• Біздің парақшалар:
  • Мұра махаббат

    Любовь по Наследству

Жыл:
2017
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Нияз Әбдіғапар
Басты рөлдерде:
Эдуард Табишев , Мұрат Бисембин , Нұрлан Батыров , Альбина Оганесян , Мөлдір Мекенбаева
Жанр:
Комедия , Мелодрама
Қазақстандағы премьера:
28 қыркүйек 2017
Жас шектеуі:
Е16 - Он алты жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
90 минут
Суреттеме:

Оқиға Астанада тұратын ағайындылар Арсен мен Арман туралы. Екеуінің де жасы отыздан асқан, алайда әлі күнге дейін үйленбеген. Бір күні әкесі ұлдарын шақырып алып, жаман хабарды жеткізеді: екі ұлдың анасы ауыр дертке шалдығыпты. Ата-ана балаларына бір шарт қояды: бұрыннан таныс отбасыдан қыз алып, соларға үйлену керек. Сонда ғана шаңырақтың дүние-мүлкі оларға мұраға беріледі. Мұрасыз қалудан қорыққан ағайындылар ата-ананың шартын орындауға кіріседі.

Рейтинг:

5

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бұл кино жайлы қалай айтуға болатынын әлі ойланып отырмын. Киноны керемет деп айтсам өзіме жасалған қастандық болар, нашар десем Қазақстандық киноның дамуына қарсылығым болып қалар. Сонымен ойым шашырап отыр.

    Бала күнінен жауласып өскен екі ұлдың арасындағы салқындықты жеңу үшін жігіттердің анасы бір қулық ойлап табады. Ол балаларын өздерінің ескі достарының қыздарына үйлендіру. Ана аманатын орындау жолындағы екі жігіттің махаббат хикаясы.

    Сонымен не ұнамады:

    1. Сценарий. Өте жұтаң. Шыны керек қазір не болып не істейтінін білетіндей күй кештім. Сонан соң аяқ асты жиналып түсіре салған дүние сияқты әсер алдым. Киноның айтар ойы түсінікті болғанымен, кино тартпайды.

    2. Актерлар және олардың ойыны. Қазақстандық актерлерге көңілім толмайды, бұл сөзімнің театрдан шыққан актерларға қатысы жоқ әрине. Эмоция жоқ. Эдуард Табишевтың ойыны көңілімнен шықпады, оның жауыз екеніне сенбедім, содан соң күлкісінің жасандылығы ұнамады. Мұрат Бисембиннің ойнауы ұнайды, фигурасына сынам, бірақ, бұл рөл ол кісінің рөлі емес. Бұл рөль үшін бірінішіден жасы тым үлкен, екіншіден, Рэкетирдің бейнесінде қабылдап қалғасын, мына рөлдегі сүр бойдақтың рөлі аздап жараспады. Азиза Рыскельдиева, әдемі, қатал қыздың рөлін алған. Сырт бейне күшті келіп тұр, бірақ актриса дым эмоция бере алмады. Қатып қалған ағаш сияқты әсер бар, сонан соң қыздардың әкесін ататын кезде киллер сияқты емес бірінші рет қолына қару ұстап тұрғандай демалуы ұнамады. Негізгі идея бойынша ол киллер ғой, ол неге қорқуы, сасқалақтауы керек? Нұрлан Батыров ұнайды. Оның актерлығын мен эмоциясын қалай бере алатынын білгендіктен одан күшті дүние күткем, бірақ ол да эмоциясын көрсете алмады.

    3. Түсірілім сапасыз. Кешірім өтінем, бірақ солай. кейбір жерлерін көріп отырып камераның қозалысынан басың айналып кетеді. Видеода қанық түстер жоқ сияқты әсер алдым. Нияз Әбдіғапардың алғашқы режиссерлығы екенін білгесін ғана үнсіз отырдым.

    Не ұнады:

    1. Каринаның рөлін сомдаған қыз ұнады. Ашық, еркін. Бірақ рөлі ашылмай қалған. Сонан соң Арман басқа қызды таңдап кеткен кезде ол қыздың неге ары қарай не жасағанын бермеген. Ондай эмоциядағы қыздар үнсіз кетпейтіні белгілі ғой, осы жағын түсіргенде қызық болар ма еді?

    2. Альбина Оганесян мен Мөлдір Мекенбаеваның әдеміліктері ұнады. Қылықтары баршылық, алғашқы рөлдері болса да өздеріне берілген рөлді алып шыға алған сияқты.

    P.S. киноны кинотеатрға барып көріңіз дей алмаймын. Мұндай фильмдердің түскеніне 2007-2010 жылдары қуанатынбыз, ал қазір біз жақсы дүние түсіруге болатынын білеміз, көргенбіз.