• Біздің парақшалар:
  • Жүзбен жүгіруші 2049

    Бегущий по лезвию 2049

    Blade Runner 2049

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ , Канада , Ұлыбритания
Режиссер:
Дени Вильнёв
Басты рөлдерде:
Райан Гослинг , Харрисон Форд , Сильвия Хукс , Вуд Харрис , Дэйв Батиста , Робин Райт , Джаред Лето , Томас Лемаркус , Маккензи Дэвис , Хиам Аббасс , Давид Дастмалчян , Ана де Армас , Марк Арнольд , Карла Юри , Ленни Джеймс
Сценарий:
Филип К. Дик , Майкл Грин , Хэмптон Фанчер
Продюсер:
Бродерик Джонсон , Эндрю А. Косов
Жанр:
Триллер , Фантастика
Бюджет:
$150 000 000
Әлемдік табысы:
$256 755 030
Қазақстандағы табысы:
₸103 118 142
Әлемдік премьера:
4 қазан 2017
Қазақстандағы премьера:
5 қазан 2017
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
164 минут
Суреттеме:

Болашақтың әлемінде адамдар мен ауыр жұмыстар үшін жасалған репликанттар қатар өмір сүреді. Полиция офицері Кейдің жұмысы - ушығып келе жатқан шиеленіс жағдайында репликанттарды бақылауда ұстау. Бірде ол бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін құпия ақпаратты біледі. Құпияның сырын ашамын деп жүріп отыз жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен офицер Рик Декардты табады.

Рейтинг:

8,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 8.1(316934)
  • Кинопоиск: 7.631(103925)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бұл фильмге де қол жеткіздім. Прокат кезінде түрлі пікірлер айтылды. Мені қорқытқаны - бірінші бөлімнен ажырап кету ықтималдығы еді. Бекер нетіппін. Бәрі өз орнында. Дени Вильнев әр жұмысы сайын таңғалдыра түсуде. Былтыр "Прибытие" фильмінен аздап шок алып едім.

    Режиссер әр деталға, әр диалогқа, әр қимылға мән береді. Оның "Блэйд Раннер 2019"-ға құрметін айтпай-ақ сезесің. Әр оқиғаның өз визуалы, өз түсі бар. Музыкасы бірінші бөліммен өте ұқсас немесе бірдей. Жаңа актерлер қатысса да персонаждардың характерлері, фильм атмосферасы өзгермеген. Сондықтан да арада отыз жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан бірінші мен екінші бөлімнің тұтастығы сезіледі.

    Бұл өз алдына бөлек туынды, дей тұрғанмен 1982 жылы шыққан біріншімен тығыз байланысты. Әдетте культқа айналған киноны жалғастырғанда үлкен сұрақ туындайды: Жалпы жалғастыру қажет пе? Жалғастырғанның өзінде көңілден шыға ма? Көпшілігі ақшаның соңына түсем деп әп-әсем аяқталған оқиғаның қажетсіз жалғасын жасау арқылы бәрін бүлдіріп алады. Сөйтіп отырып сиквелдің ғана емес, түпнұсқаның да сәнін бұзады. Бұл жолы сеніммен айтуға болады: жалғасын түсіруге қажеттілік болмаса да, жаңа фильм түпнұсқаны әрлендіре түсті, оның культтық мәнін арттыра түсті.

    Алғашқы серияның басты кейіпкері Рик Декардты (Харрисон Форд) бел ортасынан асқан соң көрсетіп, біртіндеп оны алдыңғы планға шығару тәсілі ұнады. Бастапқыда оны басты кейіпкер Кейге (Райан Гослинг) көмекші персонаж ретінде болады деп қателесіппін.

    Актерлер, сюжет, динамика, музыка, операторлық жұмыс - бәрі өз орнында. 2 сағаттық хронометражы мүлдем сезілмейді. Керісінше көрерменнің фильм қарқынына бой үйретіп, ілесуіне жақсы әсерін береді деп ойлаймын.

    Жылдың ең стилді, атмосфералы, ерекше туындыларының бірі.

    8/10