• Біздің парақшалар:
  • Абзал жан (мини-сериал)

Жыл:
2017
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Серікбол Өтепбергенов
Басты рөлдерде:
Күнсұлу Шаяхметова , Азат Сейтметов , Шынар Жанысбекова , Ұлбосын Шалқарова , Ербол Садырбаев , Қажымұқан Қалымбетов , Нышанбек Жұбанаев , Ақмарал Дайрабаева , Абылайхан Жарбеков
Сценарий:
Ирина Чернова , Оксана Безрутченко , Ярослава Сегал , Елена Зерняк
Продюсер:
Николай Пак , Мадина Дүйсембаева
Жанр:
Драма
Қазақстандағы премьера:
26 қыркүйек 2017
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
40 минут
Суреттеме:

Адамзат тағдырының тоғысуы әркімге түрлі ой салары анық. Бірі өмірдің мәнін өздігінше сараласа, бірі өзінің өмірдегі мәнін ойлайды. Кез келгеніміз ғұмыр жолында бақытсыздыққа ұшырасақ, сәтсіздігіміздің себебін жақындарымыздан, дұшпандарымыздан, өзімізден іздейміз және әрқайсысы ерте ме, әлде кеш пе шешімін табады немесе онысымен әрі қарай өмір сүрудің мүмкіндігін қарастырады.

 

Телехикаяның басты кейіпкері жанына батқан ауыртпашылықтан арылудың жолын жұмыстан тапты. Оның қызметі – өмір бойғы күнәнің өтелуі.

 

Жас әрі келешегі кемел дәрігер Абзал Смағулов Астанадан туған жеріне оралады. Елордада ол кандидаттық диссертациясын қорғап, қызмет бабында жетістікке де жетіп үлгерген. Бірақ жеке өмірінде жолы болмай, туып өскен қаласына қайтуды жөн көреді.

 

Ақ халатты Абзал нәрестенің дүниеге келуіне қатысуды босану бөлімі дәрігерінің қайырымды, ғажап миссиясы деп ойлайтын. Дегенмен жеке өмірінің оң арнаға бұрылмауы Абзалдың көзқарасын түбегейлі өзгертті. Енді ол өзін тек қана дәрігер-көмекші емес, әрбір дүние есігін ашқан жанның өміріне жауапкершілікті сезінді. Оның ойынша, сәбидің өмірге келуі түнекке жарық сыйлаумен бірдей мән береді.

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)