 тамыз 2017
Қазақстандағы премьера:
7 қыркүйек 2017
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
135 минут
Суреттеме:

Фильмнің оқиғасы Дерри қаласында болады. Бұл елді мекенде балалардың жоғалуы көбейіп кетеді. Бірнеше оқушы бірігіп, осы қылмысқа қатысы бар "Әлдекім" атанып кеткен құбыжықты табуды көздейді.

Рейтинг:

6,667

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.4(360242)
  • Кинопоиск: 7.335(127319)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Хоррор дегеннен гөрі драма деген дұрыс па деймін.

    Иә, фильм үрейлі. Бірақ біз үйреніп қалған классикалық "страшилка" емес. Басты кейіпкерлердің өміріне қатысты лирикалық шегіністер бар және бұл тәсіл өте сәтті қолданылған.

    Айтқанымдай, фильмде адамдардың бала кезіндегі үрейі, оны жеңе алуы немесе жеңе алмауы басты тақырып ретінде алынады.

    Кейіпкерлердің арасында ересектер аз. Бұл да балалар мәселелеріне екпінді көбірек қою үшін жасалған ба деймін.

    Әр кейіпкердің тарихына уақыт бөлінген, әр баланың неден қорқатыны және қандай проблемасы бар екені көрсетіледі. Осы жері ұнады. Фильмнің бел ортасына келгенде басты персонаждардың бәрін танып-біліп аласың. Бұл режиссермен бір толқында болып, фильмнің өрбуіне оңай ілесіп отыруға жақсы.

    Кинотуындының драма бөлігі осындай. Ал хоррор бөлігін осы айтылғандардың бәріне фон ретінде, тақырыптың ашылуына қозғаушы күш ретінде қарастыруға болады.

    Иә, қорқынышты жерлері көп. Үрейлі аттракцион көруге барғандар өз іздегенін таба алады деп ойлаймын. Клоун шынымен қорқынышты (актер Билл Скарсгардқа рахмет).

    Бір жақпаған тұсы бар: бала кейіпкерлер қорқынышты оқиғалар мен әлгі құбыжыққа тез үйренеді. Осы жері аздап шынайылықтан тым алыстап кеткендей болды. Құбыжық-клоунның шабуылына ұшыраған адам ертеңіне дым болмағандай ойнап-күліп жүрмес болар. Бұл жерде не сценарий деңгейінде, не монтаж кезінде қателіктер болды деп ойлаймын.

    Айтпақшы, юмор да бар және ондай тұстары да өзінше қызық. Күлкілі жерлері сюжеттің өз жолынан ауытқуына себеп бола алмайды. Балаға тән, жеңіл әзіл.

    Стивен Кингтің шығармасымен таныс емес адам басты антагонистке қатысты бір ғана сұрақ қоюы мүмкін (мысалы мен) - Неге клоун? Неге басқа персонаж емес?

    Жылдың басты үрейлі фильмі деуден аулақпын, өйткені драмасы басым болды деп есептеймін. Бірақ картина ерекше, тартымды және маңызды.

    7/10

  • Қорқынышты кинолар туралы ой жазатын мен емес. Себебі, мен мүлдем қорқынышты кино қарамаймын. Себебі сол- мен қатты қорқақпын :). Бірақ, осы жолы "ой, клоундар ғой, солардан қорқуға бола ма?" деген оймен бардым. Қателескен сияқтымын. Кино қорқынышты, дыбыстық эффектілер адамның кәдімгідей есін алады.

    Кинода бала күнгі қорқыныштар туралы айталады. Мысалы, мен бала күнімде домовойдан қатты қорқатын ем. Себебі, біз тұрған үй тым үлкен еді. Ағам екеуміз жалғыз қалған кезде мені ылғи қорқытатын. Осы қорқыныштың кесірінен әлі күнге қорқынышты кино көре алмаймын, үйде жалғыз қалудан да қорқам. Себебі, мен өз қорқынышымды әлі күнге жеңбегенімді көрсетеді.

    Кішкене сыныптарда оқитын алты жігіт пен Бетти өз қалаларында бір сұмдықтың болып жатқанын түсінеді. Себебі кішкентай балалардың жоғалуы бұл қалада міндетті нәрсе сияқты боп кеткен. Сондықтан олардың жоғалуына үлкендер тарапынан көп назар аударылмайды. Кішкене батырлар өз қорқыныштарын жеңіп, істің соңына жетуге тырысады.

    Ал сіз неден қорқасыз?